Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3940 0 пікір 8 Қазан, 2009 сағат 05:57

Сәкен СЫБАНБАЙ. Жұрт танымайтын «жұлдыздар»

«Екі жұлдыз» жобасында неғып жүр?

Бірер жыл бұрын Ресейде дүрілдеп өткен «Екі жұлдыз» атты думанды жобаның дуы бізге де келіп жетті. Жалпы теріскейде соққан дауылдың күнгейге самал боп жететіні секілді, көрші мемлекеттегі қай-қай бастаманың болсын, ерте ме, кеш пе, біздің ауылға ауысатыны әдетке айналып барады. Әйтеуір Мәскеуден көшірілген жобалардың отандық телеарналардағы үлес салмағының аз емес екені анық. Бұл жақсы ма, жаман ба - ол жағы сол бағдарламаларға деген көрермен ықыласының деңгейінен байқалмақ.

Түсініксіз критерий

Ең өкініштісі, еліміздегі қазақтың саны биылғы халық санағында 67 пайызға жеткенімен, қоғамдық өмірдің қай саласындағы бастаманы болсын баяғы ескі әдетпен, тұрғылықты ұлттың талғам-талабына баса назар аудармастан қолға алуды қоя алмай жүрміз. Заң жүзінде арнайы көрсетіліп жазылмаса да, ел аузында «50 де 50» аталып кеткен жасанды шеңберден шыр айналып шыққысы келмейтіндер көп-ақ. Атышулы «Суперстар»-дан бастап соған ұқсас кейінгі жобаларға дейін Қазақстандағы барлық қауымды қамтуға, бәрінің де көңілін қалдырмауға тырысушылық, жалпақшешейлік байқалады.

«Екі жұлдыз» жобасында неғып жүр?

Бірер жыл бұрын Ресейде дүрілдеп өткен «Екі жұлдыз» атты думанды жобаның дуы бізге де келіп жетті. Жалпы теріскейде соққан дауылдың күнгейге самал боп жететіні секілді, көрші мемлекеттегі қай-қай бастаманың болсын, ерте ме, кеш пе, біздің ауылға ауысатыны әдетке айналып барады. Әйтеуір Мәскеуден көшірілген жобалардың отандық телеарналардағы үлес салмағының аз емес екені анық. Бұл жақсы ма, жаман ба - ол жағы сол бағдарламаларға деген көрермен ықыласының деңгейінен байқалмақ.

Түсініксіз критерий

Ең өкініштісі, еліміздегі қазақтың саны биылғы халық санағында 67 пайызға жеткенімен, қоғамдық өмірдің қай саласындағы бастаманы болсын баяғы ескі әдетпен, тұрғылықты ұлттың талғам-талабына баса назар аудармастан қолға алуды қоя алмай жүрміз. Заң жүзінде арнайы көрсетіліп жазылмаса да, ел аузында «50 де 50» аталып кеткен жасанды шеңберден шыр айналып шыққысы келмейтіндер көп-ақ. Атышулы «Суперстар»-дан бастап соған ұқсас кейінгі жобаларға дейін Қазақстандағы барлық қауымды қамтуға, бәрінің де көңілін қалдырмауға тырысушылық, жалпақшешейлік байқалады.

«Екі жұлдыз» да - дәл осы сипаттамаға лайық жоба екен. Қатысушыларды таңдау мәселесінде мұны ұйымдастырушылар да еліміздегі шартты түрде «қазақтілді» және «орыстілді» деп аталатын қос қауымның ешқайсысын ренжітпеуге барын салып-ақ бағыпты. Алайда осы мақсат оларды ақыры адастырып тынған-ау, өйткені, менің жеке пікірімше, жобаның 32 қатысушысының бәрі бірдей «жұлдыз» деген атқа лайық емес. Жобаның аты «Екі жұлдыз» болған соң, оған қатысатын адамдар да - әр саланың әйгілі майталмандары, өз ісімен ел-жұртқа кеңінен танымал тұлғалар, яғни, нағыз жұлдыздар болуға тиіс еді. Дегенмен ұйымдастырушыларды бұл жағы аса ойландыра қоймағандай.

Рас, кәсіби әншілерге байланысты ешқандай дау туындауы мүмкін емес: Ақжол Мейірбеков, Айжан Нұрмағамбетова, Толқын Забирова, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Иманбаева - әрі танымал, әрі «жұлдыз» деген атқа сәйкес өнерпаздар. Жарайды, бұл қатарға жас та болса Алмас Кішкенбаев пен Қайрат Түнтековті де қосайық. Парвиз Назаровты, Ділназ Ахмадиеваны және Ерлан Көкеевті қазақ жастарының дені тыңдамайтыны анық, бірақ елдегі орыстілді қауымның да көңілін тапқысы келген ұйымдастырушылардың бұларды таңдауын түсінуге болады (алайда «Екі жұлдызды», қала берді «Қазақстан» арнасын сол орыстілді ортаның қызыға тамашалай қоятынына да өз басым күмәндімін). Бұл үшеуінің ат-есімі жұртқа азды-көпті белгілі екеніне де келісейік. Ал Гуля Төлегенова деген кім? Көпшілік білетін жалғыз-ақ әні бар («Мой татарский мальчик»), оның несі жұлдыз? Ал Жанна Орынбасарова ше? Бұл әншіні де ептеп естуіміз бар, бірақ, Құдай ақына, «жұлдыз» дей алмайтынымыз хақ қой! Жобаға бұлар қандай критерий бойынша еніп отыр? Түсініксіз.

Сахнада - ...ешкім емес!

Басқа қатысушыларға келейік. Даусы келсін-келмесін, көрінген жерде ән сала беріп-ақ жұртқа танылып үлгерген Ғани Қасымовтың таңдалуына көзді жұмып қарауға да болар («бір ауылға бір тентек керек шығар» демекші). Лидия Кәденова - сахна саңлағы, танымал актриса. Нұртілеу Иманғалиұлы - нағыз тележұлдыз, ал Венера Нығматуллина - нағыз киножұлдыз. Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен жұртқа «Шымкент-шоудағы» «Күлпәш келін» бейнесімен белгілі актер Берік Тұрсынбековті де білмейтін жан жоқ. Әйгерім Жаңылбаева көрерменге «Ағайынды» телехикаясындағы Әнел рөлі арқылы таныс. Мұрат Мұтұрғанов - кезінде «әлемдегі ең жас клоун» атанған, белгілі цирк әртісі. Бұлардың қай-қайсысын да «жұлдыз» деген сипаттамаға лайық деуге болады.

Ал қалған қатысушылар туралы бұлай дей қоюымыз қиын. Елімізде Сәуле Рахметовадан да танымал балет бишілері жеткілікті. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын да екінің бірі біледі деп айта алмаймыз. Гүлбахрам Саитова бұл топқа «Қазақстан» ұлттық арнасы бас директорының орынбасары болған соң ғана қосылып отырса керек (жоба иесі саналатын телеарна басшылығының бір өкілі «міндетті түрде» қатысу керек қой енді, әйтпесе оны өз қызметкерлерінен өзге кім танып жатыр?). Әлия Есенова - әйгілі «Тамаша» ойын-сауық отауының іргесін көтерген, ұзақ жылдар бас режиссері болған марқұм Лұқпан Есеновтың қызы, жоғарыда аталған П.Назаровтың зайыбы. Оның сахнаға шығуына осы екі анықтаманың қайсысы маңызды рөл ойнағанын білсек қой, шіркін. «Екі жұлдыздың» есігінен сығалауға басқа ешқандай құқы жоқ еді... Кезінде «Тоғысқан тағдырлар» телесериалында ойнаған, кейін депутат болған орыстілді жігіт -  Тәңірберген Бердіоңғаровты да танымал тұлға деуге ауыз бармайды. Ал Лидо, Линда Нығматуллина, Мөлдір Әуелбекова, Салтанат Қалиева және Темірлан Төлегенов деген «жұлдыздардың» жобаға нендей еңбегімен еніп отырғандарын бір Құдай... сосын ұйымдастырушылар ғана білер...

Қазылар - ырза, ал көрерменде - ыза

Тым болмаса, «жұмбақ-жұлдыздардың» жұтынып тұрған өнері болса, мейлі еді ғой. Жоқ, олардың өзгелерден оқ бойы озардай ештеңесін аңғармадық. Тіпті аты-жөні елге мәлім қатысушылардың өзі жұрт күткен деңгейден көріне алмады. Мәселен, театр және кино шеберлері әдетте музыка жағынан да сауатты, қабілетті болмаушы ма еді? Бірақ В.Нығматуллина мен Ә.Жаңылбаевадан ешқандай вокалдық дарын байқалмады да. Керемет билегенімен, С.Рахметова да ән жағынан ақсап жатты. Басқаны қойып, кәсіби әншілердің ала-құла өнер көрсетуі таң-тамаша қалдырды. Айтар әнінің сөзін жаттамай шыққан А.Нұрмағамбетованың қағазға қарап «шырқауы» кім-кімге де ұнай қоймасы анық. М.Бесбаев пен С.Майғазиев те, неге екені белгісіз, әндерін өз мүмкіндіктерінен төмен деңгейде орындады. Бұрын да тірі дауыспен айтып жүрген жігіттерге бұл жолы не «көрінгені» түсініксіз. Жұрт мақтап жүрген Ж.Жексенұлы да сол мадаққа лайық өнер көрсеткен жоқ... Ал көрерменді ең айран-асыр еткені - сахнаның қыр-сырын меңгерген Л.Кәденованың өз жұптасымен бірге кішігірім қойылымға барабар рок-н-ролл номері мен Б.Тұрсынбековтың «Жүрегімді» жүрекке жеткізіп айта алуы болды.

Қатысушылардың бәрі бірдей қарық қылмай жатса да, думанды кештің делбесін ұстаған жүргізушілер олардың әрқайсысына кезек-кезек тамсанудан жалыққан жоқ. Бұл жөнінен әсіресе Баян Есентаева мен Майя Веронская шаршамады. Олар Г.Саитованың, Ә.Есенованың, Т.Төлегеновтің және тағы басқалардың бұған дейін неге ән айтпай, өзге салада адасып жүргеніне таңырқап, осыдан кейін қалайда мамандық ауыстыру жайын ойластыруға шақырумен болды. «Қуанған мен қорыққан бірдей» екені рас, әлгілер де қолпаш сөзге құлай сеніп, бүгіннен бастап ән өнерімен шындап айналысатындарына жаппай уәде беріп жатты. Мұны естіген соң, басқаларды қайдам, онсыз да дарақы, дарынсыз әншісымақтардан зәрезап боп жүрген менің қан қысымым көтеріліп кетті...

Кешті жүргізу, қатысушылар мен қазылар алқасына әрқандай сұрақ қою жағынан Б.Есентаева мен М.Веронская жап-жақсы-ақ көзге түсті. Телевизия саласында біраз тәжірибелерінің бары байқалып тұрды. Ал басқа екі жүргізушіге - Бауыржан Ибрагимов пен Нұржан Төлендиевке, сахналық сатирамыздың белді өкілдері ретінде, кештің тізгінін ұстасумен қатар ұтымды әзіл, ұтқыр сауалдармен көрерменнің һәм қатысушылардың көңілін көтеру міндеті де қоса жүктелген тәрізді. Олай болса, өкінішке қарай, олардың әзірге бұл үдеден шыға алмай жатқанын ашық айтуға тиіспіз. Екеуінің сөз саптасы дүйім жұрт назарын аударған думанды кештің дүлдүл жүргізушісінен гөрі той-томалақтағы талғамсыздау тамаданың тантымасына көбірек келіңкірейді. Олар не теледуманның ерекшелігін ескерместен қайта-қайта баяғы өз ұжымдарындағы әдеттеріне басып кетіп жатыр, не ...бары осы.

Жарайды, жүргізушілер, өз қызметтеріне қарай, жаймашуақ бола қойсын, ал қазылар алқасына не жорық? Жарық жұлдыздарымыздың өзі жанды дауыспен ән айта алмай қалтырап-дірілдеп жатқанда, Сара Тыныштығұлова, Алтынбек Қоразбаев, Қыдырәлі Болманов сынды музыка майталмандарының «бәрі жақсы», «керемет», «ғажап» деп тамсануы қалай? Дауыс түгілі, «слухы» жоқ «жасанды жұлдыздардың» «ыңқыл-сыңқылын» естіп, «шырағым, өзіңнің де, жұрттың да жүйкесін жұқартпай, жайыңа жүргенің мақұл!» деп ескертудің орнына, оларды есіркеп, еркелетуіне жол болсын? Теледидар алдындағы қарапайым көрермен байқап, ыза боп отырған жайттарды олардың аңғармауы мүмкін емес қой! Әлде ұйымдастырушылардың ыңғайына жығылып, ырқына бағынып, өз ықтиярынан айрылып отыр ма екен? Ал қатысушылардың киім киіс, жүріс-тұрысына баға беріп отырған төртінші төреші - стилистің өз киіміне қарап-ақ... үнсіз қалуға болады.

* * *

Қанша жерден «бір мемлекетте тұрамыз, Отанымыз - ортақ!» деп алақайласақ та, Қазақстандағы қазақтілді және орыстілді қауымның ара-жігі әлі соншалықты алыс екеніне осы «Екі жұлдыз» қосымша дәлел бола алады. Жоба басталмас бұрын өзінің Мейрамбек Бесбаевпен жұптаса өнер көрсететінін естіген балерина Сәуле Рахметованың «Мұндай әншіні білмейді екенмін» деуі - соның айғағы (әрине, күні кешеге дейін Мейрамбектің де Сәулені білгеніне күмәнім бар). Демек, біз бір-бірімізді білмейміз: орыстілділер - қазақтілділерді, ал қазақтілділер - орыстілділерді. Алайда өзара тығыз араласу, бір-бірін тану үшін бұл орталардың бірі екіншісінің ыңғайына жығылуы керек қой. Ол үшін мемлекет, қоғам осы екі бағыттың бірін таңдауы қажет. Қазақ жерінде құрылған қазақ мемлекеті болған соң, әрине, біз бәрінің қазақтілділер жағына ойысқанын қалаймыз. Сондықтан да Мейрамбектің Сәулені білмегеніне кешіріммен қарап, ал Сәуленің Мейрамбекті білмеуін ұят санауымыз керек. Мысалы, мен де аталған жобаға қазақ танымайтын Линда, Лидо дегендердің қосылуына наразымын. Қазақ киносына түспеген, қазақша ән айтпаған оларды мен неге тануым керек?..

Мұның бәрі - ұйымдастырушылар ұстанған бағыт-бағдардың қандай екеніне байланысты болып тұр. Өкініштісі, олардың өздері орыстілді. Сондықтан жоба да сол бағытта...

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371