Президент Назарбаевтың қазақ халқына қаратып айтқан сөзі
Осы арада мен өзімнің барша бауырларыма - қазақтарға айрықша сөз арнағым келеді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Ассамблеяның 15-сессиясының төрінде тұрып.
Ол былай деді:
- Ұлыстың ұйытқысы болған қымбатты қандастарым, құрметті қазақ бауырларым!
Бүгінде дүние жүзінде 200-ге таяу мемлекет бар. Ал 3 мыңға жуық этностың өзіндік ұлттық мемлекеті жоқ. Біз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткізіп, мыңжылдықтың түйіскен тоғысында тәуелсіз мемлекет құрдық.
Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алып келеді.
Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда.
Бұл ретте тағы бір айта кететінім - Қазақстанның тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеу үшін, нығаюы үшін қазақтың - өзіміздің ұлттың бірлігі керек. Егер бәріміз жармасайық билікке деп жан-жаққа кететін болсақ, осы тәуелсіздіктен, еркіндіктен айрылатын боламыз. Мен мұны әдейілеп айтып отырмын.
Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды әркез ескере білу керек.
Осы арада мен өзімнің барша бауырларыма - қазақтарға айрықша сөз арнағым келеді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Ассамблеяның 15-сессиясының төрінде тұрып.
Ол былай деді:
- Ұлыстың ұйытқысы болған қымбатты қандастарым, құрметті қазақ бауырларым!
Бүгінде дүние жүзінде 200-ге таяу мемлекет бар. Ал 3 мыңға жуық этностың өзіндік ұлттық мемлекеті жоқ. Біз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткізіп, мыңжылдықтың түйіскен тоғысында тәуелсіз мемлекет құрдық.
Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алып келеді.
Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда.
Бұл ретте тағы бір айта кететінім - Қазақстанның тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеу үшін, нығаюы үшін қазақтың - өзіміздің ұлттың бірлігі керек. Егер бәріміз жармасайық билікке деп жан-жаққа кететін болсақ, осы тәуелсіздіктен, еркіндіктен айрылатын боламыз. Мен мұны әдейілеп айтып отырмын.
Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды әркез ескере білу керек.
Иә, аштық та, қуғын-сүргін де, соғыс та, жер аударулар да болды.
Бірақ бұл деректерді біз өткен уақыт пен бүгінде жоқ адамдарды бостан-босқа сынау үшін пайдаланбаймыз. Оның үстіне бұрынғы Кеңес Одағының барлық халықтары да зардап шекті.
Бір кезде бізге жамандық істелгені үшін жайдан-жай біреулерге жамандық жасауға болмайды. Өткен өтіп кетті. А.С.Пушкин айтқандай, шляпамызды шешіп, өткенге тағзым етейік те, болашаққа бет бұрайық, білек сыбана еңбекке кірісейік.
Менің атыма осыдан 15 жыл бұрын Көкшетаудан кетіп, қазірде Германияда тұрып жатқан Людвиг Лейхнерден хат келді.
Ол өз үйінде шағын музей ашып, оған қазіргі заманғы Қазақстанның тарихы мен өмірі туралы материалдар жинайтынын, сөйтіп оларды көршілеріне, қонақтарға көрсететінін жазады.
Хатта мынадай сөздер бар: "Волга бойынан қоныс аударған немістерді қонақжайлылықпен қарсы алып, бәрін де - тамағын да, тұрғын үйін де, жылуын да бөліскен қазақ халқы туралы жадымыз өшпеуге тиіс".
Біздің еліміздегі өзге этностардың өкілдері де қазақтарға дәл осындай жылы алғыс сезімдерін білдіреді.
Германия, Грекия, Израиль сияқты шетелдерде бола жүріп мен қазақ халқына және біздің жерімізге шынайы ризашылықтарын білдіретін бұрынғы қазақстандықтарды кездестіремін. Маған алғыс айта отырып, олар қазақтардың бұрынғы буынына, яғни өздерін қарсы алған біздің әкелеріміз бен аналарымызға өз ниеттерін жеткізеді деп білемін. Менің ойымша, біздің ата-бабаларымызды алдауға құқымыз жоқ. Біз оларға лайық болып, осы жұмыстарды жалғастыруымыз керек.
Біз бөлшектеу мүмкін емес зор мәдени құндылықтарды да бірлесе жасап жатырмыз.
Үшінші тұғыр - ол біздің ортақ болашағымыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандықтар бірлесе отырып өз тағдырларына еркін таңдау жасады. Біздер болашақты бірігіп орнатып жатырмыз. Елді дамытып, өзіміздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін университеттер, мектептер, ауруханалар салудамыз.
Егер біз оларға достық пен бауырластық, сенім мен толеранттылық сезімдерін дарыта алсақ, оларда бәрі де болады.
Тұтастай алғанда, Ұлттық бірлік доктринасының мазмұнына қатысты көзқарастар осындай.
Енді болашаққа арналған кейбір нақты міндеттер туралы айтайын деп жалғады сөзін Елбасы.
Этносаралық келісімнің әлеуетін нығайта түсу үшін төмендегідей бағыттарда бірқатар шараларды жүзеге асыру керек.
Бірінші. Ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қатынастар тақырыбын әдепті жазу арқылы, қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстандық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет.
Білім және ғылым министрлігі қазақстандық қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып, этно- және полимәдени білім беруді дамыту жөнінен тұжырымдамалық ұсыныстар дайындауы керек. "Толеранттылық негіздері" атты факультативтік курс әзірлеп, оны мектептер мен жоо-ларға енгізу қажет.
БАҚ-тарда этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды әдептілікпен жазу - маңызды мәселе.
Екінші бағыт - мемлекеттік тілді одан әрі дамыту.
Мемлекет барша қазақстандықтардың қазақ тілін біртіндеп үйренуі үшін барлық жағдайларды жасап отыр.
Енді ҚХА ел халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпыұлттық үдерісіне басшылық жасауы керек. Ол үшін ешкімге қысым жасамай және ешкімді төмендетпей, қажетті шаралар кешенін жүйелі де табанды жүзеге асыру қажет.
Демек бұл - мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының желілерін кеңейтіп, оларды әрбір қалада және аудан орталығында, жоо-лар мен өзге де мекемелерде құру керек деген сөз. Оларға көмектесіп әрі ынталандырып отыру қажет. Мемлекет жеткілікті қаржы бөліп отыр, оларды тек дұрыс пайдалану керек.
Оқытудың инновациялық формаларын батыл және кеңірек енгізу қажет.
Субтитрлері бар мемлекеттік тілдегі телерадио хабарларының үлесін арттырудың, қазақ тілді интернет-кеңістіктерді дамытудың маңызы зор, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді қазақ тіліне көптеп аудару қажет.
Кеңестерде қазақ тілінде сөйлей берсін, бірақ ілеспе аударма арқылы сөйлейтін болсын. Ол қиын емес қой.
Бұл істің табыстылығы тек мемлекетке ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның белсенділігіне де байланысты.
Өзге этностардың өкілдерін қазақ тіліне оқытуда этномәдени бірлестіктердің бастамашылық танытуларына болады.
Мемлекеттік тіл - ол халық бірлігінің негізгі факторы. Біздің қоғам, интеллигенция мемлекеттің қазақ тілін дамытуға көңіл бөлмеуі жөніндегі ұсақ, ызалы және популистік пікірлерден жоғары тұруы тиіс. Оларды мен естіп жүрмін. Әсіресе, егер олар артында ешқандай нақтылы іс жоқ, барлық жауапкершілік тек мемлекетке ғана жүктеле салған, әншейін бос сөздер болса одан бетер орынсыз.
Сонымен бірге мемлекеттік тілді дамыту оны әлі де білмейтіндерді кемсітуге апарып соқтырмауға тиіс. Біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын бұзуға жол берілмейді, құқық қорғау органдары оларды шұғыл тыйып отыруы керек.
Бүгінде біз қазақстандықтардың өскелең ұрпағының бойында мемлекеттік тілді білуге деген қандай қызығушылықтың оянып жатқанын көріп жүрміз. Мұны барынша ынталандыру қажет. Біздің бірлігіміздің осынау бағытына деген адалдығы үшін олардың ата-аналарына рахмет те айту керек.
Қазақ тілін орыс тіліне қарсы қою қате.
Орыс тілі біздің мәдениет байлығының ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастың тілі болған және болып қала береді.
Айтыңыздаршы, бүгінде Қазақстанның этностары өзара қай тілде сөйлеседі? Орыс тілінде. Біз игерген кезде, болашақта ол тіл қазақ тілі болуы мүмкін. Бірақ бүгінде бұл рөлді орыс тілі атқарып отыр.
Жұмысты тілдердің үштұғырлығы бағдарламасы бойынша белсенді жүргізу маңызды деп есептеймін.
Жалпы, тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек. Тосқауыл қоюлармен және дөрекі мәжбүрлеумен бұл істе еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың.
Және біз қазақ тілінде сөйлеу қалауы әрбір қазақстандыққа табиғи нәрсе болуы үшін бәрін істеуге тиіспіз.
Сонымен бір мезгілде біз Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін бұдан әрі қарай да барлық жағдайды жасайтын боламыз.
Сондықтан Тілдердің қызметі мен дамуының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, қабылдау қажет.
Үшінші. Біздің қоғамдағы конфессияаралық келісім ұлттық бірліктің маңызды құрамдасы болып әрекет етеді.
Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі.
Бұл арада еліміздегі ең көпсанды конфессия - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ерекше рөл беріледі. Өз діндарлары арасында осындай адамгершілік-тәрбиелік жұмысты біз Орыс православие шіркеуі мен Қазақстандағы өзге де конфессиялардан күтеміз.
«Абай-ақпарат»