Сенбі, 15 Тамыз 2026
Әне, көрдің бе? 969 0 пікір 13 Тамыз, 2026 сағат 14:31

Сирек металдар: Австралия ақшасы Сарыарқаға ағылуда...

Сурет: exclusive.kz скрині.

Африкадан келген кен, Степногорск даласы және Австралиялық миллиондар...

Сирек кездесетін металдар төңірегіндегі ғаламдық деңгейдегі тарыста Қазақстан тағы бір сенсация жасауда...

Әлем геосаясат пен «жасыл энергия» үшін сирек кездесетін металдарға (редкоземельные металлы) таласып жатқанда, Қазақстан өңірінде өте қызықты әрі күтпеген ірі мәміле жасалды!

Степногорсктегі тоқырауға ұшыраған зауытты Австралия инвесторлары неге шұғыл сатып алып жатыр?

Бұл мәселені тереңірек талдасақ, оқиға желісі детективтік фильмнен кем түспейді:

Мәміле ауқымы: Австралиялық «Lindian Resources» компаниясы Астанада тіркелген «Silkway Metals» еншілес кәсіпорны арқылы Ақмола облысы, Степногорск қаласындағы «SARECO» (Summit Atom Rare Earth Company) өндірістік кешенін сатып алуда. Мәміле құны — 20 миллион АҚШ долларына жуық!

Африкадан — Сарыарқаға: Ең қызығы — бұл зауытта Африканың Малави мемлекетіндегі Канганкунде кен орнынан жеткізілетін монацит концентраты өңделеді! Жылына 12,5 мың тонна африкалық шикізат Степногорскке тасымалданып, мұнда қосылған құны жоғары сирек кездесетін металдардың аралас карбонаты шығарылмақ. Оған қоса, инвесторлар жергілікті шикізат пен қорларды да пайдалануды көздеп отыр.

Зауыттың шытырман тарихы: 2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» пен жапондық «Sumitomo» құрған бұл зауыт кейін «Тау-Кен Самұрыққа», 2019 жылы ресейлік «АТЭК» компаниясына өтіп кеткен еді. Ал 2024 жылы табысы 15 есеге құлдырап, 57,6 млн теңге шығынмен тоқыраудың аз-ақ алдында тұрған болатын. Енді, міне, австралиялық капитал зауытқа жаңа дем бергелі отыр! Өндірісті 2026 жылдың 4-тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Бұл бізге не береді?

Сирек кездесетін металдар — қазіргі электромобильдер, микросхемалар, жоғары технологиялар мен әскери өнеркәсіптің «алтыны». Қазақстанның әзірленген өнеркәсіптік инфрақұрылымы, теміржолы мен қолжетімді ресурстары әлемдік алыптар үшін өте тиімді өңдеу хабына айналып отыр. Бұл — жай ғана зауыт сату емес, Қазақстанның жаһандық жеткізілім тізбегіндегі стратегиялық орнын күшейтетін маңызды қадам.

Қазақстанның сирек кездесетін металдарды өңдеу бойынша аймақтық хабқа айналу мүмкіндігі қаншалықты жоғары?

Abai.kz

0 пікір