Ерлан ӘБДІРҰЛЫ. Ешкіңізді де ерте кетіңіз...
Осыдан бірер апта бұрын «Азамат», «Болашақ» сияқты жастар ұйымдары бас қосып, атышулы «Келін» фильмінің «Оскарға» ұсынылғанына қарсылық ретінде баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Сол мәслихатқа орайлас мәлімет берген Руслан Желдібай есімді жігіттің «Ана тілі» газетінде шыққан мақаласын оқыған режиссер Ермек Тұрсынов (фильмнің авторы) газетті құшақтаған күйі «Время» басылымының қолтығына барып тығылып, сол жақтан қамқоршы іздеп жатқан сияқты. Әйтеуір, аталған басылымда қатарынан екі материал жарық көріп, Тұрсынов мырза бар мұңын ақтарып, туған жұртына тас-талқан болып өкпелепті.
Некрологтан басқаның бәрі пиар заманда тек ақша табуды көздейтін жігіттерге жарнама жасап қажеті жоқ еді. Бірақ «ешкіқұмар» Ерекеңе елжірей қоятын жастар жоқ болып шықты. Олар Алматы қаласының прокуратурасына, ҚР Паламент Мәжілісінің әлеумет және мәдениет комитетінің депутаттарына сауал жолдап, Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға, Сыртқы істер министрлігіне хат жіберді. Алматы қаласы прокуратурасы болса, бұл мәселеге Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен қалалық мәдениет департаменті жауап беруі тиістігін мәлімдеді. Мәдениет департаментіндегілер негізгі жауапты министрлік беретінін айтады.
Осыдан бірер апта бұрын «Азамат», «Болашақ» сияқты жастар ұйымдары бас қосып, атышулы «Келін» фильмінің «Оскарға» ұсынылғанына қарсылық ретінде баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Сол мәслихатқа орайлас мәлімет берген Руслан Желдібай есімді жігіттің «Ана тілі» газетінде шыққан мақаласын оқыған режиссер Ермек Тұрсынов (фильмнің авторы) газетті құшақтаған күйі «Время» басылымының қолтығына барып тығылып, сол жақтан қамқоршы іздеп жатқан сияқты. Әйтеуір, аталған басылымда қатарынан екі материал жарық көріп, Тұрсынов мырза бар мұңын ақтарып, туған жұртына тас-талқан болып өкпелепті.
Некрологтан басқаның бәрі пиар заманда тек ақша табуды көздейтін жігіттерге жарнама жасап қажеті жоқ еді. Бірақ «ешкіқұмар» Ерекеңе елжірей қоятын жастар жоқ болып шықты. Олар Алматы қаласының прокуратурасына, ҚР Паламент Мәжілісінің әлеумет және мәдениет комитетінің депутаттарына сауал жолдап, Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға, Сыртқы істер министрлігіне хат жіберді. Алматы қаласы прокуратурасы болса, бұл мәселеге Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен қалалық мәдениет департаменті жауап беруі тиістігін мәлімдеді. Мәдениет департаментіндегілер негізгі жауапты министрлік беретінін айтады.
Жастар ұйымдарының Сыртқы істер министрлігіне жазыған хатында ЕҚЫҰ-ға төрелік еткелі отырған Қазақстанның атынан «Оскарға» ұсынылған бұл «шедеврдің» қазақ республикасының сыртқы имиджіне кері әсер ететіндігі айтылған.
Қазақ «келіннің аяғынан» дейді. Бірақ мына «Келіннің» қадамы жақсылық емес-ау. Фильмді жасаушылар - «Қазақфильмнің» төңірегіндегі бір шоғыр мен солардың шашпауларын көтеруішілер «Келінді» соны жаңалық, баға жетпес туынды, мың жылда бір келер идея деп бағалап телпектерін аспанға атып алақайлап-ақ жатыр. Екпіндері Ертісті теріс ағызардай. Лепіргенде лептері анау-мынау адамды ұшырып жіберердей. Әркім өз деңгейінде ойлайды ғой. Ермек Тұрсыновтың бір сұхбатында «Келін» - қазақ келіндерінің гимні» дегенін ұмытпаған шығарсыз. Не дейміз, өмірдегі келін атаулы Ермектің кейіпкеріндей болсын деуге ауыз бармайды. Оның үстіне келіндердің әнұраны «Келін» болса, көрбақтың көкесін сонда көрер едік.
Қазіргі жастар «қазақпын» деп кеуде соғуға намыстанатын сияқты. Өтіңіз жарылып кетсе де бүгінгі әңгіменің ұзын-ырғасы осы. Қазақ тақырыбын, тілдің тағдырын көтеру - жауыр болған. Дұрысы, жауыр қылған. Қазақтың ошақ қасындағы күйбең әңгіменің төңірегінде түртінектеп жүргенін, келтебақай, бәкене ойлы болғанын құп көретін билік өздерінің сүйек-саяғына зәру тұрсыновтардың қолымен ұрпағыңыздың санасын осылай улап жатыр. «Қазақ болудан ұял!» дейді олар. Рас-ей, қодасқа мініп, қорада тұратын баба кімге мақтан?..
Билікті ақымақ деп кім айтты? Жоғарыда айттық, миы жұмыс істейтін қазақ оларға түкке де керек емес. Басы бар жұрттың ақырып теңдік сұрай алатынын олар білмейді дейсіз бе? Тақтан тәтті не болсын. Тақсыз қалғанша сабан ми халықтың несібесін сорып, майтабан болған жақсы емес пе?
Тағы не? Бір қазақтың ұлын әлдебір жүн кеуде соққыға жықса бізге қазір бәрібір. Сенің туған ұлың болмаса болғаны. Қызыңды дөңкиген біреу өңгеріп әкетіп бара жатса да қыңқ дейтін жан жоқ. Қыңқ десе, жазатайым көріп қалып, онда да намысының оянғанынан емес, «жұрт не дейді?» дейтін жалтақ психологиямен қимыл етуі мүмкін, әупірімдеп. Осы күнгі қазақта ақыл айтатын дені дұрыс шал да жоқ. «Ойбай, үндеме, жұмысыңнан айырылып, аш қаласың» дейді. Аса мәртебелі биліктің халықтан айдағанына жүре беретін маңырақ тобыр жасап алғаны емей немене, өрең ертеңгі қара нанды ғана ойлауға жетіп тұрса?
Есеміз кетіп барады. Кинода да. Соңғы уақыттары елімізде жөйіттер жайлы жазылған шығарма, туынды, кино үнемі жүлдегерлердің қатарынан көрінеді. Немесе қазақтың ұлт сияғы жоқтығын тікелей не жанама дәріптеген кино (ұялы телефонмен түсірілген кинопішіндес бірдеңе болса да бәрібір, бастысы дарақы, жабайы тұрмысты, іріген-шіріген, құндылық атаулыдан жұрдай ауыл мен қала көрсетсең және оны қазаққа теліп қойсаң, қазақты бордай тозған бейшара, сорлы, нақұрыс, бақсы мен отқа сыйынудан өзге жүрегінде сенім жоқ әйтеуір бір дүмше жаратылыс етіп көрсетсең, сол арқылы қазақ болғаны үшін ұялтып, намысын өшіріп, сағын сындырып, түбі, тамыры, тарихы жоқ, қаңбақ ұлт екенін санасына сіңірсең болғаны) байқаулардан жүлдесіз оралған емес.
Бақсы демекші, бақсылықты бар фильмге жапсыратын салт неге пайда болды киношыл данышпандарда? «Көшпенділерде» бақсы жүреді, «Бақсы» деп арнайы фильм тағы түсіреміз. «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым, тап шыным». Қазақ бақсыны бекерге мұсылман зиратынан бөлек жерелмеген болар? Түсіндіріп жату - артық шаруа. Онда неге оларды үстерінен құс түгілі шаң ұшырмай жарнамалап жатырмыз? Кімге, неге керек мұндай идеология?
Бірді айтып бірге кетті демеңіз, бастысы, қазіргі қалыптасып жатқан, анығында қалыптастырылып жатқан көзқарасқа салсақ, ұлтты оятудан гөрі, бұқпантайлатуға, жалтақ, жасық болуға бейімдейтіндердің кинолар, қазіргі ұсқындары өз анасына шабатын бала туралы «мегафильм» түсіруден де тайынбайтын режиссерлер (солай деп айтуға болса) үшін бұл - өнер. Біреулер «өнерге идеология ретінде емес, жай өнер туындысы ретінде, еркін ой ретінде қарау керек» деп жүр... «Оттапты, Сырлыбай!» деген сөз қай фильмде еді?
Келін емес, келсап болған «көпвекторлы» «Келінімізге» қайта оралайық. «Бұл фильм қазақтар туралы емес» дейді. Рас, оқиға біздің дәуіріміздің алғашқы жылдарын баяндайды. Бір қарағанда, шынында қазаққа қатысы жоқ. Тоқтай қалыңыз. Режиссердің сұхбатын оқыңызшы: «жалпы, менің ойымша, «Келінді» шетелге апарып, қазақтың имиджі ретінде көрсету керек». Қараңызшы, фильм қазақтар туралы емес, бірақ режиссер оны «мынау қазақтар, кешегі өткені осындай еді, қазір де осыдан арылған түгі жоқ, қазақтың имиджі осы» деп шетелге апарып көрсеткісі келеді. Синопсисін былай жаза салуға болады - адамдықтан жұрдай тобырдың тіршілігі, қызынан қалыңмалды артық көрген әке, ойнас келін, арсыз жігіттер, ұятсыз бала, бақсы ене. Кейіпкер де, әуен де, күлкі де «бұлар - қазақтардың ата-бабасы, олар осындай болған» дегенді санаға сіңіру...
P.S.
Расында, некрологтан басқаның бәрі пиар заманда (өйткені, «Келіннің» режиссеріне қазақтың өзін-өзі іштей қажап отырып жазған осындай дүниесі де аса керек болып жүргені байқалады) тек ақша табуды көздейтін жігіттерге жарнама жасап та қажеті жоқ еді. Бірақ қазақты әлемге танытып бір жарылқап тастамақ Тұрсынов мырзаның туындысы түркілерді тексіз етіп көрсету миссиясын енді ақпарат құралдары арқылы жүргізе бастады. Байқаған да шығарсыз, «Келін» шырақ «Оскарға» ұсынылғалы бері орыстілді ақпарат құралдары бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай бұл картинаны жаныға жарнамалап жатқан жоқ па? Олардың құлқынын тескен нәрсе: қазақтың санасы сауықпаған күйде жүре беруі екенін ойласақ, түсінікті де. Тіпті бір интернет-сайт «шетелге Бекмәмбетов пен Апрымов кетіп калды» деп аһ ұрып, Тұрсыновтың да солардың арттарынан боқшасын жиып алып таяп тұруы мүмкін екендігенен қауіптеніпті. Кім біліпті, әркім өз деңгейінде ойлайды ғой, кетем десе, жолы болсын! Кім кетпей жатыр. Ешкіңізді де ерте кетерсіз, керек болып қалар...