Бейсенбі, 29 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 1460 0 пікір 29 Қаңтар, 2026 сағат 15:03

ERG-дің меншік иелері ауыспайды!

Сурет: erg.kz сайтынан алынды

Шоу бизнес сияқты кәсіпкерлер әлемі де түрлі дақпырттар мен алып-қашпа әңгімеге толы. Соңғы кезде отандық БАҚ беттерін феррохром мен кобальт өндірісінде әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналатын ERG-дің меншік иелерінің құрылымындағы өзгерістер орын алып жатқандығы туралы ақпарат жайлап алып, қазақ бизнесіне жаны ашитын адамдарды әрі-сәрі еткені жасырын емес.

Сонымен осы ақпаратты таратушылар мен оны жария етуші БАҚ не дейді? Бірқатар мессенжерлерде Integra Construction иесі Муталип Шахмұраттың Шодиев пен Машкевичтің ERG-дегі үлестерін (40%) сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтағаны туралы ақпарат пайда болды.

Ақпаратта не айтылғаны және бизнес сарапшылар бұл жайында не дегені жайлы аз кем сөз еткеніміз орынды болар. Сонымен соңғы кездері іскерлік және медиа дереккөздерде Eurasian Resources Group (ERG)-тегі 40% үлесті Integra Construction иесі Муталип Шахмурат деген бизнесмен сатып алуы мүмкін деген хабарлар белсенді түрде талқылануда. Әңгіме бұрын Патох Шодиев пен марқұм Александр Машкевичке тиесілі үлестер туралы болып отыр. Бұл тақырып кәсіби қоғамдастықта үнемі көтеріліп отырады және Қазақстанның тау-кен металлургия секторындағы ең маңызды ықтимал мәмілелердің бірі ретінде қарастырылады.

Сарапшылардың айтуынша, мәмілелер расталған жағдайда ел үшін стратегиялық маңызды топтың меншік құрылымын айтарлықтай қайта құру туралы сөз болады. ERG металл өндіру мен қайта өңдеудегі ірі ойыншылардың бірі болып қала береді, ал мемлекет компанияның қомақты акцияларын сақтап қалады. Бұл дүрлігу расында да қазақ бизнес әлемін дүр сілкіндіргені жасырын емес.

Осы әңгімеге өзек болған ERG мен басты кейіпкер болған  Муталип Шахмұрат кім деген орынды сауал туындайды?

Біз әңгімені алғашқысынан бастайық.

ERG - феррохром мен кобальт өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі және әлемдік нарыққа мыстың ірі жеткізушісі. Еуразиялық өңірде ERG темір рудасы мен глинозем нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл Қазақстандағы жалғыз жоғары маркалы алюминий өндіруші.

ҚР-да «Қазхром» ТҰК, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» (КЭЗ), «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК) және басқалары. ERG - бұл электр энергиясының негізгі жеткізушілерінің бірі және Орталық Азиядағы ірі темір жол операторы.

Енді осы алып-қашпа сөзге басы байланған Муталип Шахмұрат кім?

Шахмурат Муталип - қазақстандық бизнесмен және Қазақстан бокс федерациясының президенті. 1990 жылы туылған, 2008 жылы шпал өндірісіндегі слесарьдан бастап, 2015 жылы «Бент» АҚ бірінші вице-президентіне дейін өсті. 2025 жылғы қазанда «Атамекен» ҰКП төралқа комитетінің құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазіргі уақытта Муталип Интегра Construction KZ компаниясының бенефициары және байқау кеңесінің төрағасы болып табылады, ол автомобиль және темір жолдарды, сондай-ақ инфрақұрылымдық нысандарды салу және жөндеу саласындағы ірі қазақстандық мердігерлердің бірі. Integra Construction KZ магистральдардың, теміржолдардың және тұрғын үй нысандарының құрылысымен және жөндеуімен айналысады.

Меншік иелерінің құрылымындағы өзгерістер туралы ақпараттың шындығы қайсы, жалғаны қайсы деген төтесінен қойылған сауалға BES.media-да шыққан ERG баспасөз қызметінің ресми түсініктемесі бәрінің құр дақпырт екенін айқындады. Иә, ашық күнгі найзағайдай шу шығарған дақпыртқа ERG баспасөз қызметінің ресми түсініктемесі былайша нүкте қойды:

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер акционерлер құрылымында өзгерістер болса, компания өз стейкхолдерлерінің хабардар болуын қамтамасыз ете отырып, ресми хабарландырулар жасайды».

Abai.kz

 

 

0 пікір