Бейсенбі, 13 Қараша 2025
Жаңалықтар 129 0 пікір 13 Қараша, 2025 сағат 15:14

Украина Ресеймен бейбіт келіссөздерді тоқтатты

Сурет: bm.ge сайтынан алынды.

Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер тоқтатылды. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица The Times газетіне берген сұхбатында айтты.

Шешімге келіссөздердің айтарлықтай нәтиже бермеуі себеп болған.

Кислица ресейлік делегациямен мазмұнды талқылау жүргізу мүмкін болмағанын атап өтті.

«Диктатура жағдайында диктатор атынан келген келіссөз топтарымен мазмұнды диалог жүргізу мүмкін емес. Олар біздің әрқайсымыздың өткенімізді өте жақсы зерттеп келетін. Келіссөз барысында әдейі арандататын немесе жағымсыз сөздер айтыа отыратын»,-деді сыртқы істер министрінің орынбасары.

Оның пікірінше, Ресей тарабы осылай украин делегаттарын ашуландырып, кейін келіссөздің үзілуіне оларды кінәлеуді көздеген.

«Олар қандай да бір атысты тоқтату нұсқасын талқылаудан үзілді-кесілді бас тартты.  Ресей делегациясы келіскен жалғыз бітім – қаза тапқандардың денелерін эвакуациялау үшін екі сағаттық атысты тоқтату болды»,–деп толықтырды Кислица.

Еске салайық, Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізген еді.

Abai.kz

0 пікір