Бейсенбі, 10 Шілде 2025
Анық-қанығы 156 0 пікір 10 Шілде, 2025 сағат 12:18

Университеттен Назарбаев атауы алынып тасталатын болды

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді.

Ондағы «елбасы» сөзі түсіп қалып, ЖОО атауы жай ғана ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.

Түзетуге ұшырайтын құжаттың атауы - «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысы.

Қаулыға Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң аясында түзету енгізу қажеттігі туындаған.

Жобамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - деп жазылған ереженің сипаттамасында.

Abai.kz

0 пікір