Қазақтың санын кеміту қазақты кемсіту деген сөз
Халық санағының қортынды нәтижесінде 70 пайызға жетіп қалармыз деген үкілі үмітіміз үзілуге шақ тұр. Оны айтасыз, әуелі қазақтар 67 пайызға жетті деген алғашқы есепке алақайлап алқынғанымыздың өзі артық болғанға ұқсайды. Әйткенменде санақ туралы соңғы сөз әлі айтылған жоқ. Соның өзінде 67 пайызды шөмейтіп 65 пайызға түсіріп жазу немесе көрсету «дәстүрге» ене бастаған сияқты. Бұл цифр қайдан шықты?
Қыркүйек айының басында Парламенттің кезекті сессиясын ашып, депуттардың алдында сөз сөйлеген Президент Назарбаев елдегі демографиялық өсімге ерекше тоқталды.
«Кейінгі он жылдың ішінде деді, Елбасы халық саны 14 миллион 900 мыңнан 16 миллион 300 мыңға көбейді. Біз мұндай көрсеткішке табиғи өсімнің артып, адам өлімінің азаюынан болып қол жеткіздік. Сыртқа қоныс аударып бастағандардың көші тоқтап, көшіп келгендердің қарасы көбейіп жатыр. Осы он жылдың ауқымында Ата жұртына ТМД елдерінен, Қытайдан, Моңғолиядан, Түркия мен Ираннан ресми мәлімет бойынша 650 мың адам оралды. 99 жылға дейін көшіп келгендерді қоссақ олардың саны миллионнан асып түседі. Қазақтар 53 пайыздан 65 пайызға жетті».

Міне, әлгі 65 пайыз туралы әңгіме осыдан кейін-ақ қаулап ала жөнелді. Қазақтардың қара ормандай ел болуын қаламайтын қу ауыздар 65 пайыздың өзіне күмән келтіруді шығарды. Басқасы басқа қазақтың өсіміне өжеңдеп қарсы пікір білдіргеннің бірі журналистер «бэби бумның атасы» деп әспеттеп жүрген Мақаш Тәтімов болды. Одан кейін «қазақтар мұндай өсімге қалай жетті?» деп Ғани Қасымов шықты шатынап. Бұл екеуінің алдында бүгінгі Ресейге текке керегі жоқ орыстың баяғы шовинистік үстемдігін аңсап шаптығатын баспасөздерде халық санағына қатысты қасақана жазылған мақалалар жарық көріп, қолдан қоғамдық пікірлер жасалып жатты. Олардың көктен тілегені жерден табылып, статистика агенттігінде халық санағын жүргізуге бөлінген 1 млрд 144 млн теңгенің жартысы жытырылып, мақсатсыз жұмсалғаны туралы шу көтерілді. Мұндай келеңсіздікті ақтаудың қажеті жоқ. Алайда БҰҰ қорының (ЮНФПА) мамандары қаржы мәселесінің халық санағына салқыны тимегенін, санақтың жоғары кәсіби деңгейде өткенін дәлелдеп бақты. Мамандар санақты қайта өткізудің қажетсіздігін де қадап айтты. Тек санақ науқанына қатысып, көсемдік таныта алмағанына ренжіп, сақалын бұлдаған Тәтімов пен өзінің бар жоғын барқыраған даусымен білдіріп отыратын Ғани Қасымов қана мамандардың пікірімен келісе алмады. Әйткенменде әлгі екеудің де уәжіне құлақ тосқан жөн. Өйткені Тәтімов пен Қасымов санақшылардың халықты тұтас қамтып санай алмағанын айтып көпірді. Солайы солай екен, ендеше қазақтың саны 67 пайыздан да артық болғаны ғой?.. Оның үстіне кәнігі маман демограф Тәтімов қазақтардың резистивтік (қиындыққа төзе алатын, қарсылық танытатын) қасиетінің арқасында өткен он жылдықтардағы санақтардың барысында күтпеген өсімге қол жеткізіп келе жатқанын жақсы білсе керек-ті. Оған және миллионнан асып түскен оралманды қосыңыз. Осынша зор әулет туған отанына оралған соң табиғи өсімге үлес қоспай қаңтарылып қалды дегенге сену қиын. Бұл арада Қазақстаннан көшіп отанына қайтқан жұрттың саны мен олардың арасында бала туудың күрт кеміп кеткеніне дәлел іздеп әуре болмай-ақ қоялық. Себебі ол көпке былайда белгілі, көзге де анық.
Хош, сонымен екі пайыз қайда кетті? Елбасының Парламент депутаттарының алдында айтқан 65 пайызын нақты нәтиже деп қабылдау керек пе? Біздіңше керек емес. Неге десеңіз, санақтың ресми қортындысы әлі жария етілген жоқ. Елбасы қазақтардың саны туралы 65 пайыз деп шамамен айтты. Қортынды жария етілмей тұрып болжамға сүйенуге болатын шығар, бірақ, халықтың санынын саясатқа араластырудың қажеті жоқ. Мақаш мандырады екен деп, қақсал Қасым қасынып бірдеңе айтты екен деп, қазақтың қарасы молайғанын көре алмайтын жұрт жінігеді екен деп, қазақтың санын кеміту қазақты кемсіту деген сөз. Қазақтың қарасы көбейгеніннен ешкімге зиян келмейді. Әгәрәки, зиян көріп, запыран құсып отырғандар болса, олармен отандасу да еш мүмкін емес.
Санақ қандай сайлаудан болсын мазмұны күрделі әлеуметтік фактор. Халық санына орай мемлекетте әлеуетті істер қолға алынады. Ішкі мүмкіндіктер есептеліп, ұлттың өсіп өнуіне қатысты бағдарламалар қабылданады. Қазақтың санын кемітіп көрсету арқылы біз әлде осындай игілікті істерден бас тартуымыз керек пе? Ал бұл кімге керек?
«Абай-ақпарат»