Сейсенбі, 26 Тамыз 2025
Билік 138 0 пікір 26 Тамыз, 2025 сағат 14:42

8 қыркүйекте Президент Жолдау жариялайды

Сурет: vlast.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің телеграм арнасы хабарлады.

Қазақстан биылғы саяси маусымды 8-ші қыркүйектен бастап ашатын болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдау аясында атқарушы аппаратқа жаңа тапсырмалар беріп, бұған дейін істелген жұмыстың қорытындысын шығармақ.

Бүгін Үкімет бюджеттік жұмыстарды пысықтап тастады. Ал әкімдер жылу маусымына дайындық және жол-көлік инфрақұрылымы жұмыстарын тездетіп жатыр.

Биылғы Жолдау әлеуметтік блокта табыс пен инфляция арасындағы айырмашылықты жабу, кредит қысымын азайту, саяси реформалар аясында жергілікті басқаруды одан әрі күшейтуге бағытталатыны анық. Экономикада жаңа индустрияландырудың екінші толқыны бойынша тапсырма берілмек. Әсіресе логистика, транзит, қоймалар мен өндіріске шетелдік инвестицияларды көбірек тарту міндеттеледі деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір