Бейсенбі, 9 Қазан 2025
Желтоқсан жаңғырығы 164 0 пікір 9 Қазан, 2025 сағат 14:14

Израиль мен ХАМАС бітімге келді: Әлем не дейді?

Сурет: eurotopics.net сайтынан алынды.

АҚШ президенті Трамп Израиль мен ХАМАС бітімге келгенін хабарлады.

АҚШ Президенті: «Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңіне қол қойғанын мақтанышпен айтқым келеді. Бұл дегеніңіз барлық тұтқынға алынғандар жақын арада босатылады, ал Израиль тұрақты бейбітшіліктің алғашқы қадамы ретінде келісілген сызыққа қарай әскерін алып кетеді дегенді білдіреді», - деп жазды. Ол араағайындық жасаған Катар, Мысыр мен Түркияға алғыс білдірді.

Келісім бойынша тұтқындар 13-қазанда босатылуы мүмкін. Трамп демалыс күндері Таяу Шығысқа сапарлап баруы мүмкін екенін де айтты.

ҚАЗАҚСТАН НЕ ДЕЙДІ?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды. Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.

ТҮРКИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімді қолдайтынын айтты. Келісімнің жасалуына мұрындық болған Трампқа және ерекше үлес қосқан Катар мен Мысырға өз алғысын жеткізді. Түркия 1967 жылғы шекара бойынша Палестина мемлекеті құрылып, астанасы Шығыс Иерусалим болу керектігін айтты.

ПАЛЕСТИНА НЕ ДЕЙДІ?

Палестина президенті Махмұх Аббас: «Газаға Палестина мемлекеті иелік етуі тиіс. Газаны соғыстан кейін қалпына келтіру процесстері басталып, Газа Палестина әкімшілігімен қосылуы шарт», - дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 766
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9761