«Auyl fest. Қой шаруашылығы – 2025» фестивалі өтті

2025 жылдың 16 тамызында Орал қаласында алғаш рет халықаралық «AUYL FEST. Овцеводство – 2025» фестивалі өтті. Бұл шара қазақстандық аграрлық сала тарихындағы айтулы оқиғаға айналды. Оған Қытай, Франция, Иран, Венгрия, Ресей және Қазақстаннан 1000-ға жуық делегаттар мен мамандар қатысты.
Фестивальдің Батыс Қазақстанда өтуі тегін емес. Себебі, дәл осы өңірде 1935 жылы бүкіл әлемге белгілі еділбай қойы өсірілген болатын. Бұл тұқым еті мен майының молдығымен ерекшеленеді, сонымен қатар төзімділігімен де құнды. Сондықтан да Орал қой шаруашылығының орталығы ретінде таңдалды.
Фестиваль аясында, бірнеше бағыт қамтылды:
- ғылыми-практикалық конференциялар мен пікірталастар;
- асыл тұқымды қойлардың көрмесі;
- тазы мен төбет көрмесі, ұлттық спорт сайыстары;
- қой жүнінен жасалған сән көрсетілімі;
- ауыл шаруашылығына арналған жаңа технологиялар таныстырылымы.
Бұл шара ауыл шаруашылығы саласының проблемалары мен болашағын талқылауға мүмкіндік берді.
«Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев өз сөзінде: «Ауылдың дамуынсыз елдің дамуы болмайды. Қой шаруашылығы – ауыл мен халықтың әл-ауқатының кепілі. Бұл салаға заңнамалық әрі жүйелі қолдау қажет», – деді.
Қазіргі таңда, Қазақстанда 20 миллионнан астам қой басы бар. Олардың ең көп өсірілетін аймақтары – Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары. Үкімет 2024 жылы племшаруашылықты қолдауға 15,3 млрд теңге бөлген.
Сарапшылардың айтуынша, алдағы онжылдықта қой шаруашылығы мынадай мақсаттарды көздейді:
- мал санын 25 миллионға жеткізу;
- жылына 250 мың тонна қой етін өндіру;
- шамамен 30 мың тонна баранина экспорттау;
- жүн мен теріні терең өңдеп, шетел нарығына шығару.
Фестиваль барысында салаға серпін беретін бірнеше ұсыныс айтылды:
- малға арналған RFID-метка арқылы цифрлық есепке алу;
- кооперативтерді дамыту;
- жаңа экспорттық бағдарлама – «KazSheep Export» іске қосу.
«AUYL FEST. Овцеводство – 2025» фестивалі дәстүр мен инновацияны тоғыстырған маңызы зор алаңға айналды. Қазақстанда қой шаруашылығының болашағы бар екендігі тағы бір мәрте дәлелденді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс ауылдың да, елдің де әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоспақ.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал Баспасөз қызметі
Abai.kz