Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
Жаңалықтар 2925 0 пікір 29 Тамыз, 2025 сағат 16:28

Неге ҚҚС әлі көтерілмей жатып, бағалар өсіп кетті?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов алдағы жылы инфляция деңгейі қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк 2026 жылға инфляцияны 9,5–11,5% деңгейінде күтіп отыр.

- Үкімет орташа есеппен 10%-ды алады. Бұл бюджет пен біздің мақсаттарымызға және кредиттік саясатымызға сәйкес келетін көрсеткіш деп санаймыз. Барлық тәуекелдер, шаралар және салық реформасын ескере отырып, біз шын мәнінде осындай деңгейді көріп отырмыз, – деді ол.

Неден қымбатшылық болады?

Ұлттық банк басшысы нақты қай тауарлар мен қызметтер қымбаттайтынын айту қиын екенін атап өтті. Оның айтуынша, салық реформасына байланысты күтілетін әсердің айтарлықтай бөлігі қазірдің өзінде бағалар мен тарифтерге ықпал ете бастаған.

- Келесі жылы қосымша құн салығының енгізілуінен айтарлықтай қымбаттау күтіп отырған жоқпыз. Өйткені инфляциялық күтулерге негізделген баға мен тарифтердің өсуі біз үшін қазірдің өзінде байқалды, – деді Сүлейменов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2725
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1841