Сәрсенбі, 3 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 113 0 пікір 3 Желтоқсан, 2025 сағат 14:09

Репетиторлық орталықтарға талап күшейтіледі

Сурет: SN.kz сайтынан алынды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжілісте елдегі жекеменшік репетиторлық орталықтар туралы айтты.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы балалары түрлі курстарға барып, ақшасын қайтара алмай, алданып қалған азаматтардың жанайқайын жеткізді. Оқушыларды дайындайтын Tesla Education жекеменшік орталықтардың жұмысын жүйелеу үшін оларға рұқсат беру тетіктерін қатаңдату үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын сұрады. Бұрынғы "Арт-спорт",  қазіргі "Даму бала" мемлекеттік бағдарламасының ауыл балаларына қолжетімсіз екенін де айтты.  Депутат Оқу-ағарту министрінен оны бақылау үшін қосымша қандай тетіктері бар екенін түсіндіруді сұрады.

Tesla Education-ге байланысты мәселе қазіргі таңда ата-аналар тарапынан өзекті. Өздеріңізге белгілі, мұндай қосымша беру ұйымдарының жұмысы Кәсіпкерлік кодексінің аясында реттеледі. Оған Оқу-ағарту министрлігінің, жергілікті атқарушы билік органдарының ешқандай қатысы жоқ және бұл ата-аналар мен осы жекеменшік репетиторлық орталықтар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға сәйкес жұмыс істейді. Бірақ оқушыларымыз болғандықтан, ата-аналардың жанайқайын естігендіктен бүгінгі таңда біз «Білім туралы» заңға, сонымен қатар Кәсіпкерлік кодекске, оның ішінде алаяқтықты болдырмауға байланысты заң нормаларын қатаңдатуға байланысты нормаларды қарастырып бастадық, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айтуынша, министрліктің ешкімді ақылы орталықтарға баруға шектеуге құқығы жоқ.

Екінші мәселе, НОБД ақпараттық жүйесі бар. Осы ақпараттық жүйеде қосымша білім беруге баратын балаларымызды, оның ішінде сіз айтып отырған жекеменшік репетиторлық орталыққа баратын оқушыларды жалпылау тетігі де бұрын болмаған. Соны қазір қолға алып, енгізіп бастадық. Бір нәрсені атап өткім келеді. Біз азаматтарымызды репетиторлық орталыққа барма деп шектей алмаймыз. Бұл олардың құқығы. Репетиторлық орталық – ол интеллектуалдық құқық, Конституциялық құқығы. Бірақ десе де, мектептегі білім сапасын арттыруға байланысты Оқу-ағарту министрлігі кешенді жұмысты бастады. Оның ішінде, қай сыныпта, қай пәнде балаларымыз қиналып жүр, оған сабақ беріп жатқан мұғалімдерде қандай пробелдар бар. Осы жұмыстарды бастап кеттік. Сондықтан аталған мәселенің шешімі – біздің бақылауда, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Abai.kz

0 пікір