Дүйсенбі, 19 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 215 0 пікір 19 Қаңтар, 2026 сағат 15:38

Астанада сотталғандардың еңбек құқы тапталған

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында еңбекақының уақтылы төленбеуі, сотталғандармен жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталды.

— Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін еңбекақы төленді. Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сотталғандардың құқықтарын сақтауға бағытталған қадағалау іс-шаралары жалғасады, — делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Abai.kz

0 пікір