Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1789 0 пікір 15 Тамыз, 2025 сағат 14:44

Қажыдан қайтқандар қанша кітап алып өте алады?

Сурет: сайт мұрағатынан алынды

Шетелден келерде бір азамат елге қанша діни кітап алып келе алады? Бұл сұраққа Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали жауап берді.

«Бүгінде Қазақстан азаматтары шетелге шығып жүр. Соның ішінде қажылық жасауға барады. Заңда айтылғандай, әрбір Қазақстан азаматы елімізге діни мазмұндағы бір кітап қана кіргізе алады. Одан көп болса, азамат заң бойынша жауапқа тартылады», - деді ол.

Сөзінше, елге кіргенде шекара қызметкерлері бақылап отырады.

Тіпті екі Құран алып кірсе де, азамат заң бұзды деп есептеліп, жауапқа тартылады.

Сонымен қатар азаматтар телефон арқылы діни алауыздыққа алып келетін материалдарды республика ішінде тасымалдауы мүмкін екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1414
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1062
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993