Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2966 0 пікір 19 Қаңтар, 2010 сағат 10:46

Елбасы қарашаның қасіретін арқалап жүрген қаламгермен кездесті

Бүгін елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан Астанаға ұшып кетті, деп хабарлады Kazakhstan Today ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапарының алдында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында еліміздің көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері, танымал жазушы, «Қарашаның қасіреті - менің қайғым» деп жүрген Софы Сматаевты қабылдады.

Ол кездесуде қандай әңгіме болғанынан бейхабармыз. Алайда Алматыда қысқа мерзімді демалыста болған президентіміз дәл бүгінгі күні ұлт зиялыларының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ұлт бірлігі доктринасына» балама жобасын ұсынып, халқымыздың талқысына салатынын білген болар деп шамалаймыз. Осыған байланысты болар, кезінде Қарағанды металлургия комбинатында, артынан партия орындарында бірге қызметтес болған замандасы Софы ағамызды ашық әңгімеге шақырған сыңайлы.

Бүгін елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан Астанаға ұшып кетті, деп хабарлады Kazakhstan Today ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапарының алдында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында еліміздің көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері, танымал жазушы, «Қарашаның қасіреті - менің қайғым» деп жүрген Софы Сматаевты қабылдады.

Ол кездесуде қандай әңгіме болғанынан бейхабармыз. Алайда Алматыда қысқа мерзімді демалыста болған президентіміз дәл бүгінгі күні ұлт зиялыларының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған «Ұлт бірлігі доктринасына» балама жобасын ұсынып, халқымыздың талқысына салатынын білген болар деп шамалаймыз. Осыған байланысты болар, кезінде Қарағанды металлургия комбинатында, артынан партия орындарында бірге қызметтес болған замандасы Софы ағамызды ашық әңгімеге шақырған сыңайлы.

«Дат» газетінде жарияланып, «Абай.қз» ақпараттық порталында көшірілген сұхбатында ағамыз: «Демократия бiзде, Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың ортасына дейiн болған. Демократтың демократы - сол кездерде Нұрсұлтан Назарбаев едi-ау. Алды кең, есiгi ашық, көңiлi дарқан-тын. Басқаны бiлмеймiн, мен өзiм елбасына сол күндерде жылына үш-төрт рет кiрiп, сөйлесiп, пiкiрлесiп, кеңесiп қайтатынмын» деген-тұғын. Соған қарағанда, өткен ғасырдың «сексенiншi жылдарында Компартияның Орталық Комитетiнде жетi-сегiз министрдi алдына шақыртып алып, қағып-сiлкетiн сектор меңгерушiсi» болған Софы Сматай ағамыздың қипақтап қалмағанына, елде орын алып жатқан жағдайлар, Доктрина төңірегінде болып жатқан тайталас хақында сұхбаттасқанына сеніміміз мол.

Біздің осындай зор сенімімізді «Жас Алаш» басылымына шыққан ақыннің төмендегі дастаны дәлел болса керек.

 

«Абай-ақпарат»

 

 

Софыян (Софы Сматаев)

 

 

Уай, Алашым! Жерiң - арың, киелiң!

I

Ей, ағайын!

Бiр ақының мен едiм.

Жақпай қапты кейбiрiңе өлеңiм.

Сұр жебенi бездiрiппiн беталды,

Бағыттамай кiрiсiне көбенiң.

 

Қарсы алдымнан атса-дағы аппақ күн,

Адасыппын тура жолды таппаппын.

Ақ сарайды, көк сарайды мадақтап,

Қолпаштаудың шиырын құр таптаппын.

 

Бiраз ағам екен маған өкпелi.

Осылай деп көп өкпенi төккенi.

Тас төбемнен табаныма жеткiзе,

Запыранын құя сапты өттегi.

 

Кейде ақынның анасы мен мынасы

Дұрыс шықпай көбейетiн "кiнәсi".

Ағалардың таққан мiнiн тiзейiн,

Ажырасын өсегiнен расы.

 

II

"Ақ үйлердiң есiгiнен сығалап,

Сасық жерге кiрердей боп сыналап

Жүресiң!" Деп ағаларым ұрсады,

Сұрамшақ һәм жыламсақ деп кiнәлап.

 

Төрелерге жолын тауып төтемнiң,

Әкiмдерге қол жаяды екенмiн.

Екi өкпемдi қолыма ұстап жүгiрiп,

Қиығына түспек боппын "көкемнiң"!

 

Жалыныппын жерге тастап намысты.

Жарамсақ боп бiтiрем деп бар iстi,

Қуып шығып көк бөрiнi кеудемнен,

Өлтiрiппiн өрлiк рухы - барысты.

 

Көз сатыппын билiктiге  төменнен,

Құр төмпештей бермесiн деп төбемнен.

Ерегiсте есе қумай, еңбектеп,

Тас iргемдi бөлектеппiн мен елден.

 

Өзiмшiл боп, өзектеске илiкпей,

Арсыздар мен арамдарға килiкпей,

Етiк сүйiп, етек жалап жылаппын,

Қойғаннан соң қолтығыма сый бүктей.

 

Асату жеп аш өзектi майлаппын.

Оң-солымнан шыға кептi жайнап күн.

Күрделiнiң күрмеуiнен ажырап,

Танытыппын пәс үлгiсiн жайдақтың.

 

Мықтылардың төңiректеп биiгiн,

Ұмытыппын жыр әуенiн, күй үнiн.

Тек өзiмдi жарылқаппын, ескермей

Өзгелердiң өзек жарған күйiгiн.

 

Тас төбемнен қылт еткенде жарық күн

Сүйек-саяқ салған ыдыс алыппын.

Табағыма талшық тамып түскен соң

Қабағына қарамаппын халықтың.

 

Ет пен терi iшiндегi желiктiң

Сүйреуiмен төрелерге ерiппiн.

Қорғаштаумен, қолпаштаумен билiктi

Елемеппiн кетсе-дағы сөнiп күн.

 

Асқақтаумен ағаларға жақпаппын.

Менменсiнiп, iнiлердi  таппаппын.

Өзектестi отқа ораған өрлердi,

Төрден де әрi көкке ұшыра мақтаппын.

 

Тап осылай аққа қара  жағыпты.

Жоқ кiнәнi көрмей, бiлмей таңыпты.

"елiм!" Дейтiн жүрегiмдi жаралап,

Ажыратпақ бопты менен халықты.

 

Ей, ағайын!

Еркiм, ырқым өзiңде.

Адалдықпен құрылсын тек тезiң де.

Қағып-сiлкiп, қайырып ал ақынды

Ерiп кетсем елжiретер сезiмге.

 

Бұл назым ғой өзiмсiнген әшейiн.

Жайдақ десең, жырдан жастық төсейiн.

"жарамсақ" боп туылған соң, амал не

Мықтыларды "мадақтауға" көшейiн.

 

III

 

Ей, адамзат!

Жетпей жатып көмбеге,

Биiгiңнен құлдилайсын сен неге?

Тұтқа болар жоғалтып ап тұлғаңды,

Не таппақсың айналғанда пендеге?

 

Болмыс өзi жаратса едi iрi ғып.

Ыстық қанды тасытпас па iрiлiк.

Адалдық пен әдiлдiктi қумас па

Нақ қазақтық қайсар намыс тiрiлiп!

 

Қайрамайсың неге кекпен жiгердi.

Неге үзбейсiң ойды тежер шiдердi.

Сен тығылсаң, мен бұғынсам бас бағып,

Кiм шығарар ұшпағына бұл елдi?

 

Зарды тыңдар, мұңды таныр құдай ма?

Ызыңдауың құдайға да ұнай ма.

Қойған   жоқ па ол аршу үшiн өз басын

Әкiмдердi айналдырып құдайға.

 

Көз жасыңды иер сенiң тәңiр ме?

Берiп қойса ол ерiк-ырқыңды әмiрге.

Ысқырғанда билiктiнiң бишiгi,

Тығылумен шаршадық қой әр iнге.

 

"қара жердi қарсы қойма аспанға!"

Деп ем кеше жерге табан басқанда.

Бүгiн жерден айрыларда табаным,

Аспанға да азу басам сасқанда.

 

\ежелден-ақ ел меншiгi -  жер едi.

Жер-жаны едi. Әнi, мәнi, қорегi.

Қанын төгiп қорғаған сол жерiне

Болмай қапты қазағыңның керегi.

 

Ханды тақтан түсiргендей ұшырып,

Жiберiптi алашымды ысырып.

Тұтас жердi тулақтай ғып туралап,

Әркiмге бiр бере бермек ұсынып.

 

Атылмайды атой салып үн неге?

Өгейленiп, айналдық па кiрмеге?

Топырақты уыстап ап сақтайық,

Қолымыздан келер болса бiрдеңе.

 

Кесiлген жоқ тұр көмейде тiлiмiз.

Қажытса да өлген жоқпыз, тiрiмiз.

Қазақы рухты қазақ ұлты бар әлi,

Күндесек те бiрiмiздi бiрiмiз.

 

Көк бөрi едiк жерде өсiрген көк ұлын.

Көк бөрiден жерiген соң көп ұлың

Өзгелерге орын берiп, киермiз

Ақш-тағы үндiлердiң кебiнiн.

 

Жерiң кетсе еншiсiнде өзгенiң,

Өзегiңдi өртеп құртар өз кебiң.

Тырқыратып қуып шығар елiңнен,

Ошап келiп орыс, қытай, өзбегiң.

 

Табылар ма, қазақ, сенi жоқтар үн.

Билiктiге қажет емес жоқ, барың.

Әкеледi сан миллион қытайды,

Берiлсе егер бiр миллион гектарың.

 

Жердi сатсақ жалмауыздай жұтынып,

Табар зауал, қабар елдi жұт ұлып.

Қаптап келiп, таптап өтер шүршiттiң

Өңешiнде өшер алаш жұтылып.

 

Бола алмасақ атажұртқа мықты еге,

Жалтақтаумен жарамаспыз түкке де.

Тауарихтан көшiп, өшiп кетермiз,

Ең ақыры  айнала алмай нүктеге.

 

Пендемiз бiз. Бола алмадық азамат.

Азаматын аңсап өткен қазақ-ақ.

Адам болсақ, санамызды шаң басқан

Кiр-қоқыстан алар ек-ау тазалап.

 

Тұтқа да емес, тұлға да емес, пендемiз.

Төре төрде. Бос тобырмыз өңгемiз.

Төрелерiм жұлмалайтын көкпар ғып,

Таласпаймыз қасиеттi жерге бiз.

 

Ермековтей 1 жоқ қой бүгiн тұтқа-адам,

Қазағының түп қазығын нықтаған.

Белгiлетiп алашының жер шебiн,

Лениннiң ызбарынан ықпаған!

 

Лас табанға кеудемiзбен төселiп,

Уыз сормай, безерген соң жас емiп,

"таз көсемге" тоқымдай жер бермеген

Туар ма екен тағы бiзден тәшенов? 2

 

Әттең бүгiн бұрынғыдан күй бөтен.

Сол өрлiктен бiздi қай күш тыйды екен?

Көкжелкеден қадалғанмен кремль

"ұлтым!" Деуден жаңылмаған димекең.

 

Уай, алашым! Жерiң-арың. Киелiң!

Сол жерiңе бүгiн ендi ие кiм?

"шаңырақтың" зары ертең зар болмас

Топырағыңа кiре алмаса сүйегiң.

 

IV

Уай, ағайын!

Менде де үмiт бар арман.

Өздерiңдей сүйек, еттен жаралғам.

Көп күдiкпен сескенгенде жүрегiм,

Қан аралас жас тамады жанардан.

 

Болмаса да шектен шыққан ештеңем,

Кей бейнеден кей-кейде мен сескенем.

Сұсты көздiң жебесiне қадалсам,

Қашып кетер ой-бойымнан сес деген.

 

Кеуденi ұрып жерiм жоқ ед мақтанған.

Күпiнуден, бос бөсуден сақтанғам.

Қара түннiң түрткiлеумен қойынын,

Жоғалтқанмын тапқанымды ақ таңнан.

 

Десе-дағы өр көкiрек: "еңкейме!"

Бүгiлемiн еркiмнен тыс мен кейде.

Ұялғаннан сипалаймын балақты,

Бикешке ұқсап иiлетiн шөлкейге.

 

Тiк қадалса, өңмендi осып бiр "мықты",

Жапақтаймын жасағандай ұрлықты.

Өңешiме өкiнiштi тығамын,

Өлтiре алмай өзектегi құлдықты.

 

Төрдегiде тұрмаса да тiрегiм,

Билiктiге бұрмаса да жүрегiм,

Төрдегi мен өрдегiден жасқанып,

Сескенетiн жағдайымды бiлемiн.

 

Сескентедi бұлт шақырар аспаны,

Заң-низамды аттап белден басқаны.

Тiстетерi қамшысымен тiлiңдi,

Тiлетiнi жүрегiңнен таспаны.

 

Сескентедi тойымсыз қу құлқыны.

Жетпейтiнi құлағына жұрт үнi.

Ай мен күндi шынымен-ақ қорқамын

Қылғып жұтып қоя ма деп бiр күнi.

 

Сескентедi оқшауланып кеткенi,

Құдайдай боп қол жетпейтiн көктегi.

Сен қуарсаң, қуанарлық әдетпен

Тыңдамауы өксiгi көп өкпеңдi.

 

Сескентедi түнерiп кеп төнгенi.

Жөнмен емес, желкелеумен жеңгенi.

Әдiлдiк пен адалдықты таптап кеп

Күштiлiк пен сестiлiкке сенгенi.

 

Сескентедi есебi жоқ байлығы.

Әдiлеттi алып соққан айбыны.

Панасызды алдап соққан қулығы,

Шарасыздың шырылдаған ай, күнi.

 

Сескентедi жүз қарыған ызғары.

Қабат-қабат сарайлары құздағы.

Сақалдарды тоқал болып сипайтын

Қандасымның қан жылайтын қыздары.

 

Сескентедi жер мен кендi сатқаны.

Ерлерiмнiң "өзiн өзi атқаны".

Жылан қылып шаққызып ап жүрмесек,

Қойнымызға кiргiзумен жатты әлi.

 

Сескентедi менсiнбеуi тiлiмдi,

Көмейлетiп шығармауы үнiмдi.

Сәл ышқынсам, ысқырып кеп нөкерлер

Келтегiмен қағып алар "жынымды".

 

Сескентедi әркiмдi бiр тапқаны,

Құл тiрлiктiң ұйығына батқаны.

Бiрде русьтiң артын тығып  қойнына,

Бiрде қытай қолын сүйiп жатқаны.

 

Сескентедi шеттетуi ақынды.

Сескентедi алыстату жақынды.

Қаламгердi қайыршы ғып тұқыртып,

Жоқ қылуы мүлде  қалам - ақымды.

 

Сескентедi елге есеп бермеуi.

Төрдегiнiң төменгiнi тергеуi.

Ауылдағы жабылғанын мектептiң

Министр мен әкiмдердiң "көрмеуi".

 

Сескентедi бассыздығы бастықтың.

Түсiнбеуi ораларын аштықтың.

Құр ақпармен алдап-сулап халықты,

Қар астында шiрiгенi астықтың.

 

Сескентедi қымбаттату дәрiнi,

Дәрiгерлердiң елемеуi кәрiнi.

Төрдегiнiң төбетiнiң ырылын,

Жеңе алмауы жалынышты зар үнi.

 

Сескентедi бағалардың өсуi.

Шарасыздық өңмендi оқтай тесуi.

Итке сүйек тастағандай мазақтап,

"зейнетақы көбейдi!" Деп бөсуi.

 

Сескентедi  доктрина дегенi -

Ұлттық тiл мен дiлдi матар көгенi.

Қазағыңның арғымағын басқа ұрып,

Өзгелердiң озсын деуi дөненi.

 

Сескентедi аузын буған зиялым.

Тоздырғаны топшы бұзар қияғын.

Данкодай боп алаулатпас жүрегiн,

Сүмiрейтiп алғаннан соң қиялын.

 

Сескентедi үлескердi "жеңгенi".

Ойылғаны күрескердiң еңбегi.

Доллар менен евроны  уыстап,

Көзге iлмеуi өзiмiздiк теңгенi.

 

Сескентедi қаптап кеткен "одағы".

Құтыртатын құйындатып доданы.

Мойнымызды қылғындырар  тұзағы

Жаңғыртқанда ескi-құсқы "моданы".

 

Сескентедi ресейдiң сми-ы,

Жаулап алған экранды  жын үйi.

Ести алмай қазақ әнiн қор болды

Ең болмаса әр ауданның мың үйi.

 

Сескентедi бодандықтың елесi.

Тiрiлер деп тағы сол бiр "немесi".

Шыбын жаным шырылдайды батыстан

Қара бұлттың көтерiлсе-ақ төбесi.

 

Сескентедi қандасымның сатқыны,

Былғанғанда ар, намыстың пәктiгi.

Серттен таяр ез тiрлiгi "ерiмнiң",

Естiлгенде билiктiнiң "тәттi үнi".

 

Сескентедi бұлаңдауы дос жанның,

Бүгiн саған, ертең "оған" қосқан мұң.

"ыңғайыңа бұрылдым ғой, берсеңшi!"

Деп төр жаққа алақанын тосқанның.

 

Сескентедi жiкшiлдiгi жұртымның,

Айтағына ерiп кетер қыртымның.

Жарбақтаумен, жалтақтаумен әркiмге,

Түсiрiп жүр қадiр, құнын ұлтымның.

 

Сескентедi сақтамауы қартымның

Бас иетiн қасиетiн халқымның.

Немеремен шүлдiрлесiп сөйлесiп,

Қашырғаны құдiретiн парқымның.

 

Селт етсiн деп билiкке көз сүзгендi,

Бұрар ма деп өз ұлтына жүздердi,

Жан ұшырсақ жариялап аштықты,

"есерсоқ!" Деп кiнәлайдыбiздердi.

 

Сескентедi аяр екi - жүздiлер,

Өсу үшiн өзге жүздi жүз тiлер.

"көрдiң бе?" Деп бұлғаңдатып құйрығын

"иесiнiң" көзiн аңдып үздiгер.

 

Сескентедi түп-тамырсыз жастарым.

Қайғырмайтын қан басса да аспанын.

Желтоқсандық құрдастарын бiлмейдi-ау,

"азаттық!" Деп құрбан еткен бастарын.

 

Сескентедi өңшең өгей көрдемше,

Озбырлығы тойғызбайтын өлгенше.

Тыйылмайды, жиылмайды айылы,

Елбасыдан бiр зекiру келгенше.

 

V

Ей, адамзат!

Сақта әдет, ғұрпыңды.

Салт-дәстүрiң қорғай алар ұлтыңды.

Қазақы үнiң көмейiңе көмiлер,

"Үш тұғырмен" матап қойсаң бiр тiлдi.

 

Жойғызғанша дiлiң менен тiлiңдi,

"анам!" Дейтiн шығармасаң үнiңдi,

Қара жердi қақ айырып, қабiр ғып,

Құлатсаңшы көктен жарық күнiңдi.

 

Тiлiң, алаш! Қасиетiң, киелiң!

Тiлiң өшсе, саудырар құр сүйегiң.

Тiлсiз, үнсiз ұлт болам деп жер басып,

Алданумен қышымасын иегiң.

 

Жақтамасаң өз ұлтыңның мүддесiн,

Тау, далаңа шұбырт тағы жұт көшiн.

Босағадан сығалаған халқыңды

Келiмсектер тақымға сап бүктесiн.

 

Ей, адамзат!

Қабы болсаң қайғының,

Бұлт бүркенген жарқырай ма ай, күнiң.

Талпынбасаң, шарқ ұрмасаң белсенiп,

Оралмайды жатқа кеткен байлығың.

 

Ұқсақ мұңды, шықсаңшы бiр белсенiп,

Еретiндей өрлiгiңе ел сенiп.

Мәңгүрттенiп жата берсең үреймен,

Кетсiн онда ұлтың, жұртың өлсе өлiп ...

 

Ал әйтпесе намысқа қыз, бас кекке,

Тұлпарға мiн, тақым баспа мәстекке.

Ер түрiктiң көзден ұшқан от-шоғын

Жұлдыз болып жанып тұрсын, шаш көкке!

 

"қазақ" дейтiн жойып алсақ бiз атты,

Ор қылармыз жүректегi сызатты.

Қыл өңешке қылғындырып салармыз,

"қазақстан ұлты" деген тұзақты.

 

"Ел бiрлiгi" - бiрлiк емес, iрiткi,

Татулықты тоз-тоз етер түрiткi.

Арды, жанды тiрiлте алмай жүрермiз,

Тiрiдей-ақ өлтiрiп ап бiр ұлтты.

 

Аспан, жердi алып кетiп азалы үн,

Тартар далаң тауқыметтiң азабын.

Мәңгүрттiктiң кебiнiне оранар,

Көп қырғыннан аман қалғанқазағың.

 

Сiмiргенмен шердi кеудең, мұңды iшiң,

Жақ жазбайды аузын ашып құл мүсiн.

Көрсетемiз аяр батыс, шығысқа

Көнбiстiктiң бас көтермес үлгiсiн.

 

Қанағатсыз көзi тоймас әдетпен,

Өзге жұрттың мол сыйлығын дәметкен,

Биiктегi ел ағасы - дәулерге

Қара тастай қатып қалған бар өкпем.

 

Өзгелердiң көмейiне тас тыға,

Алтын қылу көзден аққан жасты да,

Ұзатпайды, таразыға тартады,

Басқызбастан бар байлықты астыға.

 

Бұл тiрлiкте ешнәрсе жоқ өмiрлiк,

Қойғаныңмен адамды хақ,тәңiр ғып.

Жоқтан барды iздеп, ардан аттасақ,

Илер тағдыр бәрiмiздi қамыр ғып.

 

"адам-тәңiр" дейтiн бүгiн күйдi ұғым.

Алла ғана орындар өз бұйрығын.

Қажет болса бiр қазақтың алуы,

Мен аламын нобельдiң сол сыйлығын.

 

Қайтем бiрақ, "сыбағасын" өзгенiң.

Халқың ғана  жарылқайды - сезгенiм.

Менен асар бақытты жан болмайды,

Ел демiмен араласса өз демiм!

 

Қаным ойнап, жүрек жанып, күйiп дем,

Шықса даусым биiк, биiк биiктен,

Жер аспанмен, аспан жермен қауышып,

Жан қалмас ед арылмаған күйiктен.

 

Жақсылыққа, жақсы үмiтке сенейiк,

Жоқшылықты қол ұстасып жеңейiк.

Мүйiз шықса, жеке-жеке жүрдiк қой,

Ынтымаққа келейiкшi көбейiп.

 

Vi

Уай, ағайын! Бiлем бiраз ашылдым.

Көп ойымды жинай алмай шашылдым.

Дос iздеймiн жан жарасын жазарлық,

Көбейген соң сұраушылар: "қасың кiм?"

 

Не жетушi ед бәрiн танып, бiлгенге.

Кеудемiзде жатыр түнеп құл пенде.

Таспен ұрмай, қор болумен келемiз,

Сүйек тастап, тұс-тұсыңнан үргенге.

 

Болмайықшы жалпақшешей ешкiмге,

Жоғалмасын  есе бермес ес мүлде.

Өз дәмiңдi өзгелерге жегiзбес

Қажетi бар кейде қайрат, сестiң де.

 

Алмайықшы ерте күндi кеш қып тым.

Батып кетер байқаусызда өстiп күн.

Шын бiрлiктiң айқара ашып құшағын,

Аялайық алақанын достықтың.

 

Бiз - қазақпыз! Барлық ұлтпен бiргемiз.

Тату-тәттi бұзылмайды iргемiз.

Босағадан сығалатам демесiн,

Тасыраңдап төрге ұмтылған кiрмемiз.

 

Жалғыз үндi жығып бермей әр үнге,

Сиынғандай сенiп құран кәрiмге,

Тiлiмiздi құрмет тұтып, үйренсе,

Кешiремiз бәрiн, бәрiн, бәрiн де.

 

Тұқыртудан қашып жүр ғой мазамыз,

Ал өзiмiз тұқыртудан тазамыз.

Ақ жарылар ұлт жүрегiн ұғынса,

Ұлт бiрлiгiн жанымызбен жазамыз.

 

Көлгiрсу мен көз бояуға  сенбеймiз.

Ұлт мүддесiн таптатуға көнбеймiз.

Дүр сiлкiндiк мәңгүрттiктен арылып,

Ендi ешкiмге еркiмiздi бермеймiз!

 

Қазақ бастап ұлы көшiн бар ұлттың,

Танытамыз алыптығын халықтың.

Ел тiзгiнiн ұстатпаспыз басқаға,

Төбемiзде тұрсын десек жарық күн.

 

Сақа қойып бүгiнгi жас кенейдi,

Тасытамыз, асырамыз мерейдi.

Қондырамыз жүректегi тұғырға,

Ұлы хандар - жәнiбектi,керейдi.

 

Толу үшiн шын жұмаққа жер үстi,

Бүтiндеймiз ашық, тесiк, кемiстi.

Елге, жерге, кенге өзiмiз ие боп,

Бiз тойлаймыз жемiсi мол  жеңiстi.

 

Уай, алашым!

Мадақтарым сен ғана.

Сенем саған, сиынғандай аллаға.

Аянбасаң, перзентiм деп аялар,

Шалқар көлiң, биiк тау мен кең дала.

 

Асыл жұртым, асқақ ұлтым, қазағым -

Тұнып тұрған сен мендегi таза мұң.

Сиынарым, сүйенерiм мәңгiлiк,

Әсем тiлдi, әуездi үндi ғажабым!

 

Софыян (Софы Сматаев)

«Жас Алаш» газеті

0 пікір