Сейсенбі, 23 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 118 0 пікір 23 Желтоқсан, 2025 сағат 15:41

Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті

Сурет: malim.kz сайтынан алынды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті.

Қаралы жиынға мәдениет және өнер өкілдері, қоғам қайраткерлері, шәкірттері мен қала тұрғындары қатысты.

Рәсімде бірқатар ресми тұлғалар сөз сөйлеп, марқұмның өнердегі орны мен адамдық болмысын еске алды. Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Abai.kz

0 пікір