Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3170 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 07:28

Айна Керім. Ауыл ғаламторда отыр

Қазіргі таңда қалада тұратын ағайынның күнін интернетсіз елестету мүмкін емес. Жұмыс күнін ғаламтор ақтарумен бастайтындардың көп екенін айтып бәстесуге болады. Шаруа алқымнан алып тұрса да, алдымен электронды поштамызды тексеріп, жаһанда бір түннің ішінде не өзгергенін білуге құмартып тұратынымыз да интернеттің құдыреттілігі болса керек. Азғантай уақыт аралығында-ақ бар әлемді «жаулаған» ғаламтордың қызығын енді қазақ ауылы да көре бастады.

Қазіргі таңда қалада тұратын ағайынның күнін интернетсіз елестету мүмкін емес. Жұмыс күнін ғаламтор ақтарумен бастайтындардың көп екенін айтып бәстесуге болады. Шаруа алқымнан алып тұрса да, алдымен электронды поштамызды тексеріп, жаһанда бір түннің ішінде не өзгергенін білуге құмартып тұратынымыз да интернеттің құдыреттілігі болса керек. Азғантай уақыт аралығында-ақ бар әлемді «жаулаған» ғаламтордың қызығын енді қазақ ауылы да көре бастады.

Ақтөбе облысынынан шалғайда жатқан аудандардың бірі - Байғанин. Әйгілі жыршының атын иемденген бұл аудан әуелден мал бағып күнелткендердің мекені. Кеңес Одағы кезінде еңбегімен дараланған шопандармен мақтанатын ауыл халқына интернет алғашында таңсық нәрсе болып көрінгені рас. Аудан орталығындағы 3 мектеп пен түрлі қызмет көрсету мекемелерінде ғана болған интернетпен қазір ауыл тұрғындарының барлығы дерлік таныс. «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамымен бірлескен Megaline қызметі 2007 жылдың мамыр айынан бері ауыл халқының бүкіләлемдік желіге қосылуына мүмкіндік жасап келеді. Аудан орталығы Қарауылкелдідегі 192 шаңырақ ғаламторды пайдалану «бақытын» сезініп жүр. Ата-ана алыстағы студент баласымен жылдам хабар алысқанына мәз, оқушылар іздегенін тез арада тауып беретін ақылды «ұстазға» дән риза. Өзгелер айға жол салып жатқанда, интернетті жаңадан игеру үстіндегі  біз үшін қарапайым қазақ ауылының бір қадам болса да алға басқаны керемет жаңалық екенін жоққа шығаруға болмайды. Бүгінде бүкіл ақпарат ғаламтор арқылы таралады. Ал, ақпаратқа иелік еткен адамның әлемге әмір жүргізетіні тағы бар. Ендеше, қазақ ауылының жаңалыққа бір табан  жақындағаны үшін қуану керек.

Жомарт Шәлиев, полиция қызметкері:

Әуелде интернет деген түсінікке  үрке қарайтынмын. Тіпті, алғашында компьютердің тінтуірін қолға қорқып алатын кездер болды. Бірақ, уақыт бәрін үйеретеді екен. Қарағандыда оқитын ұлыммен ғаламтор арқылы оп-оңай тілдесемін. Қайда, не істеп жүргенінен хабардар болып отырамын. Ауыл адамдарының көбісі қазір ғаламторды пайдаланады. Халық  білімді болып, озық техниканы меңгергенде ғана Қазақстан алға басады. Сондықтан, Отанымыздың бір бөлшегі - ауылымызға интернеттің келгені біз үшін үлкен қуаныш.

 

Санжар Рахат, оқушы:

Мен қазір 2 сыныпта білім алып жатырмын. Атам маған компьютер алып берді. Сабағымды орындап, үй тапсырмасын бітіргеннен кейін ғана менің компьютерге отыруыма рұқсат береді. Бұрындары мен тек ойын ойнайтынмын, ал қазір, үйге интернет қондырғасын түрлі сайттарды қараймын. Интернеттен мен жануарлар, әлемнің мемлекеттері туралы кітапта жоқ мәліметтерді тез тауып аламын. Сосын, суретін шығарып қоямын.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371