Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3971 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 07:15

Талғат ТЕМЕНОВ: ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТІ БАР АДАМ ҒАНА ТҮСІНЕДІ

Өмірдерек
Талғат Досымғалиұлы ТЕМЕНОВ.
Туған жылы мен күні: 1954 жылдың 23-ші қарашасы.
Туған жері: Алматы облысы, Шелек ауданы, Малыбай ауылы.
Мамандығы: режиссер, актер.
Білімі: жоғары. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның актерлік бөлімін, сонымен қатар Мәскеудің режиссерлер даярлайтын екі жылдық курсын бітірген.
Өнер жолы:
1976 жылы Талдықорған театрында актер;
1986 - 88-жылдар аралығында «Мосфильмде» режиссер;
1988 - 94-жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режиссер;
1994 - 2000 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында ректор;
2001 - 2003 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында көркемдік жетекші;
2005 жылы «Көшпенділер» мега-жобасында қоюшы-режиссер;
және сол - 2005 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры және көркемдік жетекшісі.
Атақтары мен марапаттары:
Қазақстан Республикасының халық артисі; профессор.
Көптеген халықаралық кино-байқаулардың жүлдегері.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.

Өмірдерек
Талғат Досымғалиұлы ТЕМЕНОВ.
Туған жылы мен күні: 1954 жылдың 23-ші қарашасы.
Туған жері: Алматы облысы, Шелек ауданы, Малыбай ауылы.
Мамандығы: режиссер, актер.
Білімі: жоғары. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның актерлік бөлімін, сонымен қатар Мәскеудің режиссерлер даярлайтын екі жылдық курсын бітірген.
Өнер жолы:
1976 жылы Талдықорған театрында актер;
1986 - 88-жылдар аралығында «Мосфильмде» режиссер;
1988 - 94-жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режиссер;
1994 - 2000 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында ректор;
2001 - 2003 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында көркемдік жетекші;
2005 жылы «Көшпенділер» мега-жобасында қоюшы-режиссер;
және сол - 2005 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры және көркемдік жетекшісі.
Атақтары мен марапаттары:
Қазақстан Республикасының халық артисі; профессор.
Көптеген халықаралық кино-байқаулардың жүлдегері.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.

- Қазіргі қазақ киносы десек, Тал­ғат Теменов - Талғат Те­ме­нов десек, кино әлемі көзге елес­тей­тіні белгілі. Сонау 80-жыл­дардан бері көрермен көзін кө­гілдір экран арқылы қуантып ке­ле жатқан азаматсыз. Театр­да­ғы еңбектеріңізді былай қой­ғанда... Ал енді, өнер қыранының шын бағасын халық берері бес­е­не­ден белгілі жағдай. Десек те, өз-өзіңізге осы уақыт ішінде баға бе­ріп көрдіңіз бе? Сіз үшін Талғат Теменов деген есімнің салмағы қандай?..
- Мүмкін, баяғы балаң кезде, ал­бырт кезде, аңғал кезде - жас ке­зімізде, алды-артымызға әлі қа­рамаған, артық-ауыс сөз айтып қа­л­ған кездерде, үлкен бір ар­ман­дардың, қиялдардың жетегінде жү­ріп, осылай «Талғат Теменов бо­­лып қалыптассақ» деген ой бол­­ғаны хақ. Олай болуы тиіс те, заң­­ды­лық та еді. Бірақ уақыт өте ке­ле не­ғұрлым өнерде еңбек еткен са­­йын, соғұрлым өзіңе деген та­лап та күшейеді. Кейде күннен-күнге көк­тем жылуына еріген қар­дай, көз алдымызда кей­бі­реудің кі­ші­рейіп бара жатқанын ой­лағанда, өз-өзіңнен ұяласың. Се­бебі бү­гінде осындай атақ-абы­ройға ие бол­ғанның өзі, мен үшін үл­кен жа­уапкершілікті алға қо­йып, ал­ды-артың солай ай­қын­дала тү­се­тін сияқты. Осы күнгі қа­зақ өне­рінің көп сарбаз­да­ры­ның бірі боп шап­қың келсе, қол­дан келсе, бір­де болмаса бірде ха­лықтың кө­ңі­лінен шықсам, мен үшін үлкен ба­қыт осы деп білемін. Ал бас­қа­сының барлығы:
«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақ­тап», - деп Абай айтпақшы... мі­не, мен де осы пікірді ұстанған жан­мын.
- Адам баласының әрбір к­е­зе­ңінің өз ерекшеліктері болады ғой. Балалық шақ бір бөлек әлем. Жас­тық дәурен өзінше бір құбы­лыс деген. Сол сияқты, сіздің өнер­дегі өміріңізді де әр кезеңге бө­луге болады. Әлемнің алғашқы бас­палдағына имене аяқ артқан бая­ғы бала Талғат пен қазіргі аға Тал­ғат­тың арасында қандай айыр­ма­шылық бар? Шығар­ма­шылы­ғы­ңыз­дың ең гүлденген ша­ғы деп қай кез­ді айта аласыз?
- Әрине, балалық кез деген бұл - адамның ең бір керемет шақтары.
Баяғыда бір ұлы жазушы: «Адам жеті күн ғана өмір сүреді, қал­ған жетпіс жыл бойы сол же­ті күн­гі өмірін жырлап өтеді», - де­ген екен. Біз де бала кезде аң­ғал бол­дық, ақынжанды болдық, жақ­­­сылыққа, сұлулыққа іңкәр бол­­д­ық. Поэзияға, әдебиетке, эпос­­­қа, қазақтың ән-жырына, кү­­йіне, биіне ғашық боп өстік. Сол себепті де бойымызда жақ­сы­­лыққа деген бір ұмтылыс се­зім­дері пайда болды. Бүгінгі күндері бол­са, алды-артымызға қарай ала­тын, ақыл тоқтатқан кезеңімізде, өзі­міздің істегенімізден гөрі, істей­ті­німіздің көп екенін түсінген кезде, кей­де ұй­қыңнан да ерте оянады екенсің. Тіпті түнде шырт ұйқыдан оянып ке­тіп, неше түрлі ойларға ба­тасың. Кей­де өз-өзіңе ренжисің, кей­де өзің­ді жек көресің. Мұның бар­лығы өнер адамы үшін кәдімгі құ­былыс деп білемін. Бірақ менің осы уа­қыт­қа дейінгі өнер жо­лым­дағы, шы­ғармашылығымдағы жет­кен биігім қай деңгейде деп ой­лаушы едім. Қалай десек те, мен әлі еш­теңеге де жеткен жоқпын. Ме­нің шы­ғар биіктерім енді ғана күр­де­лене түсті, шыңдарым әлі ал­дымда деп ойлаймын. Өзімнің жос­парым да, өсу жолындағы шын ниетім де осы.
- Ендігі әңгімемізді қазіргі қазақ ки­носына қарай бұрсақ. Қазіргі ки­нода, әсіресе, жастарға арналған ки­нода актерлік шеберлік ақсап жа­тады дегендей пікірлер бар. Об­разға ену шынайылығы әлі де болса же­тіспейді деп жатады. Кейде, тіп­ті осы киноға түскен ұл немесе қыз кім десе, ол - заңгер немесе әнші, бол­­маса мүлде басқа да техникалық оқу орнының студенті екен деген сын­ды әңгімелерді халық айтып жа­та­ды. Режиссердің бұған берер жа­уабы: «ол - мен үшін түрі келсе, ке­­йіпке енсе болғаны» дейді. Сонда, ак­­терлік шеберлік кинода екінші план­да тұра ма? Бұған не айтасыз?
- Әр адам өзінің мама­нды­ғы­мен айналысқаны дұрыс. Егер тіс дә­рігерінің орнына зоотехник ма­маны барып жұмыс істесе, паровоз жүр­гізушісінің орнына ұшқыш отыр­са, ұшқыштың орнына шах­тер келетін болса, өмірде хаос бола­ды. Сол секілді, үлкен өнерде әсі­ресе, кино, театр саласында шын мә­нінде, кәсіби маманның бол­ға­ны дұ­рыс. Оның үстіне, актер ше­бер­­лігі тек қана білімділікті ғана емес, бұл ең алдымен интеллектіні та­лап ете­ді. Сонымен бірге, адам­ның Алла сыйлаған, табиғат бер­ген сырт кел­беті мен түр-тұлға­сы­нан бас­қа, ак­тердің дауысы, бол­мысы, бойы, ойы, көзі, сөзі, жан-дү­ниесі, оның фи­лософиясы, қын­жы­лысы мен күй­зелісі, қуанышы мен қай­ғысы - осының барлығы эк­ранда, көз ал­дымызда көрініп тұ­рады. Өйт­­кені көз - адам жа­нының, іш­кі дү­ниесінің айнасы де­мекші, ак­тер не­ғұрлым терең бол­ған сайын, со­ғұрлым оның об­раз­ды аша түсері хақ. Мы­салы, қа­ра­ңызшы. Ке­зін­де Нұрмұхан Жан­төриннің эк­ранға бір жылт етіп шыққанының өзі үлкен бір құ­былыс болатын. Ән­уар Мол­да­беков, Шәкен Ай­ма­нов, Елубай Өмірзақовтар, тіпті кө­біне басты рөл­де ойнамаса да Сер­­ке Қо­жам­құловтың бір эпизо­ды­­ның өзі неге тұ­рады?! Міне, олар - кәсіби ма­мандар. Олардың жа­саған­да­рының барлығы - кәсі­би дүниелер бо­лып тарихта қалды. Әрине, актер емес адамдарды ки­ноға түсіру ке­зінде режиссер ре­тінде өз басымда да болды. «Бөл­тірік», «Торо», «Қайдасың, Ша­пай?» фильмдері балалар кино­лары болғандықтан, ба­лаға лайық ак­тер болмаған­дық­тан, біз бала­лар­ды киноға түсуге алдық. Бірақ жү­з­деген, мыңдаған адамның іші­нен біреуін ғана та­уып, таң­да­уымыз керек. Ол ба­ла­ның бойы, ойы, қиялы, қоз­ғалысы, кө­зі, мі­незі, осылардың барлығы актер жа­нының ішкі филосо­фия­сымен ұш­тасып, режиссердің ішкі ойы­мен ұштасып, қатар ұшқан ақ­қу­дай бір-біріне үн қоса білмесе, ол образ болмайды. Ал мен тек қа­на ти­паж түсіремін деп елдің бәрін ки­ноға тықпалай беру - ол киноны бір­неше қабатта емес, киноны жа­лаң, жұқалтаң қабатта, қараңғы тұр­патта көруге әкеп соғады. Сон­дықтан неғұрлым кәсіби актерлер түссе, соғұрлым кино да ұтымды шы­ғады. Өз көзқарасым, қашанда әр­ нәрсеге тек қана кәсіби тұр­ғы­дан келген дұрыс деп есептеймін.
- Қазіргі қазақ киносында көп­шілік сынына ұшырап жатқан фильм­дер жайында сіздің ой-пі­кіріңіз. Көрерменге жағу үшін не іс­теу керек?
- Көрерменге жағу үшін не іс­теу керек деген сұрақтың жа­уа­бын білсем, онда мен де бақытты бо­лар едім. Бұл - өте қиын сұрақ. Ке­зінде Димекең - ұлы Дінмұхаммед Ах­метұлы Қонаевтың айтқан сөзі бар екен: «Бүгінгі қазақ әлемінде екі проблема бар. Біріншісі, «Қай­рат» болса, екіншісі «Қазақ­фильм», - деген екен. Кезінде Ди­мекең айтқан осы проблемалар әлі күн­ге өзінің заңдылығын жойған жоқ. «Қайрат» та, «Қазақфильм» де кез келген кеудесінде жаны бар, жү­регі қазақпын деп соққан аза­маттың қай-қайсысының да алда тұр­ған проблемасы. Мүмкін, үл­кен өмір көшінде бұлардың да бол­ғаны керек болар. Дегенмен қа­зақ киносын тек қана қазақы қаны бар, қазақи жүректі, қазақи сезімі бар, халыққа, елге деген сү­йіспеншілігі бар намысты азамат қа­на алға сүйрей алады. Қазақ ки­­носын сондай жандар түсір­генде ға­на ол нағыз қазақ киносы бо­ла ала­ды. Біз қанша жерден Гол­ли­вудқа барсақ та, неше түрлі ки­но­фестивальдерден үлкен жүл­делер ал­сақ та, бірақ ол кинолар мен мультфильмдер елдің, хал­ық­тың, кө­рерменнің көңілінен шық­пай жатса, ол жүлдеде мән де, ма­ғына да болмайды. Сондықтан ұлт­тық ки­ноны ұлттық менталитеті бар адам ғана түсіреді. Бұл - өмір­дің за­ңы. Бұл - кез келген мем­ле­кет­­тің, кез келген киностудия­лар­дың жай ғана емес, бұлжытпай орын­­дайтын қағидасы.
- Сіздің көп киноларыңызды бы­лай қойғанда бір ғана «Махаббат бе­кеті» фильміңіз талай жанның жа­нын жадыратарына ешкімнің да­уы жоқ. Ал енді қазіргі заманға сай осы тағдырлас фильмдер түсіру ойы­ңызда жоқ па? Жалпы, бо­ла­шақ жоспарларыңызбен бөліс­сеңіз...
- «Махаббат бекеті» киносы шын мәнінде, талай көрерменнің кө­ңілінен шыққан фильм деп ес­тіп жүрмін, ол жайында жазылып та, айтылып та жатыр. Жалпы, мұн­дай киноның басқа кино­лар­дан айырмашылығы бұл туын­ды­да: адалдық, ақтық, махаббат, се­зімталдық, сұлулық, сұлулыққа ұм­тылу, сезім жолындағы күйзеліс, әді­летсіздік, қараулық, күйе жа­ғар­лық, көзбояушылық, сатқын­дық атаулының бәрі бар. Бұл ки­нода сүйген жандарды ең соңында кез­дестіру заңдылығы болғаны се­бепті бұл фильмді көрерменнің кө­к­е­йінен шықты деп айтар едім. Өйткені бұл киноны көрген әрбір жас буын жақсылыққа іңкәр, та­за­лыққа жаны құштар болып шы­ғады. Оның жүрегі поэзияға, әнге, сұ­лулыққа толады. Оның көңілі әр­дайым күмбірлеген күйдей, шал­қыған әндей болып тұруға ұм­тылады. Сондықтан мұндай кино­лар көрерменге жақсы әсер қал­ды­рады. Көрген адамның жаны ба­йып, марқайып шығады. Ал осы күн­гі кейбір киноларды көргенде жа­ның ашиды. Өмірдің күнделікті күй­бең тіршілігін көрсете беру, қа­ны ағып тұрған жаңа жарақатқа тұз сепкендей елдің жанын одан әрі күй­зелтеді. Бұл - өнердің мис­сия­сы емес. Бұл - ат төбеліндей ғана қа­уымның уақытша алданышы. Әсі­ресе, шетелдік демократияшыл сын­шылардың біз осындай да осы­лай, өзіміздің күнгей де көлеңкелі жақ­тарымызды көрсетіп жаты­р­мыз дегендей кезеңдік пікірлерінің кө­кезу жемісі деп білемін. Өз ба­сым мұндай позицияны құпта­май­мын, қабылдай алмаймын.
Ал енді алдағы жоспарларыма ке­­лер болсақ, шын мәнінде, «Көш­пен­ділерден» кейін кино түсір­ме­дім. Кино түсірмеуімнің объек­тив­ті де, субъективті де себебі бар. Киностудияның бұрынғы бас­шылары қызғаныштан ба, күн­шілдіктен бе, іштарлықтан ба, ол жа­ғын қалай деп айтсақ та, біздің мен­талитетімізде бар қасиет қой, ки­но түсіруге маған мүмкіндік бер­меді. Бірақ мен де бекер отырған жоқпын. Осы төрт жылдан бері мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қа­зақ мемлекеттік академиялық ба­лалар мен жасөспірімдер теат­ры­ның директоры және көркемдік же­текшісі қызметін атқарып кел­е­мін. Осы уақыт ішінде біздің театр сахнасына көптеген жақсы қо­йылымдар келді. Театрымыздың қа­зіргі күні сыртқы келбетіне ішкі шы­ғармашылық бет-бейнесі жара­сып, кәсіби тұрғыда кереметтей өсіп-өзгерді деуге болады. Бүгінде театрымыз - кірген адам шық­қы­сыз хал кешердей тамаша күйде деп айтуға әбден негіз бар.
Кинодағы жоспарларым жө­нін­де айтар болсам, «Қазақфильм» ки­ностудиясы осы жақында ғана ме­нің «Ажал алқабы» деген кино­сце­нарийімді қабылдады, өн­ді­ріс­ке кетті. Алдағы күндері актер­лер­ді іріктеу кезеңі басталады. Кино тү­сірілетін жерді таңдау секілді мә­селелерді осы жылдың аяғына де­йін бітірер болсақ, келер жылдың со­ңына дейін киноны түсіріп біт­сек деген жоспар бар.
- Театр туралы сөз қозғап қал­дыңыз. Театрдың қазіргі жағдайы, шы­ғармашылығы турасында тағы да бір-екі ауыз әңгіме өрбітсеңіз.
- Кейінгі кездері театрдың іш­кі-сыртқы келіскен келбетіне сай ар­тистік труппасы да сүзгіден өтті. Театр ғимараты бұдан 4-5 жыл іл­ге­ріде күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл сол кездегі қала әкімі, қазақ хал­қының бұл күндегі біртуар аза­маты, үлкен саясаткер, өнердегі адам­дарға қарлығаштың қа­на­тымен су сепкендей болып жүрген аза­мат - Иманғали Тасмағамбетов мырзаның арқасында жүзеге асты. Әрине, Елбасының қолдауы болды. Пре­зидентіміз күрделі жөндеуден өт­кен театр ғимаратын арнайы кө­ру мақсатында театрдың 60-шы мау­сымының ашылу салтанатына қатысып, «Қыз Жібек» спектаклін та­машалап, өнер шаңырағына ат басын бұрып кеткен болатын.
Одан кейін де театрда көптеген жұ­мыстарды қолға алдық. Шы­ғар­ма­шылық ұжымда санда бар, са­пада жоқ, өз орнын таппай, адасып кел­ген немесе біреудің жалғыз «қо­ңы­рауының» арқасында келген не­ше түрлі артистер болды. Театрды еш­қандай қатысы жоқ адамдардан «та­заладық» десек болады. Бүгінде театрдың негізгі құрамы - жастар. Он­да да, талантты жастар. Біз олар­ға қолдан келгенше барлық мүм­кіндіктерді жасап отырмыз. Театрдың қасында 40 адамдық жа­тақханамыз, қонақүйіміз бар. Теат­рда би билейтін зал, спорт за­лы, кино көруге арналған зал, ас­хана, әнші-актерлердің әнін жа­за­­тын студиямыз бар. Өткен жылы «Біз­дің үйдің жұлдыздары» атты театрдың әнші, актерлері айтатын ән­дер дискісін шығардық. Соны­мен қатар, бильярд ойнауға арнал­ған бөлме де театр артистері үшін жа­салған. Бұлардың барлығы - қыз­мет­керлеріміздің әлеуметтік жағ­­да­йы. Ал шығармашылық жағ­да­­йы­на келер болсақ, артистер таң­­ертең ертемен тұрып, сағат 9 жа­­рым­нан бастап биге келеді. Олар өздерінің сырт пішіндерін қа­лыпты ұс­тау мақсатында әр күні бір сағат бойы би жаттығуларын жа­сайды. Сахнадағы сұлулық, сах­надағы ке­йіп пен келбет тек қа­на бет сұлу­л­ы­ғы емес, тән сұлу­лы­ғы, дене сым­бат­тылығы секілді қа­жет­ті­ліктерінің барлығы артист ма­маны үшін ауадай керек. Сон­дық­тан бұл сабақтар бізде міндетті түр­де жол­ға қойылған.
Сонымен қатар кейінгі 3-4 жыл­дың көлемінде біздің театр Қа­зақ­станның барлық облыстарында гас­трольдік сапарлармен болып, ай­мақтарымызды түгелімен дерлік ара­лап шықтық. Алыс-жақын жер­лердегі театр фестивальдеріне қа­тыстық. Қазан, Уфа, Бішкек қа­­ла­ларында Халықаралық фес­ти­­вальдерде болдық. Ал келер жыл­­дың наурыз, сәуір айларының бі­рінде театрымыз өз тарихында бі­рінші рет Мәскеуге үлкен гас­трольдік сапармен барады. Бұл - тек қана біздің театрдың ғана емес, бү­кіл қазақ өнерінің, қазақ елінің абы­ройы деп білеміз. Бұл мақсатты біз жете түсінгендіктен, соған қа­зір­ден қызу дайындық үстіндеміз. Мі­не, қарашаның 17 - 27 ара­лы­ғында Сеул қаласында өтетін «Жі­бек жолы» атты Халықаралық театр фестиваліне «Мулен-Ружға ша­қыру» спектаклімен қатысудың сә­ті түсіп отыр. Бұл да театрдың мақ­­танышы, белесі, шыққан тағы бір биігі деп айтуға болады.
- Атаққа қалай қарайсыз?
- Жалпы, атақ ақымаққа қон­са, ақымақ адам одан әрі ақымақ бо­лады, ақылды жанға бітсе келіп-ке­тер пайдасы болар, болмас, біл­меймін. Бірақ атақты бол­ғанның кім­ге болса да зияны жоқ деп бі­лемін. Атақ дегеніміз сонау Кеңес Ода­ғы кезінде, Совет интелли­ген­ция­сы тұсында оларды бір идео­ло­гия бағытында ұстап отыру мақ­са­тында және оларды атақ арқылы әлеуметтік жағдайын жасап, көлік, пә­тер, саяжайларын жасап, дем­алыс орындарына жолдама беріп, бір идеологияға жетелеп отырды. Осындай берілген сый-сияпаттар ар­қылы да сол кезеңдерде үлкен идео­логия жүрді. Олардың бар­лы­ғы сол идеологияға, сол кезең ілі­міне, коммунизм, большевизмге қыз­мет етті. Ал дүниежүзіндегі ак­терлерге берілетін атақ ол - шы­ғармашылық адамы үшін, актерге не­месе режиссерге жасаған жұ­мысы үшін берілетін марапат, сый-құр­мет. Бүгінгі күні барлық сала қызметкерлеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын бе­реді. Бүгінде ол атақты шахтер да, актер да, вахтер да алатын бол­ды. Былайша айтқанда, қойшы да, сиыршы да, жылқышы да алады. Ал Қазақстанның халық артисі, Қа­зақстанның еңбек сіңірген ар­тисі деген атақтар - сахнагерлер мен сах­надағы өнер шеберлерінің ең­бегін ескеру, бағалау. Шындап кел­генде, сол бір атаққа қосылатын ақ­шалай не материалдық қосым­ша сыйақы деген болмайды. Болса да, ол бүгінде бір, бір жарым мың тең­генің көлемінде ғана ғой дей­мін. Осы тұрғыдан келгенде, кө­р­ші­лес қырғыз, өзбек, Ресей, Кавказ ел­дерінде «халық артисі», «еңбек сі­ңірген артист» деген атақтар сақ­т­алған. Өз басым осындай қиын ке­зеңдерде өнер деп жүрегі соққан аза­маттар, әсіресе, облыстық театрлардың актерлері азғантай ға­на айлықты місе тұтып өмір сүріп жат­қан кезде, театрды, өнерді тас­та­май, өнер дейтін құдіретті сат­пай, ха­лық үшін еңбек етіп жат­қан кез­де, осы атақтарды беруді қай­та қол­ға алатын болса, ешқ­ан­дай мем­лекет те, үкімет те ұтылмас еді. Бұл тек қана сол артис­те­рі­міздің жа­ны­на «жақсының жақ­сы­лығын айт, нұры тассын» демек­ші, жақ­сы­ның жақсылығына қос­қан мем­лекеттің сый-сияпаты бо­лар еді.
Өз басыма келер болсам, мен үшін ең үлкен атақ, ең үлкен сый-құр­мет ол - көрерменнің қоше­ме­ті. Мен үшін одан асқан сый жоқ қой деймін.
- Қазақтың қандай қасиетін жо­ғары бағалайсыз? Сізге қай жағы, не­сі ұнамайды?
- Ұнамайтын қасиеттер көп қой. Абайдан асырып қалай айтуға бо­лады? Әрине, қазақ халқының көп­теген халықтарға қарағанда жақ­сы қасиеттері көп. Жүрегі қа­зақ деп соққан кез келген жан қа­зақтың жақсы қасиеттерін жо­ғары бағалайды. Жаман қасиет­те­рін де біледі. Бірақ әр нәрсеге бү­гінгі күннің биігімен емес, ертеңгі күн­нің мүддесімен қарағанды жөн кө­ремін. Мүмкін, осы ойға бұрын менің өрем, деңгейім жетпеген бо­лар. Ал осы күні мен басқаша ой­лайтын болдым. Бұрын бәрі Мәс­кеуге қарап тұрған шақта менің же­ке паспортымды елшілік беріп тұр­ғанда, мәскеулік шенеуніктер құ­жатты қолыма бермеген кезде жаным қатты күйзеліп еді. Содан сәл кейін еліміз егемендікке жетіп, тә­уелсіздігін алған тұста мен шын мә­ніндегі дербестіктің мәнін жете ұқ­тым. Ал бүгінгі күні алаң­дай­тын, қиналатын ештеңе болмаса да, мен ертеңгі күнге көбірек алаң­даймын. Бұл - менің шын сөзім. Өйт­кені біз бүгінгі күнмен ғана өмір сүр­сек, онда біздің эгоист ха­лық бол­ға­нымыз. Біздің бағымыз - ба­ла-ша­ғамыз, үрім-бұтағымыз, яғни бо­лашақ өскелең ұрпаққа не қал­ды­рамыз? Осы тұрғыда ойлау ке­рек! Сол жағынан келгенде бү­гінде алдымызда екі түрлі мәселе тұр. Бұл - еліміздің, жеріміздің тә­уел­сізд­ігі мен бостандығы. Екін­ші­сі, ау­малы-төкпелі күй кешкен қа­зақ тілінің орны мен рөлі. Осы екі нәр­се ғана мені көбірек алаңда­та­ды, қынжылтады.
­- Атақ, даңқ туралы айтып жа­тыр­мыз. Енді айтылған нәрсе­лер­ден Алла сізді кенде ғып, кенже қал­дырған жоқ деген ойдамыз. Десек те, бақыттың бастауынан сусындап отыр­ған өзіңіздей жанның нендей ар­маны барын білгіміз келіп отыр­ғаны... Әлі де әттеген-ай дегізетін ар­мандарыңыз бар ма?
- Әрине, өнер адамы бол­ған­дықтан, ең бір кемеліне келген шақ­та, ақыл-ойың толыққан, та­лантың шыңдалған кезде, ұшқыр се­зімнің қанаты әлі қайырылмай тұр­ған кезде үлкен дүниелер жа­сағың келеді. «Көшпенділерді» тү­сі­ргеннен кейін «Томирис» атты үл­кен киносценарий жаздым. Одан кейін «Зарина патшайым ту­ра­лы аңызды» жаздым. Осы сцена­рий­лердің қай-қайсысы да бүгінгі күн­гі қазақ рухани дүниесіндегі кең арналы өзенге татырлық дүние­лер. Бүгінде осы шығар­ма­ла­рымның бәрі қағаз бетінде ғана, ме­нің жүрегімде үлкен арман болып қа­на қалып отыр. Мені қын­жылтқан мәселелердің көбісі осы дүниелерде бар, сонда жазылған, қам­тылған деп айтуға болады. Сон­дықтан менің арманым - осын­дай үлкен дүниелерді кино ғып түсіріп, елге, қазақ халқына сый­­ласам деймін.
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Бақытжан ЖАРМҰХАНБЕТ, «Айқын» газеті. 19.11.09.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371