Ақберен Елгезек. Ақ Орданың іші ақ боранға айналғалы тұр
Франция билеушісі XIV Людовик заманында: «Мен біреуге қызмет бергенімде, өзіме тоқсан тоғыз жау және жақсылықты бағаламайтын бір қайырымсызды тауып аламын» - деген екен. Шындығында XIV Людовиктен қалған сөздің астарында мемлекеттегі бар билікті қолына шоғырландырған басшының трагедиясы жатыр. Себебі, бірінші басшы қашанда маңайындағылардың билігінде болады. Бұл - саясаттың бұлжымас заңы. Ал, одан зардап шегетін сол билікке басыбайлы қоғам ғана.
Біздің билігіміздегі ауық-ауық орын алып тұратын ауыс-түйістер де жоғарыда айтылған ережелер бойынша жүзеге асып жатады. Өткен аптадағы тағайындаулардың артында да саяси тиімділіктен гөрі, элитаралық мүдделердің қақтығысы тұрғанын саналы оқырманымыз қапысыз түсінді деп ойлаймыз.
Олай болатын болса, біз бүгінгі мақаламызда Қазақстанның саяси майданында қандай үрдістер жүріп жатыр, кім күшейіп, кім әлсіреді, не өзгеріп, не өзгермек, қандай саяси топтың дәурені жүріп тұр, қандай топтың көкжиегі тұмшаланып барады? - деген сауалдарға жауап беруге тырысамыз.
Ең алдымен, Қазақ мемлекетін басқарып отырған элиталық топтарға мінездеме беріп, оларды деңгей-деңгейімен талдағанымыз жөн болар. Ол үшін біз Қазақстандағы элиталық топтарды төмендегі белгілер бойынша бөліп алайық.
Бірінші деңгейдегі саяси элиталық топтар
Франция билеушісі XIV Людовик заманында: «Мен біреуге қызмет бергенімде, өзіме тоқсан тоғыз жау және жақсылықты бағаламайтын бір қайырымсызды тауып аламын» - деген екен. Шындығында XIV Людовиктен қалған сөздің астарында мемлекеттегі бар билікті қолына шоғырландырған басшының трагедиясы жатыр. Себебі, бірінші басшы қашанда маңайындағылардың билігінде болады. Бұл - саясаттың бұлжымас заңы. Ал, одан зардап шегетін сол билікке басыбайлы қоғам ғана.
Біздің билігіміздегі ауық-ауық орын алып тұратын ауыс-түйістер де жоғарыда айтылған ережелер бойынша жүзеге асып жатады. Өткен аптадағы тағайындаулардың артында да саяси тиімділіктен гөрі, элитаралық мүдделердің қақтығысы тұрғанын саналы оқырманымыз қапысыз түсінді деп ойлаймыз.
Олай болатын болса, біз бүгінгі мақаламызда Қазақстанның саяси майданында қандай үрдістер жүріп жатыр, кім күшейіп, кім әлсіреді, не өзгеріп, не өзгермек, қандай саяси топтың дәурені жүріп тұр, қандай топтың көкжиегі тұмшаланып барады? - деген сауалдарға жауап беруге тырысамыз.
Ең алдымен, Қазақ мемлекетін басқарып отырған элиталық топтарға мінездеме беріп, оларды деңгей-деңгейімен талдағанымыз жөн болар. Ол үшін біз Қазақстандағы элиталық топтарды төмендегі белгілер бойынша бөліп алайық.
Бірінші деңгейдегі саяси элиталық топтар
Бұл шоғырға еліміздің саяси-экономикалық кеңістігіндегі ең ықпалды һәм ауқатты адамдар кіреді. Бұл кландарды Президенттің отбасына қатысы бар адамдар және оның сеніміне кірген, Елбасының билігін күшейтуге барын салып жүрген тұлғалар құрайды.
Бүгінгі таңда аталған шоғырға Тимур Құлыбаев - Кәрім Мәсімов, Нұртай Әбіқаев, Аслан Мусин, Иманғали Тасмағамбетов, Әділбек Жақсыбеков, Марат Тәжин, Өмірзақ Шүкеевтердің топтарын кіргізуге болады.
Екінші деңгейдегі саяси элиталық топтар
Бұл шоғырға бірінші шоғырымыздан ықпалы да қаржысы да кем емес ойыншылар кіреді. Алайда олар еліміздегі ішкі және сыртқы саясатқа толыққанды ықпал ете алмайды.
Бұлар - Машкевич-Шодиев /Еуразиялық топ/, Ни /кәріс кәсіпкерлер тобы/, Нұржан Субханбердин /Қазкоммерцбанк тобы/.
Үшінші деңгейдегі саяси элиталық топтар
Бұл деңгейдегі топтарды алғашқы екі шоғырға белгілі себептермен кіре алмай жүрген ірі қаржылық-өндірістік бірлестіктер мен қолында үлкен қызметі бар, бірақ болашағы бұлыңғыр шенеуніктер құрайды. Олар - Қ.Тоқаевтың, О.Мұхамеджановтың, Қ.Саудабаевтың және әртүрлі саладағы министрлер мен әкім-қаралардың топтары.
Жақында бұл шоғырға «Нұр Отанның» тізгінін қолына алған Н.Нығматуллин де еніп кетті.
Мақаламыздың келесі жартысында аталған топтардың қазіргі кезеңдегі хал-ахуалы мен олардың жақын арада өзгерістерге себепкер бола алатын іс-әрекеттері жөнінде әңгімелеп бермекшіміз.
Бұл кландардың мақсат-мүдделері қайтсе де өзінің қызметін сақтап қалып, қазына-қамбасын одан әрі толтыра беру екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен де бүгінгі жағдайда аталған тұлғаларды Н.Назарбаевтан кейінгі Қазақстанның тағдыры қатты алаңдатын болып алды. Ел Президенті кейінгі сайлауда жеіңске жетісімен элиталар арасындағы соғыс басталып та кетті.
Қазақстан секілді мемлекетте саяси тұрақтылық тек қана элитаралық келісімнің арқасында ғана орнайтыны белгілі. Алайда, әлемдік қаржылық дағдарыс пен алдағы келе жатқан саяси науқан бұл тұрақсыздықты одан әрі қырық құбылтты. Ендігі кезекте саяси мәселелер өз алдына, элиталық топтар осындай «ауыр» кезеңде қаржы көздерін бөліске салуға кірісіп кетті. Экономикалық қуатқа қол жеткізетін қаржы бұлақтарын иемдену үшін саяси тетіктер керек екені айдан анық. Сондықтан соңғы бір-екі жылда биік лауазымды қызмет орындарына талас басталғанынан оқырманымыз хабардар деп ойлаймыз. Оған қоса Рахат Әлиевтің тобы құрдымға кетіп, бірқатар қаржылық-өндірістік бірлестіктердің басшылары қамауға алынған соң, потенциалы жоғары ойыншылар саяси алаңнан кетіп тынды.
Демек, өткен аптадағы ауыс-түйіс біздің саяси кеңістігіміздің матрицасын өзгертуге алып келген алғашқы леп десек те болады.
Жаңа өзгерістерге мұрындық болып, елдің саяси тарихын өзге арнаға бұруға арналған тынымсыз ізденістерге бой алдырып жүргендердің ішінде Аслан Мусиннің аты жиі атала бастады. Екі облысқа басшы болып келіп, ақыры Елбасының қасынан бір-ақ шыққан Аслан Есболайұлы саясаттың ауа-райын өзіне қолайлы етіп алуға барынша ден қоюда. Дархан Калетаевтың «Нұр Отаннан» кетіп, билеуші партияға Нұрлан Нығматуллиннің келуі Мусин үшін үлкен саяи жеңіске айналды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, Президент әкімшілігін басқара отырып Президенттің саяси-иделологиялық «әкімшілігіне» айналып үлгірген партияның екінші басшысымен алакөз болу Аслан Мусинге абырой таптырмас еді. Дархан Аманұлының басқа қызметке ауысуына қуанышты Мусиннің Нығаматуллинмен құшақ айқастыра кететініне әзірше бәс тіге алмаймыз. Ал, Нығматуллиннің билік партиясындағы екінші тұлғаға айналуы Президентті мақтау мен мадақтаудың жаңа, тың формаларын дүниеге келтіретіні сөзсіз. Партия төрағасының бүгінгі бірінші орынбасары Қарағанды облысында әкім болған кезде, өзіне және бастығына (Президентке) жарнама жасаудан алдына жан салмайтын адам екенін дәлелдеп берген.
Серік Ахметов Қарағандыға кетті. Бұл А.Мусин мен Т.Құлыбаев-К.Мәсімов топтары арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асты деуге болады. Қарағанды секілді стратегиялық облысты алу үшін Д.Кәлетаевты «құрбандыққа» шалу Т.Құлыбаев-К.Мәсімовке аса қиынға соққан жоқ.
Алайда, бұл «сауда-саттық» Дархан Кәлетаевтың ұстазы атанып жүрген Марат Тәжиннің оң жамбасына келе қоймасы анық. Сондықтан жақын арада Тәжин бастаған топтың реванштық қадамын күтейік. Реванш Кәлетаевты жаңа белестерге алып шығуы да ғажап емес. Мысалы, Президент партия бойынша бұрынғы орынбасарын Шығыс Қазақстанға әкім қылып, болмаса, өзі еңбек жолын бастаған Мәдениет және ақпарат министрі етіп тағайындауы мүмкін. Егер Д.Кәлетаевке министр портфелін тапсырса, Мұхтар Құл-Мұхаммед Қытай Халық Республикасындағы елші немесе Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болуы ықтимал.
Өткен аптада Abai.kz ақпараттық порталы жаңа жылды жаңа үкіметпен қарсы алуымыз мүмкін деген жорамал жасаған болатын. Сол болжамымыз шындыққа айналатын түрі бар. Кез келген саяси өзгерістер Ақ орданың ішін ақ түтек боранға айналдырып жіберетініне қазіргі заман тарихы куә. Ақыры өзгеріс басталған екен, ол барлық элиталардың қимыл-қозғалысын тудырып, жаңа жағдайда өз орынын анықтауға алып келеді.
Қазақстанда бәрі болуы мүмкін. Президент Иманғали Тасмағамбетовке екінші рет Министрлер кабинетін басқаруды тапсырса, таңқала көрмеңіз. Осы ретте Тасмағамбетов басқа шенеуніктерге қарағанда барлық қызметтерін екі реттен атқарып үйреніп қалғанын естеріңізге салудың қажеті жоқ шығар.
Егер бұл болжамымыз жүзеге асып жатса, Мусиннің жағдайы нашарлауы кәдік. Елбасы элитаралық қарым-қатынасты ескере отырып, жүзаралық балансты да ешқашан ұмытпайды. Сондықтан, Президент мұндай шешімді қабылдайтынын айтса, Мусин бұндай әрекеттен Елбасын жатпай-тұрмай бас тартуға мәжбүрлейді.
Жаңа үкіметке лайық деп жүргендердің ішінде Қырымбек Көшербаевтың фамилиясы да жиі айтыла бастады. Бұл кісі ешкіммен қақ-соғы жоқ деп адам ретінде құрметті. Дегенмен, Көшербаевтың Премьер болуы Тасмағамбетов тобына өте тиімді болар еді. Мусин Президенттің бұл шешіміне де неге қарсы болатынын айтпай-ақ қояйық.
Өмірзақ Шүкеев Үкімет басына келсе, Аслан Мусиннің командасына ешқандай қауіп төндірмесе керек. Сондықтан Мусинге Шүкеевтің кандидатурасына жұмыс істеу ғана қалып тұр. Әйтседе, Abai.kz ақпараттық порталында болжағанымыздай Алматы қаласында да өзгерістер орын алуы мүмкін. Қала басшылығына бірден бір лайық кандидатура деп дәл осы Шүкеевті айтуға болады.
Бәрін уақыт көрсетеді. Қоғамның қолынан келетін дәрмен жоқ. Біз үнсіз тағайындалуларды күтеміз. Бірақ ешқандай өзгеріс болмайтынын және білеміз.
Осы жерде XIV Людовиктің шөбересі XV-нің сөзі есіме түсіп отыр. Ол: «Бізден кейін жердің бетін топан су алса да, бәрі бір!» - депті. Біздің атқамінерлердің сондай пікірде болмасына кім кепіл?
Ал, болашақ бізге және біздің ұрпақтарымызға керек. Саяси санаң ояу болсын, Алаш! Абай болайық!
«Абай-ақпарат»