Дүйсенбі, 8 Қыркүйек 2025
Қоғам 280 0 пікір 8 Қыркүйек, 2025 сағат 11:39

Қожамжаровқа тықыр таянды...

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа тықыр таянды. ҚР Бас прокуратурасы оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

ҚР Бас прокуратурасы:

«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді.

Қайрат Қожамжаров кім?

Ол 1965 жылы 24 наурызда дүниеге келген.

1982 жылы Алматыдағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын, 1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012–2013 жылдары Ақмола облысының әкімі болды. 2013–2014 жылдары Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2014–2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2015–2016 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын басқарды. 2016–2017 жылдары қайтадан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.

2017–2019 жылдары Қазақстанның Бас прокуроры қызметін атқарды.

2019 жылғы 19 наурызда Сенат депутаты болып тағайындалды. 2023 жылғы қаңтарда Президент жарлығымен Қожамжаровпен бірге 13 сенатордың өкілеттігі тоқтатылды.

Abai.kz

0 пікір