Бейсенбі, 7 Тамыз 2025
Жаңалықтар 45 0 пікір 16 Маусым, 2025 сағат 11:24

Теріс ағымның тұзағы: Жастарды сақтандыру жолдары

Сурет: kazislam.kz сайтынан алынды.

Қазіргі таңда әлемдік деңгейде өзекті мәселелердің бірі – діни радикализм мен экстремизмнің жастар арасында таралуы.

Қазақстан да бұл құбылыстан тыс қалмаған елдердің қатарында. Жаһандану, интернеттің шексіз мүмкіндіктері, ақпараттың ашықтығы – бір жағынан үлкен жетістік болса, екінші жағынан теріс ағымдардың идеологиясын таратуға жол ашып отыр. Осы орайда жастардың санасына кері әсер ететін деструктивті діни топтар мен идеологиялық тұзақтардан сақтау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.

Жасөспірімдер мен жастар – қандай да бір идеологияға бейім келетін, жаңалыққа құмар, белсенді әлеуметтік топ. Бұл – олардың өмірлік ұстанымдары мен дүниетанымы қалыптасып жатқан өтпелі кезеңімен тығыз байланысты. Өкінішке қарай, осы шақта дұрыс бағыт-бағдар берілмесе, олар радикалды идеяларға тез бой алдырып, діннің атын жамылған, бірақ шынайы исламнан алшақ топтардың құрбанына айналуы мүмкін.

Теріс ағымдардың ең қауіпті тұсы – олардың алғашқы сәтте дінді насихаттаушы болып көрінуі. Олар шариғатты, «таза исламды» ұстанамыз деген желеумен жастарды өз қатарларына тартып, біртіндеп олардың отбасымен, қоғаммен байланысын үзіп, өз идеологиясына байлап тастайды. Бұл – психологтар «ақпараттық оқшаулау» деп атайтын қауіпті әдіс. Яғни адам сыртқы әлеммен байланысты жоғалтып, тек бір көзқараспен ғана өмір сүре бастайды. Бұл құбылыстың соңы – радикалдану, тіпті кей жағдайда лаңкестік әрекеттерге дейін апарып соғуы мүмкін.

Сондықтан бірінші кезекте теріс ағымдардың идеологиясын тану, олардың басты белгілерін түсіндіру маңызды. Олар көбінесе:

дәстүрлі исламды жоққа шығарады;
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мен ресмимешіттерді мойындамайды;
мемлекет пен заңға қарсы пікірлер таратады;
зайырлы қоғамды «кәпірлік» деп бағалайды;
қоғамда бөлінушілік тудырады;
діннің сыртқы формасынкиім, сақал, т.б. алға шығарып, руханимазмұнын ескерусіз қалдырады.

Осындай белгілерді ерте байқап, оларға қарсы иммунитет қалыптастыружастарды теріс ағымдардан сақтаудың негізгі жолы. Ол үшін ең алдымендіни сауаттылық қажет. Жастарға дін туралы дұрыс, ғылыми, тарихи жәнешынайы ақпарат ұсынуоларға рухани таңдауда еркіндік пен жауапкершілікбереді. Діни сауаттылықты тек имам немесе теолог қана емес, мектепмұғалімі, университет оқытушысы, ата-ана да қалыптастыруға тиіс.

Мысалы, мектептер мен колледждерде дінтану пәнінің мазмұнынзаманға сай жетілдіріп, дін тарихын, дәстүрлі ислам құндылықтарын, зайырлы мемлекеттің ерекшеліктерін түсіндірген жөн. Университеттерде«Рухани жаңғыру» аясындағы арнаулы курстар арқылы жастардың діни, тарихи, философиялық білімін тереңдетуге болады. Сонымен қатар, онлайн платформада сенімді діни-танымдық контенттер ұсыну да бүгінгі жастарғажақын әрі тиімді әдіс болмақ.

Ата-аналар тарапынан берілетін тәрбие де үлкен рөл атқарады. Кейдеата-ана баласының өзгерісін байқамай, уақытында қолдау көрсетпей, тек кінәлауға бейім болады. Бұлрадикалды ағымдардың пайдасына жұмысістейді. Себебі олар өз қатарларына кірген жастарға «шын» қамқорлықкөрсетіп, «рухани отбасы» ұсынғандай әсер қалдырады. Сол себепті отбасымүшелері жасөспірімдердің қызығушылықтарына, сұрақтарына бей-жайқарамай, дін туралы диалог жүргізе алатын деңгейге жетуі тиіс.

Жастардың діни фанатизмге елігуінің тағы бір себебірухани вакуум. Өмірлік мақсаттың болмауы, жалғыздық, әлеуметтік әділетсіздік, болашаққасенімсіздік секілді факторлар адамды әлсіз күйге түсіреді. Мұндай сәттерадикал идеология оған «анық жолды», «мінсіз жүйені» ұсынады. Сондықтанжастардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін мәдени, ғылыми, волонтерлік, спорттық бағыттағы пайдалы жобалар көп болуы тиіс. Оларжастардың өз орнын табуға, әлеуметтенуге, жауапкершілік алуға мүмкіндікбереді.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік деңгейде дін саласын реттеу бойынша бірқатар маңызды шаралар жүзеге асуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитеті, өңірлік Дін істері басқармалары, «Аналитикалық орталық» секілді ұйымдар теріс ағымдармен күресте ғылыми сараптама, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар «Қауырт желі», «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары» жастармен тікелей кездесулер өткізіп, сұхбаттар арқылы радикалдық идеялардың қауіптілігін түсіндіреді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер де бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Жасөспірімдер интернеттен діни ақпаратты жиі іздейтінін ескерсек, оларға сапалы, нақты, сенімді мазмұн ұсыну қажет. Бұл үшін кәсіби журналистер, теологтар, дінтанушылар, психологтар бірігіп, креативті контенттер дайындауы керек. Подкасттар, бейне сабақтар, TikTok форматындағы қысқа видеолар, анимациялар – бәрі жастардың қабылдауына оңай әрі қызықты формада ұсынылуы қажет.

Сонымен қатар, теріс ағымдармен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі керек. Бұл бағытта реабилитация, психологиялық көмек, қайта әлеуметтендіру шаралары да жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Теріс ағымның жетегінде кеткен жастардың көбі кейін өкініп, қоғамға қайта оралғысы келеді. Бірақ оларды түсіністікпен қабылдамаса, олар қайтадан радикалды ортаға қайтып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жастармен жеке жұмыс істейтін мамандар – дінтанушы, психолог, әлеуметтік қызметкер – кәсіби даярлықтан өтіп, кешенді тәсілмен жұмыс істеуі қажет.

Қорытындылай келе, жастарды теріс діни ағымдардан қорғау – бұл бір ғана саланың емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті. Жастар – ұлттың болашағы. Сол болашақтың жарқын болуы олардың қандай рухани негізге сүйеніп өсетініне тікелей байланысты. Сондықтан оларды адасудан емес, ар-ұждан, ақыл мен ізгілік жолымен жүруден ешкім тайдырмауы керек. Теріс ағымдардың тұзағынан сақтанудың ең сенімді жолы – ұлттық тәрбие мен дәстүрлі діни сананың үйлесімінде.

Abai.kz

0 пікір