Бейсенбі, 24 Шілде 2025
Асқанға - тосқан 819 0 пікір 23 Шілде, 2025 сағат 14:02

Перизат Қайрат ісі: 10 жыл аз ба, көп пе?..

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Мәдина Оразалина атышулы іс бойынша негізгі фигурант Перизат Қайратқа жаза мерзімін жария етті деп жазады Ertenmedia.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 10 жыл сұрап отыр. Перизаттың барлық дүние-мүлкін тәркілеу, қайырымдылық қызметімен айналысуға толық тыйым салу керек дейді. Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл жаза кесуді сұрауда.

Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде пир жасаған анасы мен қызының жазасын жеңілдететін ешбір негіз жоқ.

Айыптаушылар Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваны 3 бірдей алаяқтық эпизодқа қатысы бар деп есептейді. Атап айтқанда: балаларға арналған оңалту орталығын салу, Пәлестина тұрғындарына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету деген желеумен халықтан жиналған қаражатты иемденіп кеткен.

Айыптаушы тараптың мәлім еткеніндей, Перизат-Ғайни тандемі халық жинап берген 3.5 млрд теңге садақаны төгіп шашқан.

Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты мойындамай, мұны "тергеушілердің фантазиясы" деп деп отыр.

Abai.kz

0 пікір