Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5346 0 пікір 30 Қаңтар, 2010 сағат 06:43

Қырғызстан үкіметі малдарды «жеке куәліктермен» қамтамасыз етіп және жазатайым оқиғалардан сақтандырмақшы

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ- Қырғызстан үкіметі малдарды «жеке куәліктермен» қамтамасыз етіп және жазатайым оқиғалардан сақтандырмақшы, деп хабарлайды «Ферғана.ру». 

ҚР бірінші вице-премьері Ақылбек Жапаров, 29-шы қаңтарда жогорку кенештің (парламентте) алқа отырысында сөйлеген сөзінде, үкімет малдарды идентификациялау жөнінде заң жобасын жасақтап шығарғанын жеткізді.

«Біз әр қойға төлқұжат жасауға дайынбыз. Яғни ол туылғаннан бастап, қасапханаға жеткенше лазерлік сканирлеу арқылы оның тегін білуге болады», - деп мәлімдеді А. Жапаров.

Одан басқа, ветеринарлық талаптарды орындау үшін үкімет жақында малдарды бруцеллез, оба, түйнеме сияқты аурулардан міндетті сақтандыру туралы заң жобасын енгізбекші, себебі соңғы кездері әр түрлі кеселдердің малдардан адамдарға жұғу оқиғалары жиілеп кетті.

Малдарды сақтандыру көптеген елдерде бар, бірақ ең дамығаны АҚШ-та. Бұл елде малдарға деген қызметтің әр түрі бар. Олардың ішінде жазатайым оқиғалардан сақтандырудан бастап, дәстүрлі және халық емін көрсету, үйшігін санитарлық өңдеуден өткізу және тіпті эвтаназия (қиналып жатқан жазылмайтын ауру малды уколмен өлтіру - ҚазТАГ) қызметі де бар.

Ресейде бұл бағыт дамып келеді. Онда тек үй жануарлары (мысық, күшік, ит, т.б.) ғана емес, малдарды да сақтандыруға болады. Сақтандыру мөлшері тәуекел түрлеріне қарай, малдың жасына, түріне, күтім жағдайына, өңірлерге қарай әртүрлі. Ең арзаны – ірі қара мал мен шошқа. Сақтандырудың ең жоғарғы тарифтері  - бал арасында. Егер үй түліктері өлген жағдайда сақтандырушы оның толық бағасын өндіріп алса, мал өлген жағдайда, оған деген төлем, мал етінің сатылған құнын алып тастап беріледі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963