Сейсенбі, 18 Тамыз 2026
Жаңалықтар 480 0 пікір 17 Тамыз, 2026 сағат 22:23

Головкин Украинаның қара тізіміне енгізілді...

Сурет: El.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының базасына енгізілді.

Бұған ол басқаратын World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстарға Ресей туын көтеріп, әнұранын шырқап қатысуға рұқсат бергені себеп болды.

"Миротворец" базасындағы жазбада Головкинге қатысты "Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығын және украин азаматтарын өлтіруін қолдады" деген анықтама берілген.

Головкиннің өзі әзірге бұл жөнінде ресми пікір білдірген жоқ.

Биыл қаңтарда "Миротворец" базасына Қазақстанның бұрынғы парламенті мәжілісінің депутаты Айдос Сарым да енгізілген. Сайттағы ақпаратта Сарымның "Украинаны қолдаған Қазақстан азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуға бағытталған әрекетті жария түрде насихаттағаны" және "Ресей пропагандасының нарративін" таратқаны жазылған. Сарымның өзі мұны "күлкілі жайт" деп атаған.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір