Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1242 0 пікір 20 Қаңтар, 2026 сағат 15:16

Алаяқтық: Ақмола тұрғыны 6 млн теңгесінен айырылған

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Ақкөл ауданының тұрғыны бір аптада 3 несие ресімдеген.  

Қарызға алған барлық қаражатты интернет алаяқтарға аударғанын Ақмола облысының Полиция департаменті хабарлады.

Былтыр қазан айында әйел мобильді қосымшаның бірінде мемлекеттік төлемдер туралы жарнаманы көрген. Сілтемеге кіріп, өзінің телефон нөмірін қалдырады. Содан кейін оған өзін инвестициялық компанияның қаржылық кеңесшісі ретінде таныстырған белгісіз біреу қоңырау шалады.

Алаяқтар 48 жастағы әйелге тұрақты және жоғары кіріс түсетін "инвестициялық қызметке" қатысуға шақырады. Кеңесшілердің сөзіне сенген әйел олардың айтқандарын орындайды.

30 қазанда ол банктен 2 млн теңге бөліп төлеу несиесін рәсімдейді. 5 қарашада басқа банктен осыған ұқсас сомаға тағы бір бөліп төлемді, ал 6 қарашада 2 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеген. Осылайша, бір апта ішінде 6 млн теңге несиенің ақшасы белгісіз шоттарға аударылады.

17 қаңтарда әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арыз жазады.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 436
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1653
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 410
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 388