Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1247 0 пікір 26 Ақпан, 2026 сағат 14:48

Астана мен Ташкент арасында тағы бір тікелей әуе рейсі ашылады

Сурет: Информ сайтынан алынды

Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 29 наурыздан «Ташкент — Астана» бағыты бойынша рейс орындай бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Компаниядан мәлім еткендей, аталған бағытта аптасына үш рейс жоспарланған. Яғни, ұшақтар дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері жолаушылар тасымалдайды.

Билет құны 2,2 млн сумнан (шамамен 90 мың теңге) басталады. Оларды компанияның ресми сайтынан және арнайы сату кеңселерінен алуға болады.

Еске салайық, биыл 30 наурыздан бастап «Ташкент — Атырау — Ташкент» бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылады.

Сонымен қатар, былтыр желтоқсаннан бері SCAT әуе компаниясының ұшақтары Түркістаннан Өзбекстанның Үргеніш, Бұхара және Самарқанд шаһарларына тікелей рейс орындап жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992