Жексенбі, 3 Мамыр 2026
Жаңалықтар 826 0 пікір 23 Наурыз, 2026 сағат 14:16

Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Суреттер: Азаттық радиосы және shahtinsk.ucoz.ru сайттарынан алынды.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, сегіз адам жапа шекті, - деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Жараланғандардың бесеуі – тұрғындар шақыруымен оқиға орнына жеткен полиция қызметкері. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаған. Тағы бірнеше адамды төтенше жағдай қызметі жоғарғы қабаттан түсірген.

Оқиға орнынан түсірілді деген видеода сөйлеген адам өрт бес қабатты ғимараттың төртінші қабатында газ жарылып, өрт бесінші қабатқа да тарағанын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 902
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 745