Қазақстан СОР30 Тараптар конференциясы көшбасшыларының Саммитінің ашылуына қатысты
Белем қаласы, 2025 жылғы 6 қараша – Бразилияның төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясының 30-шы сессиясы (СОР30) көшбасшылары Саммитінің ресми ашылуы өтті.
Пленарлық отырысқа мемлекет және үкімет басшылары, парламент спикерлері, сыртқы істер министрлері, салалық министрліктердің және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі өзекті сын-қатерлер мен міндеттемелерді талқылады.

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.
Аталған іс-шараға Қазақстан делегациясын Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев басқарды.
Саммиттің ашылуында Бразилия Президенті Луис Инасио Лула да Силва бұл кездесудің климаттық күн тәртібі бойынша халықаралық жұмылу мен диалогтың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Ол Саммиттің Амазония өңірінде өтуі Бразилия, аймақ және жалпы әлем үшін зор символдық мәнге ие екенін, себебі тарихта алғаш рет СОР тропикалық ормандардың ортасында өткізіліп отырғанын айтты.

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.
Саммиттің бірінші күнгі пленарлық отырысында сөз сөйлеген Қазақстан делегациясының жетекшісі Ерлан Нысанбаев Қазақстанның жаһандық климаттық күн тәртібіне адалдығын растап, еліміздің климат саласындағы күш-жігері мен қабылданып жатқан шаралар туралы халықаралық қауымдастықты хабардар етті.

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.
Сонымен қатар, Министр Ерлан Нысанбаев өз сөзінде делегация басшыларын 2026 жылы Қазақстанда өтетін Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға шақырды.

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.
Abai.kz