Дүйсенбі, 25 Тамыз 2025
46 - сөз 241 0 пікір 25 Тамыз, 2025 сағат 14:51

Канселинг пен “самосудты" айыра білейік!

Сурет: TACC сайтынан алынды.

Өткенде тредсте “Ленина 36” деген кафенің атауына қатысты шу шықты. Көпшілікке дәмхананың атауын ұнаған жоқ. Қолданушылар әлі ашылып үлгермеген орынға канселинг жасап тастады. Рас кейін кафе қожайындары қателігін түсініп, атауын өзгертті.

Бір жағынан мұндай канселинг қоғамның оянғанын, кез келген дүниеге өзіндік ұстанымы бар екенін көрсетсе де, таяқтың екінші ұшы бар. Кей жағдайда желі қолданушылары мәселенің байыбына бармай шешім шығарып жібереді.

Былтыр Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқанда, қылмыскерлердің есімі әлеуметтік желіге жарияланып кетті. Содан адамдар аты жөнін жазып, ұқсас аккаунттарға шабуылды бастады дейсіз. Неше түрлі пікір жазылды. Бірақ бір-екі адам ештеңеге қатысы жоқ, тек аттас болғаны үшін ғана қарғыстың астына қалды.

Ойлап қараңызшы, өз өзіңізбен күніңізді көріп жүресіз. Күндердің бір күні қылмыскермен аттас болғаныңыз үшін ғана желі қолданушылары қысым жасайды. Қандай сезімде боласыз? Кешегі торт мәселесінде де Әсел есімді біраз блогер өзінің оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеуге тура келді. Немесе Мирасты қараңыз. Ағасының сөзіне бола, қырғын хейтке ұшырады. Айта берсеңіз, мұндай мысал жетіп артылады.

Елімізде канселинг мәдениеті қалыптасқаны дұрыс. Бірақ мәселенің ақ-қарасын анықтап, көз жеткізгеннен кейін ғана қажет. Әйтпесе, кейбіреулер текке күйіп кетеді. Ал желі қолданушылары ештеңенің байыбына бармай қарғыс жаудырады.

Сол себепті канселингті “самосудпен” шатастырып алмау қажет. Канселлинг бір жағынан қоғамды жауапкершілікке тәрбиелейді. Бірақ екінші жағынан, әділетсіз айыптау, жаппай хейтке әкелуі мүмкін. Оны да ойланып қойған жөн- ау.

Сәбит Рысбаевтың желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір