Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3017 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 07:17

Ақберен ЕЛГЕЗЕК. МЫСЫР НЕГЕ МАЗАСЫЗДАНАДЫ?

Әлемге аты әйгілі Ванга атты болгар көріпкелі келер ғасырда адамзаттың санасы өзгеріске ұшырап, жер бетіндегі қақтығыстардың барлығы діни негізде болады деп жорамал жасап кеткен екен. ХХІ ғасыр басталысымен біз дүниежүзінде орын алған діни бетпердені жамылған қаншама лаңкестік әрекеттер мен конфессияаралық соқтығысуларға куә болып келеміз.

Жаңа ғасырдың алғашқы ондығы да жаңа діни қақтығыстан басталды. Адамзаттың 30 пайыздан астамын құрайтын христиан дінінің өкілдеріне қарсы тағы бір соққы берілді. Үстіміздегі жылдың 7 қаңтарында Мысыр елінің Нага-Хамади қаласында Ғайса пайғамбардың туған күнін атап өтуге келген христиандықтарға мұсылмандар оқ жаудырды. Жеті адам қаза тауып, тоғыз адам әртүрлі жарақат алды. Бұл оқиға діни қақтығыстар тарихының жаңа парағын ашты деуге толық негіз бар. Себебі бұл оқиға Ғайса пайғамбардың туған күнінде орын алған болатын. Ал, діни фанатиктер үшін пайғамбарының туған күні - ең қасиетті күндердің бірі болып есептеледі.

Мысырдағы христиан дінін ұстанушылардын дені - коптылар. Копт дегеніміз кәдімгі перғауын заманындағы египеттіктердің ресми ұрпағы. Бүгінде коптылар 80 миллион халқы бар Мысыр елінің 10% құрайды екен. Бір Каирдің өзінде 163 копт христиандарының шіркеуі жұмыс істейді. Арабтар жаулап алар алдында Мысырда копт тілінің дәурені жүріп тұрған. Мұсылмандар Мысырды басып алғанмен бес ғасыр бойы копт тілі өзінің қолдану аясын тарылтпай келді. Дегенмен басқыншы халықтың көптігінің арқасында бұл көне тіл бүгінде тек шіркеулердегі діни-наным рәсімдерін өткізетін тілге айналды.

Інжіл тарихында коптылар Ғайсаның ең алғашқы ізбасарлары болып есептелінеді. Сондықтан әлем христиандарының коптыларға деген құрметі ерекше. Сол себептен де 7 қаңтарда орын алған лаңкестік әрекет күллі христиан әлемін дүр сілкіндірді. Ал, Ислам дінін ұстанушы фанатиктердің санасын Құранда айтылатын мұсылмандар мен христиндар арасындағы соғыстың елесі кезіп кеткені даусыз. Бұған дейін де Мысырдағы коптылар мен мұсылмандар арасында көптеген қақтығыстар болып тұратын. Алайда, Рождество мерекесі кезінде адам қазасы әлі орын алмаған еді. Мысырдың оңтүстігінде бүгін күн сайын жаңа қақтығыстың жаңғырығы әлемге дыбыстың жылдамдығымен таралуда.

Мысыр елінің ресми билігі басқа араб мемлекеттеріне қарағанда толеранттықты, ұлт және дінаралық келісімді насихаттаумен келеді. Хосни Мубарак үкіметі коптылардың тарихи жәдігерлерін сақтап қалуға, олардың діни наным-сенімдеріне еркіндік беріп, Қазақстандағыдай Рождество мейрамын мемлекеттік мереке ретінде жариялағанымен қоғамның 80% құрайтын мұсылмандар ішіндегі радикалды топтардың мұндай әрекеттеріне тосқауыл қоя алмай келеді.

Қай діннің өкілі болмасын адам баласы Ғарышты, табиғат атаулыны бір ғана Тәңір жаратқанын біледі. Қасиетті кітаптардың барлығында да осы бір ғана ақиқат уағыздалады. Жаратқан үшін қай тілде, қай дінде иманға келгеніңіз бәрі бір. Себебі ол ешқандай дін мен тілге мұқтаж емес. Жаратушы үшін жан мен рухтың салған асқақ әні керек. Өкінішке орай алып ғарышта кішкентай тозаң құрлы жоқ жер планетасының тұрғындары әртүрлі, бірақ түбі бір діндерге бөлініп, қантөгіске жол береді. Бұл ақыл-ойы мен технологиясы дамыған адамзаттың соңғы уақыттағы бірінші кезекте тұрған өткір мәселелесі. Қаншама соғыс пен қоғамдық катаклизмдерден аман шыққан адамзат гуманизм мен толеранттықты дәріптейтін заманға жетті дегенімізбен, осындай қисынсыз қақтығыстардың салдарынан қисабы жоқ құрбандық шалып келеді.

Біздің дәуірімізге дейін 1368-1351 жылдары Мысырды билеген Аменхотеп ІV перғауын әртүрлі пұтқа табынып жүрген отандастарын бір құдайға яғни Атонға табынуға шақырды. Бұл ежелгі өркениеттердегі монотеизмнің бастауы немесе бір Тәңірге бағынуға қарай талпынған алғашқы қадам болатын. Дінаралық түсінбеушіліктен бір Құдайға табынушылық елде тыныштық пен келісімді орнатып, ежелгі Египетті ең үздік патшалықтардың қатарына шығарды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369