Дүйсенбі, 30 Наурыз 2026
Жаңалықтар 169 0 пікір 30 Наурыз, 2026 сағат 14:28

Ирандағы соғыс: ҰҚШҰ мәлімдеме жасады...

Сурет: vpoanalytics.com сайтынан алынды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының Кеңесі Таяу Шығыстағы және Иран Ислам Республикасының айналасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Құжатта Кеңес Иран аумағына жасалған әскери соққыларға және аймақтағы ахуалдың дамуына байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Барлық тараптардың ұстамдылық танытып, жағдайды ушықтыруы мүмкін әрекеттерден бас тартуы қажеттігі атап өтілген.

Кеңес күш қолдануды жол берілмейтін әрекет деп санайды және қалыптасқан қайшылықтар тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс екенін баса айтады. Бұл ретте диалог, өзара құрмет және барлық тараптардың мүдделерін ескеру, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен БҰҰ Жарғысы негізге алынуы керек.

Мәлімдемеде БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруге қарсы тұру үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақыру камтылған.

Сондай-ақ, Иранның егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше атап өтілді.

Құжат соңында қаза тапқандардың отбасыларына шынайы көңіл айтылды.

Abai.kz

0 пікір