«ERG-дің» алып жанұясы: Табыстың кілті – еңбек адамы!

Мемлекеттің гүлденуі, қоғамның дамуы әр адамның өз ісіне деген жауапкершілігі мен сүйспеншілігіне және ақ-адал еңбегіне байланысты. Сол себепті де Президент пәрмен беріп, биылғы жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
ПРЕЗИДЕНТ: ЕҢБЕККЕР АДАМ ҚАШАНДА ҚҰРМЕТТІ!
Мемлекет басшысы: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», – дегенді шегелеп айтты.
Шындығы сол – адамды адам еткен – еңбек! Әділдік салтанат құрып, адалдықтың аты шыға бастаған «Жаңа Қазақстанда» еңбек адамын – қоғамның локомативі деп таныту, еңбекқор адамдар мен кәсіби білігі жоғары мамандарды жас ұрпаққа үлге етіп көрсету тенденциясы қалыптасып келеді.
ҚР Ұлттық Статистика бюросының 2025 жылғы есеп-қисабына көз жүгіртсек, елімізде 539 мыңның үстінде кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, оның 6,8 мыңы орта, 2,4 мыңы ірі кәсіпкерлік субьектілері саналады. Соның ішінде мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпкерлік субьектілеріне тоқталсақ, елімізде бүгінге таңда 1,2 мың мемлекеттік, 1,01 мың жеке, 35 ортақ кәсіпкерлік субьектісі тіркеулі һәм жұмыс істеп тұр екен.

Сурет: erg.kz.
АЛПАУЫТ «ERG» ҺӘМ 67 МЫҢ ЖҰМЫСШЫ
«Ерназардың сегіз ұлы – бір төбе, Ер Төстігі – бір төбе», - дегендей, Қазақстандағы ірілі-ұсақты кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде – «ERG» бір төбе екені даусыз. Бұлай деуіміздің басты себебі – «ERG» – еліміздегі алпауыт компанияның бірі. Түрлі-түсті металдар өндіретін бұл компанияның құрамына «Саколов-Сарыбай», «ҚазПром», «Қазақстан-Аллюминий» сияқты үлкен өндіріс ошақтары кіреді. Қазіргі таңда бұл компанияның 67 мыңнан астам жұмысшысы бар. «ERG» еліміздің кейбір моноқалаларындағы тұрғындарды тұтастай жұмыспен қамтып отырған компания.
Сөзіміз сұйық шықпасы үшін, сандерек ұсынайық: «Eurasian Resources Group» (ERG) – табиғи ресурстарды өндіріп, өңдейтін, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі.
«ERG» Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға және жаңа кәсіп орындарын құруға ұзын-ырғасы 14,6 млрд доллардың инвестициясын салса, әлеуметтік бағыттағы инвестицияларының көлемі 1,1 млрд долларды құраған.
«ERG» кәсіпорындары – өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. «ERG-дің» негізгі акционері (40%) Қазақстан Үкіметі.
Сәйкесінше, еңбек адамы деген тақырыпты сөз еткенде, ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналатын «ERG» кәсіпорындарын айналып өте алмаймыз.
ИБРАГИМОВ: ЕЛІМІЗДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАҒЫТТА ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ!
Жуырда шетелдік «Mеrkur.lu» сайты «ERG» ұйымдастырған «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы жазыпты.
«Eurasian Resources Group» (ERG) демеушілік жасап, «Astana Opera» Мемлекеттік академиялық опера және балет театры еліміздің ірі өнеркәсіп қалаларына гастрольдік сапар ұйымдастырған екен. Тур Павлодар, Ақтөбе, Хромтау және Рудный қалаларында өткен. Бұл қалаларда «ERG» кәсіпорындары орналасқан. Жергілікті қауым мен өндіріс орындарының жұмысшылары бар, жалпы саны 7 мыңға жуық адамға консерттік бағдарламалар ұйымдастырылған.
«ERG» компаниясының бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов сонымен қатар «Astana Opera» қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
«ERG-дегі» жұмысымыздың маңызды бөлігі – Қазақстанды тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени бағытта дамыту. «Astana Opera» театрының жарқын жобаларын қолдау – біз үшін әрдайым басымдық», – дейді Шухрат Ибрагимов.
Осы ретте біз «ERG» директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовпен бірге еліміздегі жүздеген ақ адал еңбек етіп, отбасын асырап отырған ірі кәсіпорындарды аралап көрдік. Ондағы еңбек адамдарының жай-күйімен, жұмыс барысымен танысып қайттық.

Сурет: erg.kz.
АҚСУ САПАРЫ: АЯДАЙ ҚАЛАНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ
Сапарымыз қара Ертістің жағасында орналасқан Ақсудан басталды (Павлодар облысы). Ақсудың жалпы тарихы – өндірістен басталады. Анығы Екібастұздағы көмір кенінің ашылуымен тығыз байланысты. Бүгінде қаланың жан саны 72 мың адамнан асады (2023 жылғы есеп).
Бүгінгі Ақсу — бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды.
Бұл қос кәсіпорын да «ERG» құрамына кіретін кәсіпорындар. Ақсу ферроқорытпа зауытында жалпы саны 6520 адам жұмыс істесе, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» 4528 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сурет: erg.kz.
Ал біз сапарымызды Ақсу ферроқорытпа зауытына жасадық. Бұл – әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі. Іргетасы 1968 жылы қаланған аталмыш кәсіпорында жылына 1,1 млн тоннадан асатын өнім шығарылады. Шығарылған өнім түрлері ішкі нарықты ғана қамтып қоймай, алыс шет елдерге де экспортталуда. Қазіргі таңда зауыт өндірісті жаңғыртып, қуаттылығын арттыруды жүзеге асыруда. Сол мақсатта №6 балқыту цехын ренновациялап, толық герметизацияланған №64 ферроқорытпа пешін іске қосқан.
«Пештің күмбезі оқшауланып, барлық ферроқорытпа газы жиналып, кәдеге жаратылады, ал оның бір бөлігі шикізатты және шөміштерді алдын ала жылытуға пайдаланылады. Бұл инновация балқыту кезіндегі электр энергиясын тұтынуды азайтып, металлды технологиялық ыдыстардан тиімдірек алуға мүмкіндік береді», - дейді кәсіпорын басшылығы.
Аталған кәсіпорын жұмысшыларымен жолығып, еңбек адамдарын марапаттаған «ERG» директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов: «Әлемдегі қазіргідей экономикалық дағдарыс қарқын алып тұрған тұста, біздің зауыт жұмыскерлері секілді білікті мамандардың тынымсыз әрі қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің экономикасы дамуда. Әділін айтқанда, қазір «ERG-де» еліміздегі ең кәсіби, ең білікті мамандар қызмиет етуде», - деді.
«ERG» БАСШЫЛЫҒЫ ҺӘМ ЕҢБЕККЕРЛЕР ТАНДЕМІ
Осы тұста тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік: «ERG» - еліміздегі ондаған кәсіпорынның басын біріктіріп отырған алпауыт кәсіпорын екенін жоғарыда айттық. Десе де, «ERG» тізгінін ұстаған ескі басшылық қарапайым жұмысшылармен мұншалық етене араласып кетпеген еді. Оны осы жолы Шухрат Ибрагимовпен жолыққан жұмысшылардың өздері де ақтарылып айтты.
«Шухрат мырзаның осыған дейін сұхбатын оқып таныстық. Еуразия тобына кіретін компаниялар мен өндірісті модернизациялау, Қазақстанда өндірісті дамыту туралы жоспары көңілге қонымды. Біз осы елдің азаматымыз, осы жерде адал еңбек етіп, отбасымызды асырап отырмыз. Әрине, мұндай бастамалар бізге ұнайды», - дейді зауыт жұмысшысы.
«ERG-дің» ескі бағытын өзгертіп, жаңа өндірістер ашу мақсатында түрлі жобаларға ақша құйып отырғанын өзіміз де көзбен көріп отырмыз. Соның бір дәлелі – біздің зауыттағы модернизациялық жұмыстар. Жасыратыны жоқ, Ш.Ибрагимов мырзаның бізді қарапайым жұмысшы деп санамай, ортамызға өзі келіп, болашақ жоба-жоспарларымен бөлісіп отырғаны, біздің жұмысшыларға қосымша ынта береді», - дейді балқыту цехының маманы.

Сурет: erg.kz.
ПАВЛОДАР САПАРЫ: 10 ЖАС МАМАНҒА ҮЙ БЕРІЛДІ
Әрі қарай сапарымыз Павлодар қаласындағы аллюминий зауытында жалғасты.
Жалпы Павлодар облысында «ERG-дің» 7 кәсіпорыны орналасқан. Бұл кәсіпорындар жиынтығы 30 мыңға жуық адам жұмыс жасайды.
Ал біз жұмыс барысымен танысып қайтқан Павлодардағы аллюминий зауыты – жылына 1.4 млн тонна Al2O3 алюминий тотығын өндіреді екен. Іргетасы 1964 жылы қаланған бұл кәсіпорында ұзын-саны 8 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Құрамына Павлодар алюминий зауыты, ЖЭО-1, Краснооктябрь кеніш басқармасы (Қостанай облысы), «Керегетас» әктас кеніші (Павлодар облысы) кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ – Қазақстанда алюминий тотығын шығаратын, алюминийі өндірісі үшін шикізат өндіретін бірден-бір кәсіпорын. Ол сондай-ақ, Павлодар облысындағы ірі жұмыс беруші саналады.
«ERG-дің» директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов мырза аталмыш зауытқа жасаған сапары барысында зауыт ұжымымен кездесіп, алда келе жатқан металлургтер күнімен құттықтады. Жұмысшыларды ынталандыру һәм еңбектерін бағалау мақсатында жас мамандарға 10 бірдей үйдің кілтін табыстады.
«ERG» - бұл жай ғана компания, кәсіпорын емес, бұл – алып жанұя. Мұнда еңбек ететін әрбір адам – үлкен организмнің бір бөлшегі. Біз әрбір еңбек адамының адал еңбегін лайықты бағалауды басымдық санаймыз. Сол себепті де, әріптестерімізді қосымша ынталандыру мақсатында 10 үйдің кілтін табыстағанды жөн санадық», - дейді Шухрат Ибрагимов.

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінен алынды.
ОБЛЫС ӘКІМІ: ӘРБІР ЖҰМЫСШЫ ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСУДА
Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік: Өткен аптада Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы – «ERG Service» қызметкерлері де көп жылғы адал еңбектері, өңірдің металлургия және машина жасау саласының дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік және корпоративтік наградалармен марапатталған еді.
Атап айтқанда: Компанияның үздік қызметкерлері III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен және «ERG адалдағы үшін», «Өндірістік саладағы сіңірген еңбегі үшін» т.б. наградалармен марапатталды. Компания басшылығы жөндеуші слесарлардан бастап, сапа бақылаушылары мен дәнекерлеушілерге дейін жаңа «JAC» автокөліктері мен пәтер кілттерін табыстап, әрбір еңбек мамандығының маңыздылығын және компаниядағы әлеуметтік қолдаудың жоғары деңгейін атап өткен.
Кәсіпорын қызметкерлерін құттықтай барған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов: «ERG» - бұл мыңдаған білікті маман, мыңдаған табысты іске асырылған жобалар және өңір экономикасына елеулі үлес. Еңбек ұжымын ерекше атап өткен жөн. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жоғары құрметке лайық. Сіздер Қазақстанда күрделі техникалар жасап, инновацияларды енгізудесіздер», - деген болатын.

Сурет: erg.kz.
АҚТӨБЕ САПАРЫ: ӘЛЕМДІК РЕКОРД ОРНАТҚАН КӘСІПОРЫН
Павлодардағы зауыттардан кейін, сапарымыз еліміздің батысындағы Ақтөбе облысында жалғасты...
Ақтөбе облысында «Қазхром-ға» қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауыты орналасқан. Бұл – Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы десек қателеспейміз.
Іргетасы 1943 жылы құрылған бұл зауыт бүгінде бұл жылына 700 мың тоннадан астам ферроқорытпа өндіретін, тұрақты дамып келе жатқан заманауи кәсіпорын.
«Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ең жаңа құрылымы – №4 балқыту цехы. 2014 жылы іске қосылған бұл цехтың арқасында зауыт тұрақты тоқ пештерін дамытуда әлемдік көшбасшылыққа ұмтылуда», - дейді зауыт басшылығы.
4280 адам еңбек ететін бұл ұжым – биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтпек. Зауыт жұмысшыларымен жолыққан «ERG-дің» директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов: «Осы ретте биыл біздің «Қазхром» үшін мерейтойлық жыл. Бізге 30 жыл. Осы дөңгелек датаға орай біз ұзын-ырғасы 40 млн тоннаға жуық өнім өндіргелі отырмыз. Осы отыз жылда өндіріліп отырған 40 млн тонна өнімде әрбір жұмысшының, әрбір маманның жеке-жеке үлесі бар. Бұл 40 млн тонна өнім – еліміздің еңбек адамдарының ел экономикасына қосқан үлесі деп бағаланады», - деді.
Биыл ферроқорытпа өндіруден Қазақстан рекорд орнатты. Ол рекордты және дәл осы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты орнатты. Аталмыш кәсіпорын – бір технологиялық цикл барысында тұрақты токты электр доғалы пештен 177 тоннадан астам феррохром өндірді. Бұл жетістік «WORLD BOOK OF RECORDS» ұйымымен ресми түрде тіркеліп, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен құжатталды.
Атап айтқанда: Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №43 пешінен бір технологиялық циклде 177 288 келі жоғары көміртекті феррохром алынды.
«№4 цехтың пештері өз класында әлемдегі ең қуатты пештер болып саналады. Зауыт мамандары жүзеге асырған бірегей техникалық шешімдердің арқасында жабдық жобалық көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары қуатпен жұмыс істеп тұр. Орта есеппен бір пеш бір циклде 50-60 тонна ферроқорытпа берсе, бұл жолы одан едәуір артық көлем өндірілді», - дейді №43 пеш жұмысшылары.

Сурет: sputnik.kz.
Аталған жағдайға байланысты салтанатты шараға арнайы қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров: «Бүгін біз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өнім өндіру көлемі бойынша әлемдік рекорд орнатты. Зауыт жұмысшылары күндіз-түні, ыстық-суыққа қарамай еңбек етіп, өндірісті әлемдік деңгейге шығарды. Бұл жетістік – кәсіпорынның ғана емес, бүкіл қазақстандық өнеркәсіптің халықаралық стандарттарға сай екенін және сол стандарттарды өзі орнатылатынын көрсетті. Бұл – тек Ақтөбе өңірі мен зауыттың емес, бүкіл Қазақстан өнеркәсібі әлеуетінің қуатты дәлелі», – деді облыс әкімі.
Ал «ERG» лиректорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов: «Бұл жетістіктің артында тек металл, сандар мен жабдық қана тұрған жоқ, ең алдымен, бұл – біздің адамдар. Біздің еңбек адамдарының кәсібилігі, жанкештілігі мен өз ісіне деген адалдығы арқасында нағыз технологиялық жеңіске жетіп отырмыз», - деді.
БАСТЫ ПРИНЦИП – ЕҢБЕК АДАМЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
Тақырыпқа тұздық: Сөз соңында Қазақстан бойынша 67 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыс, лайықты еңбекақымен қамтып отырған «ERG» басшылығы – «еңбек адамына» жағдай жасау, оларды әлеуметтік қамтамасыз ету және лайықды демалыспен қамтуды басшылыққа алатынын көрсететін 2 фактіна атап өткеніміз жөн.
«ERG-ДІҢ» БАСТАМАСЫ: 4 МЫҢ АДАМ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ...
Біріншісі: «ERG» басшылығы өз қызметкерлеріне арнап Ақтөбе және Қостанай аумақтарында қос бірдей демалыс базасын сатып алып, күрделі жөндеуден өткізген. Биылдан бастап аталған демалыс орындарында «ERG» құрамындағы кәсіпорындарда еңбек ететін азаматтар мен олардың отбасы мүшелері демалатын болады.
Екіншісі: «ERG» бірнеше жыл бұрын Отбасы банкпен бірлесіп арнайы тұрғын үймен қамты бағдарламасын іске қосқан. Бұл бағдарламаға «ERG» қызметкерлері қатысады. Және жеңлдетілген тәртіпппен су жаңа немесе қосалқы нарықтан импотекаға тұрғын үй алады. Қазірдің өзінде «ERG-де» жұмыс істейтін 4 мыңға жуық еңбек адамы аталған бағдарламаның игілігін көріп үлгерген. Яғни, «ERG-дің» көмегімен 4 мыңға жуық адам баспаналы болған.
Түйін: Шынтуайтына келгенде, қоғамда істеген ісіне адал, еңбекқор, жауапты, әділетті азамат бейнесін дәл осындай қарапайым жұмысшылар жасайды. Ал әрбір адал еңбеккердің табақ ақы, маңдай терін әділ бағалау – «ERG» ұстанатын басты принциптердің бірі екеніне осы сапар барысында көзіміз жетті.
Abai.kz