Жұма, 17 Қазан 2025
Жаңалықтар 1732 0 пікір 17 Қазан, 2025 сағат 16:14

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім әкеледі

Сурет: Алматы облысы әкімдігінен алынды.

Алматы облысының егіншілері мен фермерлері  мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады.

Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ төменгі жағында) өтеді. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінен алынды.

Жәрмеңкеге жалпы 16 тонна ет, 1,6 тонна сүт өнімдері, 18,6 тонна картоп, 19,5 тонна пияз, 36,2 тонна түрлі көкөніс, 6 тонна күріш, 3,3 тонна бал, 26 тонна алма мен жеміс-жидек, сондай-ақ 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.

Шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, ішкі нарықты дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 933
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10187