Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2223 0 пікір 25 Наурыз, 2026 сағат 16:58

Келіссөздер: АҚШ пен Иран бір-біріне талаптар қойды...

Сурет: belta.by сайтынан алынды.

Wall Street Journal (WSJ) басылымының дереккөзіне сүйенсек, Иран АҚШ-пен ықтимал келіссөздер алдында бірқатар талаптар қойған.

Иранның негізгі талаптары:

  • Парсы шығанағы елдеріндегі барлық американдық базаларды жабу;

  • Жасалған соққылар үшін өтемақы төлеу;

  • Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнату (бұл Иранға Мысырдың Суэц каналындағыдай өтетін кемелерден ақы алуға мүмкіндік беруі тиіс);

  • Соғыстың қайта басталмайтынына кепілдік беру;

  • Израильдің ливандық «Хезболлаға» жасаған соққыларын тоқтату;

  • Иранға салынған барлық санкцияларды алып тастау;

  • Иранның зымыран бағдарламасын ешқандай шектеусіз сақтап қалу.

Басылым американдық шенеуніктің сөзін келтіре отырып, Иранның талаптарын «күлкілі әрі шындыққа жанаспайды» деп атады. Сонымен қатар, араб және американдық лауазымды тұлғалар Иранның бұл ұстанымы мәмілеге келу мүмкіндігін соғысқа дейінгі кезеңнен де алыстатып жібергенін алға тартуда.

Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ-тың Иранға өз талаптарын жолдағаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 15 тармақтан тұратын жоспар болып, ядролық әлеуетті толық жоюды және Ормуз бұғазын бұғаттаудан босатуды көздейді.

WSJ дереккөздері Иран мен АҚШ арасындағы хабарламалар делдалдар арқылы берілгенін растап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927