Бейсенбі, 9 Қазан 2025
Әне, көрдің бе? 181 0 пікір 9 Қазан, 2025 сағат 13:58

Қазақстан кімдерге мұнай саудалап отыр?

Сурет: liter.kz сайтынан алынды.

«Біреу өлмей, біреуге күн жоқ» деген халық ұлағаты еліміздің мұнай экспортына қатысты айтылғандай. Осы салаға қатысты жағымды жаңалық қазақ мұнайының түрлі жолдармен ЕО нарығына басын сұғу болып табылады.

Қазақстан 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕО-дағы ең ірі мұнай жеткізушілер арасында  еліміздің үлесі 11,5%-ды құрап, АҚШ (15,4%) және Норвегия (12,1%) кейін үшінші орынды иеленді.

«DW» басылымы: «Германияның Федералдық статистика ведомствосының (Destatis) деректері негізінде Германия импортының құрылымында Қазақстанның үлесі ЕО бойынша орташа көрсеткіштен тіптен жоғары болып, 13,5%, құрайды», - деп есептейді. 2025 жылы бұл көрсеткіш бұданда да елеулі болуы мүмкін.

Бұған дейін Еуроодақтағы ең ірі мұнай жеткізуші Ресей болатын, бірақ Украинадағы соғыстан және санкциялар енгізілгеннен кейін оның үлесі іс жүзінде нөлге дейін қысқарды. Бұл жаңа жеткізушілерге, соның ішінде өз еліміз Қазақстанға жол ашты.

«Соғыс қазақ мұнайына ЕО нарығындағы жаңа мүмкіндіктерді ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге нар тәуекелдікті де туғызып, жеткізуді тұрақсыздандырады», - дейді «Джеймс Стаунский» қорының сарапшысы Джон Дейли.

Мәселен, ақпан айында Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына украиналық дрондардың соққысы жүйенің өткізу қабілетін 30%-ға қысқартқан болатын. «Достық» та шабуылға жиі ұшырайды. Бұл тәуекелдер Қазақстанды баламалы бағыттарды іздеуге итермелейді. Олардың бірі - Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) немесе «Орта дәліз». 2024 жылдың соңында Олаф Шольцпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ортадағы дәлізді» салынып жатқан Трансеуропалық көлік желісіне (TEN-T) ықпалдастыруға жәрдемдесуді өтінді. Өткен жылдың басында еуропалық әріптестер TEN-T-ке 10 млрд еуро көлемінде инвестиция салуға келісті.

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚАЙ ЕЛДЕРГЕ САТЫЛАДЫ?

Қытай мен Оңтүстік Кореяға жеткізілім күрт қысқарса, оның есесіне Қазақстан Италия мен Нидерландыға мұнай сатуды ұлғайтты.

2024 жылы елден 71 млн тоннадан астам қара алтын шығарылып, экспорт 2023 жылмен салыстырғанда сәл төмендеді (-0,5%). Алайда ақшаға шаққанда 1,3%-ға, $42,8 млрд. дейін өсім байқалады.

Енді осының бәрін рет-ретімен жіпке тізетін болсақ, онда бірден негізгі импорттаушы алты ел мұнай сатып алуды төмендетті. Атап айтар болсақ, Оңтүстік Кореяға жеткізілім бірден 3,2 есеге, 1,7 млн тоннаға дейін қысқарды. Салыстыру үшін 2023 жылы бұл елге 5,5 млн тонна мұнай жөнелтілген еді. Бұдан бөлек: Сингапурға экспорт 2,1 есеге, 1,6 млн тоннаға дейін, Қытайға - 1,9 есеге, 2,9 млн тоннаға дейін, Түркияға - 1,7 есеге, 1,9 млн тоннаға дейін төмендеді.

Сондай-ақ, азырақ мұнай Румынияға - 4,5 млн тонна (-4,4%) және Испанияға - 2,1 млн тонна (-9,3%) жөнелтілді.

Бұл экспорттың жалпы көлеміне шикізатты басты сатып алушы - Италияға жеткізілімнің 27%-ға, 30,7 млн тоннаға дейін артуынан әсер еткен жоқ.

Енді қазақ мұнайының сатылымының артуына тоқталатын болсақ, онда Нидерландыға 7,6 млн тоннадан астам қара алтын (+ 28,2%), Францияға - 5,2 млн тонна (+ 20,6%), Грекияға - 4,4 млн тонна (+ 22,5%), Швейцарияға - 2 млн тоннаға жуық (+ 0,03%), АҚШ-қа - 1,7 млн тонна (+ 30%), Германияға - 1,5 млн тоннаға (+ 2,2 есе) жетіп жығылды.

Болгарияға жеткізілімдер 47 есе, 424,5 мың тоннаға дейін күрт ұлғайды. 2023 жылы бұл елге бар жоғы 9 мың тонна ғана жөнелтілген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 766
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9762