Жұма, 4 Шілде 2025
Қылмыс 541 0 пікір 2 Шілде, 2025 сағат 13:24

Алаяқтық жасаған қазақстандық Грузияда ұсталды

Сурет: pexels.com сайтынан алынды.

ҚР Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражатты алған соң автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.

«ІІМ „Заң мен Тәртіп“ идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда», — делінген ІІМ хабарламасында.
Айта кетейік, жасы елуден асқан адамдар интернет алаяқтарына жиі алданады.

Abai.kz

0 пікір