Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5120 0 пікір 16 Қараша, 2009 сағат 05:28

Бейбіт Төлегенұлы. Білім беру саласындағы білімсіздік қайда апарды?

Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдық оқу жүйесіне көшуі туралы мәселе көтеріліп, баспасөз беттерінде талай мәрте талданып, талқыланды. Тіпті, республикамыздың жекелеген елді мекендерінде тәжірибе ретінде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіліп те үлгерді. Алайда, ойға алынып, сынақтан (апробация) өткізіліп жатқан реформаның мақсаты мен міндеті қандай - бұл сұрақтарға анық жауаптарды есту, білу еш жерден мүмкін болмай тұр.

Тиісті құзыреті барлардың айтатындары - тек қана мақтау. Құдды бір, балаларымыз он екі жылдық білім жүйесі бойынша көзін ашпаса, көштен қалып қоятындай сөз етеді. Қалай дегенмен де, аталған мәселе бойынша терең де жан-жақты ойласуды қажет деп санайтын сала мамандары мен қызметкерлері де бар.

Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдық оқу жүйесіне көшуі туралы мәселе көтеріліп, баспасөз беттерінде талай мәрте талданып, талқыланды. Тіпті, республикамыздың жекелеген елді мекендерінде тәжірибе ретінде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіліп те үлгерді. Алайда, ойға алынып, сынақтан (апробация) өткізіліп жатқан реформаның мақсаты мен міндеті қандай - бұл сұрақтарға анық жауаптарды есту, білу еш жерден мүмкін болмай тұр.

Тиісті құзыреті барлардың айтатындары - тек қана мақтау. Құдды бір, балаларымыз он екі жылдық білім жүйесі бойынша көзін ашпаса, көштен қалып қоятындай сөз етеді. Қалай дегенмен де, аталған мәселе бойынша терең де жан-жақты ойласуды қажет деп санайтын сала мамандары мен қызметкерлері де бар.

Осы тұста сөзіміздің салмағын арттыру үшін біз Қазақстан мен ГФР-дың білім беру жүйелерін жақсы білетін маман, ГФР-дың доктор-инженері, педагогика ғылымдарының докторы Асқарбек Құсайыновтың сөз етіліп отырған мәселеге қатысты айтқан ойларынан үзінді-мысалдарды назарларыңызға ұсына отырамыз. Яғни, Құсайынов мырзаның салыстырмалы деректеріне сүйене отырып,  Германияның білім беру ісіндегі тәжірибесіне көз жүгіртіп көрелік. Оларда 1-4 сыныптар - бастауыш, 5-6 сыныптар - бағдарлау бөлімі. Ал, 7-сыныптан бастап үш мектеп жұмыс істей бастайды екен: негізгі, іс жүзіндегі (реальная) және гимназия. Бұлардың қай-қайсысы да өзіндік мақсаттар мен міндеттерге негізделген бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізеді. Енді осыларға неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталайық.

Германияда балалар бастауыш мектептегі оқуды 6 жасынан бастауға міндетті. Алғашқы бастауыш бөлігінде олардың барлығы ортақ бағдарлама бойынша бірдей деңгейде оқып, білім алады. Басты мақсат - балаларға ілгерідегі оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін білім негіздерін үйрету.

Ал, 5-6 сыныптар - бағдарлау бөлімі деп бекер айтылмаған. Өйткені, тап осы бөлімде балалардың жеке икемділіктері мен бейімділіктері айқындалады, яғни олардың әрі қарай қай бағытта оқитыны - негізгіде ме, іс жүзіндегі де (реальная) ме, әлде гимназияда ма, қысқасы, оқуын қай бағытта жалғастыратыны анықталады. Мұндағы іс жүзіндегі деп отырған бағытта өмірдегі нақты, қажетті мамандықтар оқытылады. Бұл маңызды міндет екі жыл ішінде мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың ортақ күш біріктіруімен шешімін табады. Тараптардың әрқайсысы өз пікірлерін білдіреді, ол талданады, сонан соң ортақ шешім қабылданады. Осы алтыншы сыныптан соң оқушылар өздерінің бейімділіктеріне қарай үш мектепке бөлінеді. Оқу үлгерімі орташа балалар - негізгі мектепте, одан гөрі тәуірлері - іс жүзіндегі мектепте, ал таланттылары - гимназияларда оқитын болады.

Негізгі мектепте оқудың мерзімі - 4 жыл. Онда оқушылар 7-10 сыныптар көлемінде білім алады. Басты мақсат - кәсіптік оқу орындарына түсуге дайындық, яғни мұнда мұғалімдер басты назарды оқушылардың кәсіптік білім алуына аударады.

Іс жүзіндегі (реальная) мектепте оқудың мерзімі 6 жыл. Онда оқушылар 7-10 сыныптар көлемінде білім алады. Оқушы негізгі оқу бағыты ретінде жаратылыстануды - математиканы немесе әлеуметтік экономиканы,  социолингвистиканы және тағы басқаларды таңдап алуға құқылы. Бұл мектептің түлегі арнайы жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, жоғары білім алу үшін алдын ала міндетті түрде осы мектепті жақсы бағаға оқып бітіруі керек.

Ал, университеттік білім алу үшін гимназияда оқып, оның қабырғасынан жоғары сапалы біліммен шығуға тиіс. Гимназиядағы оқу 7 жылға созылады: төменгі сатысы - 7-10 сыныптар, жоғары сатысы - 11-13 сыныптар. Гимназияның басты мақсаты - барлық пәндерден терең білім беру, жаңа мәліметтерді өз бетінше меңгеру дағдыларын дамыту, оқушыларды ақпараттарды ғылыми әдістер бойынша жинау мен сұрыптау жолдары арқылы таныстыру, қысқасы, алдағы университеттегі оқуға оқушыны жан-жақты дайындау.

Германияда оқушылардың әрқилы икемділіктері мен бейімділіктеріне орай мектептердің бірнеше түрі қызмет етеді. Бұл мектептердің әрқайсысының түлектерінің статусы мен олардың потенциалдық мүмкіндіктері де әрқилы.

Дей тұрғанмен, бір нәрсені баса айтуымыз керек - 7-сыныптан бастап оқушылардың бір типтегі мектептен басқа типтегі мектепке ауысуға толық қақылары бар. Заңдық жағынан алғанда, бұл процедура тек оқушының білім сапасымен ғана анықталады. Мысалы, негізгі мектептің 8-сыныбын «жақсы» мен «өте жақсыға» бітірген оқушы көңілі қаласа, оқуын іс жүзіндегі мектептің 9-сыныбында жалғастыра алады. Ол үшін шәкірт оқу басқармасына өзін ауыстыру жөнінде арыз жазады. Көп жағдайда мұндай өтініштер қанағаттандырылады. Ал, іс жүзіндегі мектептің 8-сыныбын нашар аяқтаған, оқуға қызығушылығы жоқ оқушыны мектептің әкімшілігінің арызы негізінде негізгі мектептің 9-сыныбына ауыстыруға болады. Сондай-ақ іс жүзіндегі мектептен гимназияға және керісінше, ауысуға да болады. Негізгі мектепті жақсы бітіріп, жоғары білім алуды көксеген оқушы іс жүзіндегі мектептің 11-сыныбына өте алады. Ал, бұл мектептің түлегі университет оқуына дайындалу мақсатында гимназияның 13-сыныбына ауыса алады. Бұдан шығар қорытынды - балалардың терең де байыпты білім алудағы құқықтары толық сақталады.

Талдаудың тереңіне сүңгімей-ақ осы ерекшеліктерді тізіп шығайық. Бірінші: Германияда оқушының 7-сыныптан бастап, өзінің қабілет қарымына қарай, мектептердің үш түрінің бірін таңдауға хақысы бар. Ал, бізде бір ғана мектеп жүйесі қызмет атқарады.

Екінші: Германияда әр мектеп түлектерінің статусы бар, тіпті, негізгі мектеп түлегі құжаттарының статусы мен іс жүзіндегі мектептің және гимназияның 10-сыныптарын бітірген оқушылардың құжаттарының статусында өзіндік айырмашылық бар. Біздің орта білім беру жүйесінде мемлекеттік үлгідегі бір ғана құжат бар.

Үшінші: Германияда он жылдық оқу көлемінде білім алу мектептердің үш түрінің біреуінде ғана міндетті. Ал, біздегі міндетті толық орта білім он бір сынып көлемінде.

Төртінші: Германияда арнайы жоғары оқу орнына түсу үшін іс жүзіндегі мектепті (яғни, 12 жылдық оқуды), ал, университетке түсу үшін - гимназияны (яғни, 13 жылдық оқуды) бітіру міндетті. Ал, біздің елімізде орта білім туралы аттестаты бар әрбір түлек кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсыруға қақылы.

Бесінші: Германия 16 жер бөлігінен тұратын федералды мемлекет болса да, тек қана 13-сыныптың түлектеріне ғана мемлекет бойынша федералдық министрлік бекіткен арнайы кітапшалармен шығарылатын ортақ талаптар қойылады. Осы талаптар негізінде гимназия түлектерінің білім деңгейі бітіру емтихандарымен өлшенеді, университеке түсу үшін бұл оқушылар емтихан тапсырмайды. Біздің елімізде болса, соңғы жылдары жоғары оқу орнына түсу үшін компьютерлендірілген тест тапсырады.

Екі түрлі білім беру жүйесінің ерекшеліктерін салыстырып, тізе беруге болады. Бірақ, осы берілген мәліметтерге сүйене отырып-ақ бірқатар қорытынды жасай аламыз. Талдаулар түсінікті болу үшін Қазақстан мен Германиядағы жоғары білім беру жүйелері бойынша да бірқатар салыстырулар жасап көрелік.

Жоғары білім беру жүйесі де бізде бір-ақ түрлі. Бұрынғы сияқты, қазір де институттар, университеттер, академиялар біртекті, аясы тар жоғары біліммен қамтамасыз етеді.

Бұрнағы жылдары бірнеше институттар мен университеттерді біріктіру, араластыру есебінен жоғары оқу орындарын ірілендірулер жүргізілді, бірақ білім беру ісінің мән-мазмұнына бұдан келіп-кеткен ештеңе жоқ. Алты жылдық университет білімі екі сатыға бөлініп, бакалавриат пен магистратура құрылды. Ол жаңа проблемалар туғызды: маман-бакалаврдың қоғамдағы алар орны толық айқындалған жоқ. Бакалавр да, магистр да бір қызметте бірдей жалақы алады. Кейбір колледждер базасында академиялар құрылып, оларға да жоғары білімді мамандар даярлау құқығы бөлініп берілген. Жаңалықтың көкесі сол - колледждердің түлектері университетің 2-ші немесе 3-ші курсынан оқуға қабылданып, білімдерін жалғастыра алады. Ал, Германияның жоғары білім беру жүйесінде орнығып бекіген және тұғырлы заңдық негіздері бар.

Осыншалық айырмашылықтар болғанына және материалдық-техникалық базасының (білім беру түріне сәйкес жабдықталған мектеп ғимараттары, құжаттық, заңдық-құқықтық негіздері және т.б. жоқ) қалыптаспағанына қарамастан, Білім министрлігі белгілі бір топтардың лоббиімен жаңа жүйені еліміздің білім беру жүйесіне күштеп, нығарлап кіргізді де жіберді. Ұтқан кім, ұтылған кім?..

 

Мәселенің екінші қыры

Елімізде «білім беру жүйесі он екі жылдыққа көшеді» дегенді естігеннен кейін-ақ оқушылардың, солармен бірге ата-аналардың («патшалардың патшасы - баланың көңілі» деген ғой) арасында психологиялық тұрғыдан алғандағы үнсіз истерика басталды деуге болады. Оны қайдан шығардың дерсіз: қарайық. Осындай дүрлігіс басталғанын мынадан-ақ білуге болады. Балалары 9-сыныпты бітірген ата-аналар жаппай (былтырғы және биылғы жылы) колледждерге балаларын жетелеп ағыла бастады. ЖОО-дағы студент ұл-қыздарына іркес-тіркес «мен де оқимын» деп қыңқылдаған бала қосылғанда, «алдыңғыларын қайтем» деп жүрген ата-ана желкесін қаси-қаси шимандай болып отыр. Мұның өзі ауыл мен қаланың қоғамдық-әлеуметтік өміріне үлкен әбігер туғызды. Колледждерде жатақханалардың жоқ, яки орынның жетіспейтіндігі өз алдына, қаланы көрмеген, қалай жүріп-тұруды білмейтін жасөспірім ұлдар мен қыздардың бірталайы туған-туыстарының үйінде тұрып жатыр. Оның салдарын көзіңізге бізсіз де елестете аласыз.   Бұл жерде құзырлы министрліктің «жұлып алды» реформасын бір айыптасақ, «айналып келгенде алатының сол орта білім, әрі қарай тағдыр-талайыңа қарай көре жатарсың» дегенді ұыл мен қызына түсіндіріп, «асықпағанның арбамен қоян алатындығын» жетесіне жеткізе алмаған ата-ананы бір жазғырасың.

Жарайды, осы күнгі ұрпақ ата-ананың ықпалынан кеткен, іштен оқып туған «пәлелер» деп кейбір кейінгі буынды айыптағыш аға буынның ығына жығыла салайық, «қайтесің, енді» дейін десең, қаланың өміріндегі, оның тыныс-тіршілігіндегі ахуалдардан тағы да еріксіз іш жиясың. Қылмыс жасап жатқандар да «еркіндікке» шыққан сол жасөспірімдер, қылмыскерлердің жемтігіне айналып, тіпті, құрбаны болып жатқандар да сол оң-солын танып үлгермегендер. Бір министрлік екіншісіне «жұмыс» тауып беріп жатқаны өз алдына, оған қоса, қаншама тағдырлардың талқандалып, армандардың аңырап қалғанымен әлгі «жұлып алды» реформаны енгізушілердің мүлдем шаруасы жоқ десек, еш артық кетпесіміз хақ.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434