Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 424 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 19:08

Aitu жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысында

Сурет: btsdigital.kz сайтынан алынды.

BTS Digital Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысына қатысты. Бұл – елдің технологиялар мен цифрлық экономиканың болашағы талқыланатын басты алаңдарының бірі.

Іс-шара барысында компания өзінің супераппы Aitu-дың даму барысын таныстырды. Қолданушылар саны тұрақты түрде артып келеді.

Таныстырылымды BTS Digital ЖШС бас директоры Нуртай Абилгалиев ұсынды.

«Біз үшін Aitu жай ғана мессенджер емес, адамдар мен бизнеске арналған сервистерді біріктіретін ұлттық платформаға айналуы маңызды. Мұны біз Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігіне және орнықты цифрлық экономиканы қалыптастыруға жасалған қадам деп білеміз», – деп атап өтті ол.

Платформаға жаңа экожүйелер мен серіктес сервистер қосылып жатыр. Мәселен, білім беру платформасында оқушылар сабақ кестесіне қол жеткізіп, қосымша материалдарды пайдаланады, қауымдастықтар құрып, түрлі іс-шараларға қатыса алады.

Aitu бизнес үшін де ашық: компаниялар жаңа мүмкіндіктерге ие болып, клиенттерімен байланысу үшін бизнес-чаттарды пайдаланады, жаңалықтары мен ұсыныстарын жариялау үшін өз арналарын ашады, сондай-ақ тиімді өзара әрекеттесу үшін маркетплейс арқылы жеке мини-қосымшаларын интеграциялай алады.

Сонымен қатар, Aitu-ға енгізілген AI-платформа пайдаланушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.

BTS Digital Қазақстанның цифрлық экожүйесін қалыптастыруға және Aitu-ды ұлттық платформа ретінде дамытуға үлес қосуды жалғастырып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 339
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 2624
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 301