Сейсенбі, 2 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 71 0 пікір 2 Желтоқсан, 2025 сағат 15:42

Украина Ресей МӨЗ-деріне 14 рет дронмен шабуыл жасаған

Сурет: rbc.ua сайтынан алынды.

Биыл қараша айында Украинаның қарулы күштері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына кемінде 14 рет дронмен шабуыл жасаған. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Бұл соғыс басталғалы бір айда жасалған ең көп шабуыл. Мұндай ақпаратты Bloomberg агентігі соғысып жатқан тараптардың жария мәлімдемелеріне сүйеніп жазды.

29 қарашаға қараған түні Новороссийскіде Қазақстан мұнайының 80 пайыздан астамын экспортқа шығаратын Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) теңіз терминалына экипажсыз катерлер шабуылы зақым келтірді. Шабуыл салдарынан теңіз танкерлеріне мұнай құйылатын үш айлақ құрылғысының бірі істен шықты.

Қазақстанның энергетика министрлігі мұнайды халықаралық нарыққа балама жолдармен жіберу жағын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Кремль КҚК мен танкерлерге жасалған украин шабуылын "халықаралық маңызы бар әрі халықаралық қатысушылары бар нысанға" қарсы "шектен шыққан" оқиға деп атады.

Bloomberg Ресей әскері Украинаның энергетика инфрақұрылымына және тұрғын үйлерді қоса алғанда, бейбіт нысандарына үнемі шабуыл жасап келе жатқанын да жазған.

Abai.kz

0 пікір