Интернет-айтыс: Бауыржан мен Балғынбек
Айтыстың тақырыбы «Қазақ елдің де, жердің де егесі».
Тақырыптың аясында ақындар төмендегі жайттарды қаузай алады. Яғни:
- Қазақ хандарының ескерткіші далада неге қалды?
- «Ел бірлігі» доктринасы ел бірлігін нығайта ала ма?
- Желтоқсан құрбандары не үшін шейіт болды?
- Қазақ тілінің болашағы кімнің қолында?
- Тәуелсіздігімізді тәубеміз санай алдық па?
Айтыстың тақырыбы «Қазақ елдің де, жердің де егесі».
Тақырыптың аясында ақындар төмендегі жайттарды қаузай алады. Яғни:
- Қазақ хандарының ескерткіші далада неге қалды?
- «Ел бірлігі» доктринасы ел бірлігін нығайта ала ма?
- Желтоқсан құрбандары не үшін шейіт болды?
- Қазақ тілінің болашағы кімнің қолында?
- Тәуелсіздігімізді тәубеміз санай алдық па?
Abai.kz ақпараттық порталының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өтіп жатқан интернет-айтысқа «Жас Алаш» газетінің ұжымы да қызығушылық танытып, қолдау білдіруде. Үздік жұптың қарасөзбен қармасуы «Жас Алаш» газетінде жарияланады. «Жас Алаш» газеті сондай-ақ, жеңімпаздарға қаржылай сыйақы белгілеп отыр.
Сонымен, интернет-айтысқа айтыс өнерінің ақтаңгері Балғынбек Имашев пен жыр сайысында ешкімге дес бермейтін, арыны бөлек ақын Бауыржан Халиолла шықты.
Ақындар түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін айтысады. Әр ақын кезегіне орай 10-15 минуттың шегінде dauren-kuat@mail.ru электронды поштасына қарымта жауабын жіберуі керек. Айтыс қайымдасу түрінде өтеді.
Айтысқа қазылармен бірге оқырмандар да төрелік ете алады. Ол үшін оқырман төмендегі «Сауалнама» айдарына кіріп ұтырын тауып, ұтып сөйлеген ақынға дауыс беруі қажет.
Интернет-айтыстың барысын қадағалап отырған оқырман әдеттегідей пікір білдіре алады. Алайда, жеке басқа соқтығып, айтыскердің көңіліне дық салатын оғаш сөздер дереу алынып тасталады.
Осы жұптың арасынан үздік шыққан ақын келесі жұптың жеңімпазымен айтысып бірінші екінші орынды бөліседі.
Ақындарға сәттілік тілейік.
«Абай-ақпарат»
15:05 Бауыржан:
БАЛҒЫНБЕК, Қалың қалай, бал құрағым,
АЛАШТАН АРДА ТУҒАН АРҒЫМАҒЫМ.
АЙТЫСТЫ АУЫЗДЫҚТАП ТАСТАП ЕДІ
ТӨРЕСІН ТҰНШЫҚТЫРЫП БАР МҰРАНЫҢ.
ТАҚТАҒЫ ТАҚСЫРЛАРДЫҢ ДЕНІ САУ МА,
ТЫҢДАҒАН МЫРЗАТАЙДЫҢ САНДЫРАҒЫН?!
ИНТЕРНЕТ-АЙТЫС ДЕГЕН ПАЙДА БОЛДЫ
ҚҰДАЙЫМ ҚАЙЫР ҚЫЛСЫН АРҒЫ ЖАҒЫН.
СӨЙЛЕУГЕ КЕЛГЕН КЕЗДЕ БАТЫРСЫҢДАР
ТЕП-ТЕГІН ТАРАТЫЛҒАН АҚЫЛСЫҢДАР.
БІЗ ЖҮРМІЗ ЕН ШАЛҒАЙДА ЕЛДІ ЖАЙЛАП,
ҮКІМЕТКЕ БІЗДЕН ГӨРІ ЖАҚЫНСЫҢДАР.
ТЫҒЫЛҒАН "ПАПАСЫНЫҢ" ҚОЙЫНЫНА
АЙ МҮЙІЗ, АҚОРДАЛЫҚ АҚЫНСЫҢДАР.
ҮШ ТІЛДІ, ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ЕЛ ҚЫЛАМ ДЕП,
АУ, БАКЕ, НЕ БҮЛДІРІП ЖАТЫРСЫҢДАР?!
15:50 Балғынбек:
БАУЫРЖАН, СӨЗІҢДІ ЕСТІП БАЛБЫРАДЫМ,
ҚАНДЫРШЫ КӨРЕРМЕННІҢ ЖАН ҚҰМАРЫН.
ИНТЕРНЕТ АЙТЫС ДЕГЕН ПАЙДА БОЛДЫ,
ОНЫМЕН КІМДІ БҮГІН ТАҢ ҚЫЛАМЫН?
ДАУДЫҢ БАСЫ «СИЫРЫ» САУДАБАЙДЫҢ
ЕСТІДІҢ МЕМХАТШЫНЫҢ САНДЫРАҒЫН.
МАҒАН СІЛТЕП ҚОЯСЫҢ БИЛІК СӨЗІН,
ИЕСІ МЕН СЕКІЛДІ БАР КҮНӘНІҢ...
СӨЙЛЕЙСІҢ ӨКТЕМСІНІП ҚАЛАЙ-ҚАЛАЙ,
ҚАНАТ ҚҰСАП ДЕЙМІСІҢ ДАВАЙ-ДАВАЙ.
АҚЫНДАР АТҮСТІНЕН СӨЙЛЕЙ МЕ ЕКЕН
АБАЙДЫҢ ПОРТАЛЫНДА АБАЙЛАМАЙ?
АҚЫЛ БОЛСА БАУЫРЫМ БІЛМЕУШІ МЕ ЕҢ,
ЖЕБЕНІҢ АТЫЛАРЫН ҚАЛАЙ ҚАРАЙ?
МЫҚТЫ БОЛСАҢ АЙҒАЙЛАП АЛАҢҒА ШЫҚ,
БАЛҒЫНБЕКТІҢ ЖАҒАСЫН МАҢАЙЛАМАЙ.
16:18 Бауыржан:
ҚАНАТША ДЕГЕНІМ ЖОҚ ДАВАЙ-ДАВАЙ,
ДОСЫМ-АУ ҚҰБЫЛАСЫҢ ҚАЛАЙ ҚАРАЙ?
АЛАҢҒА ЖАЛҒЫЗ МЕНІ АЙДАП САЛЫП
ЖАРАСАР ҮЙДЕ ЖАТУ САҒАН ҚАЛАЙ?
САУДАҒА САУДАБАЕВ САЛАТЫНДАЙ,
ТІЛ ЖАЙЫ ТИМЕЙ ОТЫР МАҒАН ДА ОҢАЙ.
ЖЕЛТОҚСАН КЕЛГЕН САЙЫН КАЙҒЫРАМЫН,
ҰМЫТТЫҚ ҚОНАЕВТЫ МАҢАЙЛАМАЙ.
ДИМАШТАН ИМАШ АРТЫК БҰЛ ЗАМАНДА,
АЛАШТЫҢ САҒЫ СЫНДА-АУ ШАРАЙНАДАЙ...
ТАҒЫ АЙТАМ, АСТАНАЛЫҚ АЛЫПСЫҢДАР,
АУЫЛҒА АЛЫСТАҒЫ ЖАРЫҚСЫҢДАР.
ХАНДАРҒА БІР ҚАРЫС ЖЕР БҰЙЫРТПАСТАН,
КОКЕҢНІҢ ЕСКЕРТКІШІН САЛЫПСЫҢДАР.
ЖЕТПЕЙДІ БІЗДІН ДАУЫС ЖОҒАРЫҒА,
АЙЛАНЫ НЕШЕ ТУРЛІ ТАУЫПСЫІДАР.
СӘЛЕМ АЙТ ТАҚТА ОТЫРҒАН "НИЯЗОВҚА",
АЛДЫНДА ЕЛДІҢ ЕРТЕҢ КАУІП СЫН БАР.
ЖАРЫЛҚАП ҚЫСЫҚ КӨЗГЕ ЖЕР БЕРЕМ ДЕП,
АТЫМТАЙ-ЖОМАРТ БОЛА КАЛЫПСЫҢДАР.
АЙТАРЫМ МӘСІМОВТАЙ "ДАДАМЫЗҒА",
БАСЫНАН ШІРІП ЖАТҚАН БАЛЫҚСЫҢДАР.
ТУМАСЫН АҚЫРЗАМАН ЕЛІМІЗГЕ,
ҚАПЫДА ХАН АЛЖЫСА ХАЛЫҚ ШУЛАР...
16:26 Балғынбек:
БАУЫРЖАН, КІМ ЖАСАПТЫ ХАНҒА ҚҰЛДЫҚ,
ЕЛ ҮШІН ҚҰЛАЙТҰҒЫН ЖАРҒА ТҰРДЫҚ.
ЕҢ ӘУЕЛГІ ЖАУАПТЫҢ КЕШІККЕНІ
ЖАРАТУШЫ ИЕГЕ САЖДА ҚЫЛДЫҚ.
КӨРЕРМЕН МЕН ОҚЫРМАН АЙЫП ЕТПЕ,
НАМАЗДАН АСҚАН ҮЛКЕН БАР МА ТІРЛІК?
БЕС УАҚЫТ ПАПАҒА ЕМЕС, ӘЛЕМДЕРДІҢ
РАББЫСЫНА ДҰҒА ҒЫП ТАҢДЫ АТЫРДЫҚ.
ӘУ, БӘУКЕ ӨЗ КӨРПЕҢЕ ҚАРАП КӨСІЛ,
СЕНІ ДЕ ЖАРАТТЫ ҒОЙ АЛЛА АҚЫН ҒЫП.
ҚАЙТЕСІҢ МОМЫШҰЛЫ БОЛМАҒАН СОҢ
БАУЫРЖАНМЕН БІРГЕ ӨЛГЕН БАР БАТЫРЛЫҚ.
БАЛҚАШҚА БҰРАМЫЗ ДЕП «КӨШІМІЗДІ»
СОЛ ҚЫСЫҚКӨЗ ШЫҒАРДЫ ЕСІМІЗДІ,
КЕШЕГІ ТЫҢ ИГЕРГЕН ЕШТЕҢЕ ЕМЕС.
ОЙНАҚТАП ҚЫТАЙ ЖЫРТПАҚ ТӨСІМІЗДІ.
МИЛИАРДТАП ИНВИСТИЦИЯ ТАРТҚАНМЕНЕН,
ТҮБІНДЕ КӨГЕРТПЕЙДІ ОСЫ БІЗДІ...
ІШ ҚАЙНАЙДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨРГЕН САЙЫН,
ҚЫЗДЫРАДЫ ҚАН МЕНЕН ЕТІМІЗДІ.
КЕЛІССӨЗДЕ БІР АУЫЗ ҚАЗАҚША АЙТПАЙ
БІЗДІҢ ПАПА КҮЙДІРДІ БЕТІМІЗДІ.
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ ДЕСЕ БАСЫН ИГЕН
ҮШ ЖҮЗДІҢ ЗИЯЛЫСЫ ЕКІЖҮЗДІ.
17:03 Бауыржан:
ЖАРАЙСЫҢ,НАМАЗХАНЫМ,МҰСЫЛМАНЫМ,
БАСЫҢНАН ОСЫ БАҚТЫ ҰШЫРМАҒЫН.
МАҒАН ДА СОЛ БАҚЫТТЫ НӘСІП ЕТСІН,
ӘРДАЙЫМ ИМАНДЫНЫҢ ТҰСЫНДАМЫН.
"КӨРПЕҢЕ ҚАРАП КӨСІЛ" ДЕП АЙТАРДАЙ,
ТАСЫНЫП ОТЫР НЕГЕ КҮШІҢ,ЖАНЫМ.
ШЫНДЫҚ ПЕН АҚИҚАТТЫ АЙТУ ҮШІН,
БОЛМАЙМЫН МОМЫШҰЛЫ,КЫСЫЛМАҒЫН.
АЛҒАШКЫ АҒЫЛШЫНДАР КЕЛМЕЙ ТҰРЫП,
АЙЫР ТІЛДІ ЖЫЛАН БОП ЫСЫЛДАДЫМ.
ҮШ ЖҮЗГЕ БӨЛІНГЕНІ АЗ БОЛҒАНДАЙ,
ҮШ ТІЛДЕ БОЛДЫ БУГІН ҚЫСЫР ХАЛІМ.
ҚЫЗБАЙДЫ МҰНДАЙ СӘТТЕ КІМНІҢ ҚАНЫ,
ЕМЕС ҚОЙ КЫСЫҚКӨЗДЕР ЖЫРДЫН МӘНІ.
"АРАЙЛАП ТАҢ АТАДЫ,ТАУ АСҚАҚ" ДЕП,
САЙРАЙДЫ НҰР ОТАННЫҢ" БҰЛБҰЛДАРЫ",
БАЛҒЫНЖАН,СЕН ДЕ СОНЫҢ БІРЕУІСІҢ,
ҚҰДЫКТАЙ САРҚЫЛАРСЫҢ ҚҰРДЫМДАҒЫ.
ЖЕТПІС ЖЫЛ "КҮН КӨСЕМ" ДЕП ӘН САЛЫП ЕҢ,
"НҰР КӨСЕМ" БОЛДЫ ЕЛДІҢ ГҮЛ- ГҮЛ БАҒЫ.
ҚАТТЫ АЙТСАМ,ҚЫЗЫЛ ТІЛІМ АЛМАС ҚЫЛЫШ,
ОТЫРСЫҢ ЖАНЫҢ ШЫҒЫП,ШЫҢҒЫРҒАЛЫ.
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ БОЛДЫҚ ДЕП ТАЙРАҢДАЙМЫЗ,
ҰМЫТ ҚАП ҚЫЗ БЕН ҚАЙСАР ҰЛДЫН ҚАМЫ.
МӘСКЕУГЕ ӘЛІ КҮНГЕ ТӘУЕЛДІМІЗ,
АҚЫРСА "АҚ АЮДЫҢ" ҚҰРҒЫРЛАРЫ.
АЗАЙМАЙ ТАҚТЫҢ САТКЫН БЕТСІЗДЕРІ,
ҚҰДАЙДЫҢ КӨБЕЙМЕЙДІ ШЫН ҚҰЛДАРЫ.
17:13 Балғынбек:
ҚАТТЫ АЙТСАМ ОТЫРСЫҢ ДЕП ШЫҢҒЫРҒАЛЫ,
ЖЕЛ СӨЗІН БАҒАСЫ ЖОҚ КІМ БҰЛДАДЫ?
РЕНЖІМЕ, ЕСІМДЕ ЖОҚ БАУЫРЖАННЫҢ
ШЫНДЫҚТЫ АЙТЫП БІР НӘРСЕ ТЫНДЫРҒАНЫ.
АЙҒАЙЛАМАҚ ТҮГІЛІ АҚЫРСАҢ ДА,
ШЫБЫННЫҢ ЖОҚ ҚОЙ ШЫНЫ СЫНДЫРҒАНЫ.
ПӘК ИМАН ТАҚТАН ЕМЕС АЛЛАҺТАН ҒОЙ.
ИНШАЛЛА, КӨБЕЙЕДІ ШЫН ҚҰЛДАРЫ.
БАЛҒЫНБЕК, КӨП БҰЛБҰЛДЫҢ БІРІСІҢ ДЕП,
АЙТҚАНЫҢ ЖІГЕРІМДІ ҚҰМ ҚЫЛМАДЫ.
СОҒЫСЫ ЖОҚ ЗАМАННЫҢ ҚАҺАРМАНЫ-АУ,
СОНДА СЕНІҢ БАҚҚАНЫҢ КІМНІҢ МАЛЫ?
МЕН СЕНІ ЖАЙЫҚТАҒЫ ЖҮЙРІК ДЕП ЕМ,
ЖАРАТҚАННАН БАСҚАҒА ИЛІКПЕГЕН.
БАЛҒЫНБЕК ЖОҚ. НҰРОТАН НАН, МӘСІМОВ...
АЙТЫСЫП ОТЫРСЫҢ ҒОЙ БИЛІКПЕНЕН.
БҰЛ ЕЛДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ІС ҚАЛМАДЫ-АУ,
БАЙБАҚТЫНЫҢ БАЛАСЫ КИЛІКПЕГЕН.
ДОКТРИНА ДЕГЕНІҢ - РУХ ДЕРТІ,
БІРЛІК ҮШІН ҚАЗАҚТЫ ҚИДЫҚ ДЕГЕН.
ЗИЯЛЫНЫҢ БІР ТОБЫ ЖАЛТ БҰРЫЛДЫ,
ҚИЫН ҒОЙ «МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ» ДЕГЕН...
ПРЕЗИДЕНТ, ПАРЛАМЕНТ ПЕН ЖОҒАРҒЫ СОТ,
ҮШЕУІНЕН ТҰРА МА БИЛІК ДЕГЕН?
СОНЫ ОЙЛАСАМ ЕРТЕГІ ЕСКЕ ТҮСЕД,
«ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТ» ДЕГЕН.
17:41 Бауыржан:
ОЛ РАС МЕН ЕШТЕҢЕ ТЫНДЫРМАДЫМ
МАЛ ЕМЕС ОЙЛАП ЖУРМІН ЖЫРДЫҢ ҚАМЫН
ШАБЫНА ШЫБЫҚ ТИСЕ ТУЛАЙ КЕТЕР
ЖАЛҒАН БА ҚИҚАР АТТАЙ ШУ КЫЛҒАНЫҢ
НЕЛІКТЕН БАЙБАҚТЫ ДЕП АЛАЛАЙСЫҢ
АҚТАРЫП ТАСТАҒАНДАЙ СЫРДЫҢ БӘРІН
МЕМЛЕКЕТТІҢ КАЙ ІСІНЕ АРАЛАСТЫМ
АЙТҚАНЫМ АЙЫП ПА ЕДІ ТІЛДІҢ ЗАРЫН
БИЛІККЕ КІШІ ЖҮЗДІ ЖОЛАТПАЙТЫН
ӨЗІҢНІҢ ТУЫСТАРЫҢ-БҰЛБҰЛДАРЫҢ
ИТІ ДЕ ШАПЫРАШТЫНЫҢ МАЙ ІШЕДІ
КІМ ОЙЛАП ЖАТЫР БҮГІН КІМНІҢ ҚАМЫН?
ҚИЫН-АУ АЛДАСПАННЫҢ ЖҰҚАРҒАНЫ
ДОКТРИНА СҮЙЕГІМДІ БҰТАРЛАДЫ
ТӨРАҒА БАР ОДАҚҚА БОЛУ ҮШІН
ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫН КҮТЕ АЛМАДЫ
ӘБІШТІ ӘУЛИЕМІЗ ДЕП ЖҮРГЕНДЕ
АУЗЫНА САЛҒАН АСТЫ ЖҰТА АЛМАДЫ
ПАТШАНЫ ҚОЛЫН СҮЙІП,БАСЫН ИГЕН
ОСЫ МА БҮГІНГІНІҢ БҰХАРЛАРЫ
ТАУЫҚ ҰРЛАП ЖҮРГЕНДЕР ШАТЫЛАДЫ
АҚ ТАҢЫН СОСЫН ЗАРЛАП АТЫРАДЫ
СӘЛ ҒАНА ҚАРСЫ ШЫКСАҢ ЖОҒАРЫҒА
КОҒАДАЙ ШЕТІМІЗДЕН ЖАПЫРАДЫ
ТӘНІ ДЕ ТЫР ЖАЛАҢАШ ЖЕРІМІЗДІҢ
СЫЙЛАЙДЫ ОДАН ҚАЛСА САТЫЛАДЫ
ОСЫНЫ АЛАҢҒА КЕП АЙТКАН АДАМ
НЕ ТАУДА НЕ ҮЙІНДЕ АТЫЛАДЫ
17:49 Балғынбек:
ДЕП ЕДІ БҰЛ БАУЫРЖАН ҚАТЫРАДЫ,
ҚҰР АЙҒАЙ, СҰЙЫҚ СӨЗДІ САПЫРАДЫ.
МАЙ ІШКЕН ИТТІ ҚАЙДАМ, НҰР ҚАЛАДА
МЭР БОЛЫП ИМАШ АҒАҢ ОТЫР, ӘЛІ.
ӘБІШТЕЙ АБЫЗЫМА ТІЛ ТИГІЗІП,
БҰЛ БӘУКЕҢ НЕГЕ СОНША ТОҚЫРАДЫ.
БИЛІКТЕН КІШІ ЖҮЗДІ КІМ ҚАҒЫПТЫ,
КӨП ЕМЕС ПЕ САЯСАТ САТЫЛАРЫ?
ТЫНЫШ ЕЛГЕ ЖІК САЛСАҢ СЕН БҰЛАЙША,
ҮШ ТАҚҚА ҮШ ПАТША КЕП ОТЫРАДЫ!
БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС КӨРСЕҢДЕР
БАҚЫТТЫҢ ТАҢЫН АЛЛА АТЫРАДЫ.
АБАЙДЫҢ СӨЗІМЕНЕН ЖАБАЙЫҚШЫ
АБАЙДЫҢ АТЫНДАҒЫ САХЫНАНЫ.
МЕЙЛІ «ҚОРҚАҚ, ЖАҚЫБАЙ ЖАН» ДЕ МЕНІ,
БАЛҒЫНБЕК ДҮНИЕ ЖИЫП ДӘНДЕМЕДІ.
СЕН ҚҰСАП ЖАЛЫН БҮРКІП, ШОҚ ШАЙНАР ЕМ,
МҮМИНДЕР ОНЫ БІРАҚ АР КӨРЕДІ.
«ПАТШАҒА ИМАН БЕР» ДЕП ҚОЛ ЖАЮЫ -
ИМАШЕВТЫҢ ХАЛҚЫНА БАР КӨМЕГІ.
СҰЛТАНЫНЫҢ СЫРТЫНАН ҒАЙБАТ СӨЙЛЕП,
ӘЛДЕКІМДЕР АЙТЫП ЖҮР ӘЛДЕНЕНІ.
КЕЗ-КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ПРЕЗИДЕНТІ,
ХАЛҚЫНЫҢ НЕИТІНЕ ДӘЛ КЕЛЕДІ.
ӘМІРШІСІН БЕТАЛДЫ СЫНАЙ БЕРМЕЙ,
БӘУКЕҢ ҚАШАН ӨЗІНЕ МӘН БЕРЕДІ?
ДІН МЕНЕН МҰХАМЕДКЕ БОЙ ҰСЫНСАҚ,
ҚҰДАЙЫМ ҚОНАЕВТАЙ ХАН БЕРЕДІ.