Сәрсенбі, 18 Маусым 2025
Жаңалықтар 737 0 пікір 18 Маусым, 2025 сағат 14:18

Қорғаныс министрлігінің әрекеттері заңды ма?

Сурет: Азаттық радиосы.

Саясат Нұрбек қорғаныс министрлігінің студенттерге қатысты әрекетін заңды деп санайды.

Ғылым және жоғары білім министрінің сөзінше, оқуға қарағанда әскерге ертерек шақырады, сондықтан университетке түскен талапкерлерді әскерге алып кетіп жатыр, - деп жазады Азаттық радиосы.

“Назарбаев университетінің бір студентін әскери комиссариат әскерге алып кеткен. Негізі бұл жерде заң сақталған. Бірақ бізде жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен қорғаныс министрлігінің әскери шақыру мерзімі сәйкес келмейді. Назарбаев университетінде [оқуға қабылданғаны жөнінде] шешімді шілде-тамыз айларында жариялайды. Оған дейін [қорғаныс министрлігінің] студент статусына іленбегендерді алып кетуге құқылы” деді Саясат Нұрбек.

Ол қорғаныс министрлігіне мерзімді сәйкестендіру жөнінде ұсыныс бергенін айтты. Бұған дейін елде Назарбаев университетіне түсуге оқталған бір талапкерді әскерге алып кеткен еді.

Ол дайындық курсынан өтіп, жарнасын төлеп, оқу орнынан ресми түрде шақыру алған. Бірақ оны туыстарының сөзінше, ешқандай шақырусыз, ескертусіз әскерге алып кеткен.

Abai.kz

0 пікір