Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2245 0 пікір 1 Сәуір, 2026 сағат 14:07

Зеленский: Ресей Донбасс бойынша жаңа талап қойды!

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Ресей Украинаның екі айда Донбастан кетуін қалайды деді Зеленский. Ол бұл сөзін 31 наурызда Буча қаласын Ресей оккупациясынан азат етуге төрт жыл толуына орай ұйымдастырылған Еуропа өкілдері қатысқан шара кезінде айтты. Украина президентінің сөзінше, екі ай уақыт туралы Ресей Вашингтонға хабар берген.

«Олардың Америка жағына айтқаны: екі айдан кейін еліміздің шығысын, Донбасты басып алады. Сол себепті Украинада ол жақтан кетуге екі ай уақыт бар. Сол кезде соғыс та аяқталады. Ал егер Украина кетпесе, онда Ресей Донбасты басып алады және онан кейін шарттар да өзгермек. Мұнда қисынды сұрақ туындайды: егер олардың діттегені тек Донбасс болса, онда не үшін әрі қарай барамыз деп айтады? Яғни, мәселе тек Донбаста ғана емес», - деді Зеленский.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1384
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1031
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 967