Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3078 0 пікір 23 Қазан, 2009 сағат 06:06

Хандарды қор қылып қоқысқа тастапты

Елордада ашылған «Қазақ елі» монументінің  қасынан қоныс таппай «Жәнібек пен Керейдің» ескерткіші қаланың бір елеусіздеу шетінде «әдеп» сақтап тұр. Мына көріп отырған сүгіреттеріңіз соның айғағы. «Хандармен» бірге қазақтың қас батырларына қойылған ескерткішке де Елордада кәделі орын бұйырмағандықтан бір бұрышта қалыпты. Редакциямызға хабарласқан шенеунік өзінің атын жөнін көрсетпеуді өтіне отырып, қоладан құйылған бұл ескерткіштердің Қытайда жасалғанын айтты.

- Ескерткіштер, - деді ол, - жақында ғана ашылған «қазақ елі»  монументінің ішінде тұруы керек еді. Бірақ, пәрменді бір кісілердің араласуымен «Жәнібек пен Керейдің» мекені «Арай» дейтін саябақ болып шешіліпті. Оған да тәубә!

Астананың зеңгір көгіне ұмсынған монумент турасында шешендер сөз алып аспан астын айбарлы сөздерге толтырған болатын. Солардың бірі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- "Қазақ елі" мону­менті еліміздің сан ғасырлық та­рихы­на, ұлтымыздың ұлы перзент­теріне, асыл мұратына, атажұр­ты­мызға арналған мәңгілік ескерт­кіш. Шын мәнінде бүгінгідей бай­тақ елімізде, жауһар Астанамызда осындай мағынасы терең мону­менттің орнауы қазақ халқы үшін тарихи әділдіктің салтанат құруын айғақтайды. Еліміздің басты ес­керткіші ұрпақтар байланысын, уақыт үндестігін бейнелейді. Бұл - ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіп, жас ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке бастайтын киелі орын. Міне, сондықтан да біздер үшін оның маңызы аса зор, - деп еді. Өкінішке қарай «тарихи әділдіктің салтанат құруын айғақтайтын» ескерткіштерге монументтің маңынан алақандай жер тимеді.

Мырза Мұхамед хайдар Дулатидың деректеріне сүйенсек, Қазақ хандығының құрылған уақыты хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) тура келеді.

Қазақтың алғашқы ханы болып  таққа Керей (1458-1473 жж.) отырады.. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.).

Жәнібек пен Керей тарихта бүгінгі қазақ мемлекетінің негізін қалаған тұлғалар болып табылады.

«Абай-ақпарт».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371