Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 8 Ақпан, 2010 сағат 10:28

Қазаққа жат, сүйекке таңба.

(Еркін Рақышевтің фильмдері туралы)

Жуырда «Жаралы сезім», «Жетімдер» фильмінің авторы Еркін Рақышев деген азамат бір газет бетінде берген сұхбатында өз фильмдерін мақтап, бірді-екілі сыни пікір айтқан бір режиссерді жерден алып, жерге салыпты. Тіпті өзін жазықсыз жапа шеккен суреткер (тіпті - қайраткер) ретінде көрсетіп «олар мені көре алмайды, жалғыз бетіме басатын міндері -  оқымағандығым» дейді. Өзінің режиссерлік білімі жоқтығын меңзейтін болуы керек. Бұл кісінің біраз көсілуіне мүмкіндік берген журналист те оны «әуесқой режиссер» деп атап беріпті. Еркін Рақышев оған шамданбайтын сияқты.

Ерекең қызды-қыздымен осы күні баспасөзде тенденцияға айналып кеткен кино туралы жаттанды, сыңаржақ пікірді қыздырып, лаулата түседі. Ол пікірі «егер шет елден сыйлық алғың келсе, туған халқыңды сорлы қылып көрсет» дегенге саяды.

Егер оның өз логикасына салатын болсақ, онда Еркін Рақышевтің өзін әбден қазаққа қарсы, оған нәлет айтып жүрген режиссердің қатарына жатқызуға болмас па екен? Ол өз фильмдерінде қазақ қыздарын үнемі ышқыры бос, жеңіл жүрісті бойжеткендер кейпінде көрсетеді. Рақышев фильмдерінде қаракөз қарындастарымыз үнемі ауылдан бес қадам аттап шықса болды - жүкті боп шыға келеді. Жолдан, көшеден бала табады. Ылғи бір тексіз қыздар! Әйтеуір қалаға барған бетте, автобустан түсе сала адасады, алданады, ақыры - аяғы ауыр боп ауылына қайтады. Сонда не, бүкіл қазақ қыздары сондай көргенсіз, көзсіз, алды-артын ойламайтын алаңғасар ақымақ па? Бұл, жалпы, қазақ халқына күйе жағу, көлеңке түсіру емес пе? Барлық кинотуындыларында қазақтарды бір қатігез, тасбауыр, ішкіш етіп бейнелейді. Қазақ қашан жетім-жесірлерін сыртқа теуіп еді, қашан қазақ өз бауырынан бас тартып еді! Бұл дегенініз барып тұрған жала, нақақ кінә емес пе?! Әрине, пәлесі жұқпасын, жаласы тимесін дейміз.

Рақышевтің фильмдерін көріп отырып қазақ деген бір имансыз жұрт па деп қаласың. Жетімін қаңғытып жібереді, қыздарын тыя алмайды, ұлдарын аяр, опасыз, ішкіш, тоғышар қылады, аңдығаны етекті, төсектен кейін жауапкершіліктен ат-тоңын ала қашады, тәртіп жоқ, тәрбие жоқ, фильмдері толған азғындар, қашып-пысқандар, молая келе бүкіл кадрларды жын қаптайды, ұлдары - Ібіліс, қыздары - шайтан болады! Сонда халықтың болашағы қайда, арман-мұраты қайда, ертеңін, келешегін кім ойлайды, ағаның сиқы анау - төсекқұмар, ойлағаны нәпсі, айнала толған жау, дұшпан, қол созатын біреу жоқ, ылғи бір «подоноктардан» тұратын болашағы жоқ қасиетсіз халық! Махаббат деген ұлы сезімге лайық емес, адал жар, айнымас дос таппаған, өмірде шапағаты, тұрмыста жарасымы жоқ, бос кеуде, үмітсіз, арсыз, санасыз жұрт! Жақсылық көрмеген, өмірі жарымаған, басы құралмаған, бейсауат босқан, қаңғып анда бір, мында бір көшіп, ауып жүрген, жақсыдан күдерін үзген ұшпана жастар... Еркін Рақышевтің фильмдеріндегі қазақ осы! Бұл не масқара?!

Фильмдердің көркемділік, кәсіби спасының құлдыраған денгейін былай қойғанда, бұл не деген бейбастық. Өз елін, ұлтын осыншама қорлауға оған кім рұқсат берді, кім септесіп жүрген?

Медет Құныпияұлы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394