Бытықы-шытықы, «КТК»
Осыдан үш төрт жыл бұрын экономикалық «әлеуеті көтеріліп» «қаны басына тепкен» еліміздің ойы мен қырында, тіпті ит арқасы қияң алыстағы ауылдарда «несие береміз», «қас пен көздің арасында байып шыға келесің» деп басталатын «Атымтай жомарт» банктердің жарнамасы қаптап кетіп еді. Қазақстанның қазір әлгіндей әлекейде шәлекей жарнамаға қарайтын халі жоқ. Есесіне елді өзге жылтыраққа еліктіріп, көптің көңіліндегі уайым мен күдікті басқа арнаға бұрып жіберетін шоу-бағдарламалардың құла тасқыны басталып жатыр.
Қазір телеарналардың жарнамасы, телжобалардың, сабын сериалдардың жарнамасы жарысқа түскен бір кезең болып тұр.

Сондай әйдік жарнама-билборд аты да, заты да бұлыңғыр «КТК» арансының үлесіне тиіпті. Мына суреттен көріп отырғаныңыздай «КТК»-ның журналистері алқызыл түсті тудың астында баяғы комсомолдарға ұқсап кеуделерін асқақ ұстай қалыпты. Қабақтары қатулы. Жанарларынан от шашып алыс бір қиырға көз тастайды. Құдды қызыл сұңқарлар. Қазақстан деген мемлекеттің ішікі ахуалынан хабарсыз пенде «КТК»-ның жарнамаларын көреген бетте: «Е-е, мұнда бұрынғыдай қызыл төңкеріс болыпты ғой тағы да» деп ойлауы әбден мүмкін. Алайда, бытықы-шытықы КТК-ның (бұлай деуімізге себеп аталған арнаның айналасындағы кейбір жәйттерге әлі нүкте қойылған жоқ. Қазақ тілді журналистер әкімшілік тарапынан кемсітушілікке ұшырап келеді) басшысы Арман Шораев билбордтағы көріністерді мүлде басқаша пайымдайды екен. Ол қоңырау шалып хабарласқан біздің тілшімізге өткен тарихты ұмытуға болмайды деді. Және мынаны айтты:
- Бәріміз де комсомолдардың шекпенінен шықтық. Біз ғана емес, ел басында жүрген Иманғали Тасмағанбетов бастаған бірқатар кадрлар сол бір кезеңнің жемісі. Енді келіп тарихты жоққа шығаруға болмайды ғой. Десек те, біздің жарнамамыздағы назарға бірден ілінетін қызыл жалаудың Кеңес дәуіріне ешқандай қатысы жоқ. Осы уақытқа дейін жарнама жасаудың түрлі тәжрибелері өткен. Мамандардың пікірінше қызыл түс бірден көзге түседі екен. Оның үстіне әу бастан «КТК» арнасының белгісі ретінде қызыл түсті таңдап алған болатынбыз. Меніңше, мұның астарынан Кеңестік дәуірдің идеясын іздеуге болмайды.
«Абай-ақпарат»