Бейсенбі, 8 Қаңтар 2026
Әне, көрдің бе? 559 0 пікір 6 Қаңтар, 2026 сағат 14:05

Хаменейдің бар үміті Путинде ме?

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

«The New York Times» гәзеті: «2 желтоқсанда АҚШ президенті Трамп Иранға соққы жасау мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасаған. Осыдан соң Иран билігі, Ұлттық қауіпсіздік бойынша Жоғарғы кеңес шұғыл жиын өткізді», - деп хабарлайды.

Аталған жиында: Иран билігі қоғамдық наразылықтарды аз ғана күшпен тыныштандыруды ақылдасқан. Бұл – ел ішінде онсыз да ушығып тұрған наразылықтарды күшейтпеуге бағытталған. Сондай-ақ, Иран аумағына жасалуы мүмкін ықтимал соққылардың сценариі де пысықталған. Иран Ислам республикасының жоғарғы лауазымды шенділері құпия жиында мемлекеттің сыртқы қыспаққа түсіп пен ішкі тығырыққа тірелгенін мойындаған.

Басылым дереккөзінше: Иран билігініңдәл қазір ішкі наразылықтардың өршуіне басты себеп болып отырған экономикалық дағдарысты өз бетінше реттеуге мүмкіндігі шектеулі. Сонымен қатар, АҚШ пен Израиль тарапынан жасалып жатқан қысымға да жауап беруге дәрменсіз.

Бүгін «The Times» басылымы: «Ұлыбритания барлауының анықтауынша, Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменей елдегі наразылықтар ушығып, басқарудан шығып кеткен жағдайда Мәскеуге қашып барып паналаудың жоспарын әзірлеп қойған», - деп жазды.

Басылым дерегінше: Хаменей Мәскеуге өзінің айналасындағы ең жақын деген 20 кеңесшісі мен олардың отбасыларын алып ұшпақ ниетте.

Ал АҚШ Мемлекеттік департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында парсыша жазба жариялады. Онда: «Президент Трамп істің адамы. Егер білмесеңдер, енді біліп жүріңдер», - деп жазылған. Мадуроны тұтқындау сәтінде түсірілген сурет пен парсыша жазу - Иранға бағытталған сигнал!

Иранда наразылықтар өршіп тұр: 35 адам қаза тапты, мыңнан астам тұтқындалды

Иранда бір аптадан астам уақытқа созылған наразылық кезінде кем дегенде 35 адам қаза тауып, 1,2 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency (HRANA) агенттігі хабарлады.

HRANA мәліметінше, қаза тапқандар арасында наразылық акцияларының 29 қатысушысы, төрт бала және қауіпсіздік күштерінің екі қызметкері бар. Агенттіктің хабарлауынша, наразылық акциялары 88 қалада өтіп, елдің 31 провинциясының 27-сін қамтыды.

Иран Fars агенттігі өз кезегінде күш құрылымдары өкілдерінің арасында зардап шеккендер туралы хабарлады. Оның айтуынша, 250-ге жуық полиция қызметкері мен 45 «Басидж» әскерилері жарақат алды.

Abai.kz

0 пікір