Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1684 0 пікір 21 Қаңтар, 2026 сағат 15:13

ЕАЭО: Қазақстан мүддесі жалғасты қорғалады

Сурет: eec.eaeunion.org сайтынан алынды.

ЕАЭО шеңберінде Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау жөнінде Үкімет отырысы өтті. 

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы жылға және кейінгі жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағдарлары – Мемлекет басшысы қойған басымдықтар мен міндеттерді практикалық іске асыру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығында қазақстандық тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді анықтау және жою. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұлттық деңгейде әрбір ел қолданатын мемлекеттік қолдау шараларының көлемі келісілген мәндерден аспауға тиіс екендігі туралы келісімге қол жеткізілді", – деді Серік Жұманғарин. 

Вице-премьердің сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету, сондай-ақ теңгерімді сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 419
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1539
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 392
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 368