Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1064 0 пікір 17 Наурыз, 2026 сағат 15:16

Ауғанстан мен Пәкістан: Кабулдағы ауруханаға соққыдан 400 адам қаза тапты 

Сурет: Ulysmedia.kz сайтынан алынды

Ауғанстан билігі Пәкістанды Кабулдағы есірткіге қарсы реабилитациялық ауруханаға соққы жасады деп айыптады. Шабуылдан кем дегенде 400 адам қаза тапқан.

APnews-тің ақпаратынша, Ауғанстан үкіметі өкілі Хамдулла Фитрат X желісінде жариялаған хабарламасында соққының сағат 21:00-де жасалғанын, 2 000 орындық аурухананың ірі бөліктері қирағанын мәлімдеді. Оған қоса, шамамен 250 адам жарақат алды.

Жергілікті телеарналар қауіпсіздік күштерінің өртті сөндіріп, зардап шеккендерді тасымалдап жатқан бейнематериалдарын көрсетті. Ауғанстан үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид Пәкістанды «ауруханаларды және бейбіт тұрғындарды нысанаға алу арқылы қорлық жасау» деп айыптап, бұл әрекетті адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өкілі Мұшарраф Заиди ауруханаға соққы жасалғаны туралы айыптауды негізсіз деп санады. Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар әуе соққылары тек Кабул мен Шығыс Афғанстандағы әскери объектілерге жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, Кабулдағы екі нысанда «техникалық инфрақұрылым және оқ-дәрі қоймалары» жойылған.

Барлық нысан тек Ауғанстандағы Талибан режимі арқылы қолдау көрсетілетін террорлық топтарға бағытталған, - деді Тарар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 672
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1964
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 487
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 457