Жұма, 17 Сәуір 2026
Жаңалықтар 146 0 пікір 17 Сәуір, 2026 сағат 14:10

Қазақстан боксшысы бір титулмен қалды

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған рейтингте оның есімі чемпиондар қатарында жоқ. Қазіргі таңда бұл дивизиондағы белбеу бос тұр. Бұған дейін IBF ұйымы қазақстандық боксшыны оң допинг сынамасынан кейін титулдан айырған болатын. Енді Әлімханұлының қолында тек WBO белбеуі қалды.

Жаңартылған IBF рейтингінде Қазақстаннан бір ғана боксшы бар. Сұлтан Заурбек екінші жеңіл салмақта үшінші орында тұр және титулға үміткерлер қатарында.

Бұл дивизионда IBF чемпионы — мексикалық Эмануэль Наваррете. Сонымен қатар рейтингтің үздік ондығында Өзбекстан өкілдері де бар: Баходир Жалолов ауыр салмақта жетінші орында, ал Муроджон Ахмадалиев екінші жеңіл салмақта тоғызыншы сатыда орналасқан.

Abai.kz

0 пікір